Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі деп – сертификаттау саласында өзіне тән компетенциясы жаңа нормативті құжаттар бойынша Қазақстан Республикасында сертификаттау және аккредитация бойынша жұмыстарын жүргізу тәртібін бекітуге арналған мемлекеттік басқару, сенімді және заңды адамдар бас қосуын айтады. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында біртұтас саясатты жүргізуді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен сынау зертханасына қойылатын талаптарды және оларды аккредитациялау процедураларын сертификация бойынша эксперт-аудиторларды дайындау мен аттестациялауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сертификаттау жүйесін мемлекеттік реестрлеу, аудит пен инспекциялық бақылау, сертификаттау мақсаттарын іске асыруға арналған басқа да талаптарды бекітуге арналған.
Сертификаттау заңдары Қазақстан Республикасының сертификаттау және басқа да нормативтік-құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңдарынан тұрады. Қазақстан Республикасы экономикасындағы өзгерістерді есепке алу негізінде 1999 жылы ҚР Стандарттау және сертификаттау заңының орнына Халықаралық заңдарға негізделген 2003 ж. 10 маусымда жаңарған және қосымша енгізілген ҚР Сертификаттау туралы заңы қабылданды. Заңда сертификаттау мақсаты, сертификаттау ұлттық органы анықталған және оның әрекеттерінің негізгі бағыты берілген. Қазақстан Республикасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезде жалпы қолдану бар 100-ден астам нормативті құжаттар жұмыс істейді.