Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мен принциптері

Сертификаттау- сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім;Сертификаттау – латыншадан дұрыс жасау деген мағынаны білдіреді.Өмір цикліндегі тізбекте өнім жасаушы «бірінші жаққа» жатады да, ал өзінің шығанған өнімінің жақсы және тұтынушының барлық талаптарына сай деп санайды. «Екінші жаққа» тұтынушы жатады. Ол жақсы өнім сатып алғысы келеді. «Үшінші жақ» арбитр, ол өнім шығарушы мен тұтынушыға ешқандай байланысы жоқ мүше.ҚР-ның сертификаттау заңына сәйкес сертификаттаудың мақсаттарына:
-Өнім шығарушының өнімді дұрыс шығармауынан қорғау (жасаушы мен сатушы);
-Өнімнің қоршаған ортаға, адам өміріне, денсаулығына әсерінің қауіпсіздігін бақылау, шығарушының айтуынша өмірінің сапа көрсеткіштерін анықтау.
-Өнім мен қызметтің сапасы жайындағы тұтынушылардың қызығушылығын қорғау;
-Саудадағы техникалық кедергілерді жою, ішкі және сыртқы нарықтағы өнім мен қызметтің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
Сертификаттау міндетті түрде не өз еркімен жүргізілуі мүмкін
Ал негізгі қағидаларына:
-Сертификаттаудың заңды негізі
-Сертификаттау жүйесінің анықтылығы
-Сертификаттаудың нормативті құжаттарының халықаралық нормалармен,ережелермен үйлесімділігі
-Сертификаттау органдары мен сынақ зертханасының өнім шығарушылар мен тұтынушыларға бағынышты еместігі
-Бір мезгілдегі мағлұматтардың ашықтығы ж-е жабықтығы
-Дискриминацияны болдырмау
-Сынақты өткізу мамандандырылған болуы
-Шағымданушының сәйкестікті растау органын таңдау құқысы өз еркінде болуы.