Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың тарихы. ҚР сер

Сертификаттау қазіргі заманда көп елдерде нарық және сапа мемлекеттік менеджменттің маңызды элементтерінің бірі – ішкі және сыртқы нарық біздің өнімдер мен қызметтердің міндетті түрде бәсекеге түсу жағдайына байланысты.
1991 ж. Қазақстан Республикасында «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң қабылданды. Сондықтан біздің елде 1993 жылы өнім мен қызмет сапасын бағалау жүйесі қабылданды.
Қазақстанда мемлекеттік сертификаттаудың дамуы 1993 жылы 18 қаңтарда стандарттау және сертификаттау заңын қабылдаудан басталды. Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің № 411, 1993 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасында міндетті түрде өнімдерді сертификаттауды кезең кезеңмен енгізу» қаулысымен міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер тізімдері анықталды. Бұл қаулы бойынша бақылау отандық және шет мемлекеттік өнімдерді сертификатсыз ішкі нарыққа рыноққа сатуға болмайды. Бұл қаулы орнына 1997 жылы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы үкіметінің «Стандартар немесе нормативті құжаттардың міндетті талаптарын, оның өмірге, адамдар денсаулығына, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сәйкестілікке міндетті сертификаттаудан өтетін өнімдер тізімін бекіту туралы» № 1112 қаулысы қабылданды. Қазіргі кезде Республикада Мемлекеттік Сертификаттау жүйесінің дамуына жақсы жағдай жасалған.
Сертификаттау жүйесі – жүйеде бекітілген, сертификаттау ережелері бойынша іске асырылатын сертификаттауға қатысатындардың жиыны. Сертификаттау жүйесінің сертификаттау жұмыстарын жүргізуге арналған ережелері мен басқару процедуралары бар. Сертификаттау жүйесі ұлттық, мемлекетаралық және халықаралық деңгейде құрылады.