Сертификаттау мағынасы және негізгі ұғымдары

Сертификаттау-сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсім;Сертификаттау – латыншадан дұрыс жасау деген мағынаны білдіреді.Өмір цикліндегі тізбекте өнім жасаушы «бірінші жаққа» жатады да, ал өзінің шығанған өнімінің жақсы және тұтынушының барлық талаптарына сай деп санайды. «Екінші жаққа» тұтынушы жатады. Ол жақсы өнім сатып алғысы келеді. «Үшінші жақ» арбитр, ол өнім шығарушы мен тұтынушыға ешқандай байланысы жоқ мүше. Сертификаттау міндетті түрде не өз еркімен жүргізілуі мүмкін. Сертификаттау көптеген елдерде нарықтық және мемлекеттік сапа менеджментінің маңызды элементі болып саналады, сонымен қатар ішкі және сыртқы нарықта өнім мен қызметтің бәсекеге қабілеттілігінің міндетті шарты болып саналады.Осыған байланысты біздің ел 1993 жылы өнім мен қызметтің сапасына бағалау жүйесі мен жоғарғы деңгейдегі сапаның қауіпсіздік кепілдігінің жүйесін қабылдады.Сертификаттау объектісіне: өнімдер,қызметтер, үрдістер,жұмыстар ж-е сапа жүйесі жатады. Өнім- процестің не қызметтің нәтижесі.Қызмет- тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, нәтижелері материалдық сипатқа ие емес қызмет. Сапа жүйесі- тұтынушыға тұрақты жоғары сапалы өнімдерімен қамтамасыз етуге қажетті ұйымдастырушылық ж-е техникалық шаралар жинағы ж-е оның стандарттар мен келісімдер талаптарына сәйкестілігі.