Массагеттен мәзір: Балық сорпасы
Балық ағзаға аса пайдалы тағамдардың бірі, құрамы дәруменге бай. Балық сорпасын ішкіңіз келді, үйде балық жоқ. Қарапайым балық бағасы қымбат. Не істеуге болады? Консервідегі балықты алыңыз да, сорпа жасап ішіңіз. Дәмі әдеттегі балық сорпасынан бір кем түспейтініне күмәніңіз болмасын. Ал оның дайындалу жолын осы материалда көрсетеміз.
Қажетті азық-түліктер:
- 1 кесе күріш;
- 1 пияз;
- 2 сәбіш;
- 3 картоп;
- 1 консервідегі балық.
Күрішті жақсылап тазалап, жуып аламыз. Қазанға су қайнатып, күрішті салып жібереміз.
Пиязды ұсақтап тураймыз.
Сәбізді ұсақ төртбұрышты етіп тураймыз.
Табаға аз ғана өсімдік майын құйып, қызған соң, пияз бен және сәбізді салып, қызарғанша қуырамыз. Содан соң қазанға күріштің үстіне салып жібереміз. Оттың астын баяулатып қойыңыз.
Картопты ірі етіп турап, қазанға саламыз.
Картоп пісіп қалған кезде кез келген майсыз және томатсыз балық консервісін сорпаға салып, жақсылап араластырыңыз. 10-15 минут шамасында баяу отта қайнатыңыз.
Балық сорпасы дайын. Астарыңыз дәмді болсын!