Тәуелсіздік күніне арналған ашық сабақ

Кіріспе бөлім. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
III. Негізгі бөлім. 1 - жүргізуші. Армысыздар құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар!
Қандай ғажап ажарлы, аса көркем,
Қазақстан - арайлы туған өлкем.
Тереземіз тең бүгін басқа елдермен,
Өсе берсін ұл - қызың жайып өркен.
Бүгінгі «Біздің Отанымыз – Қазақстан!»атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
2 - жүргізуші. Елім менің! Бұл өз үйіңнің табалдырығыңнан басталады. Содан шетсіз, шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, кеудеңе құйылған мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары, осының бәрі - туған елдің бір бөлшегі.
1 - жүргізуші. Біздің атамекеніміз, қазақ даласы – бабаларымыздың ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұрасы.
2 - жүргізуші. Құрметті көрермендер! Қазақстан Мемлекеті туралы бейне сюжетке назар аударайық. ( интерактивті тақтадан сюжетті көрініс.)
1 - оқушы.
Қазақ елі – қашаннан да жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан,
Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.

2 - оқушы
Бір - бірімен тату - тәтті тұрады,
Бәрінің де Қазақстан тұрағы.
Туған жерге тебіренген сәттер
Ағылады өлең - жырдың бұлағы.

3 - оқушы.
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен – бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.
Алатау, Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
Әр ұлт өкілдері сол ұлттың тілінде «Отан, достық, бейбітшілік» сөздерін айтып, тақпақ
айтып, би билеп өнерлерін көрсетеді.

1 - Қазақ
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілім
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Республика! Ерікті ел – Қазақстан,
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Қазақ биі.

2 - Орыс.
Неткен байтақ қазақ жері, кең еді,
Жетпес оған еш ақынның теңеуі,
Кең пейілдік, дарқандыққа жасымнан
Баурап еді баласындай мені елі.
Орыс биі.

3 - Тәжік.
Отан деген – атамекен,
Отан деген - туған жер.
Отан - ана,
Отан - үлкен
Қазақстан - туған ел!

4 - Эстон.
Көк туды асқақ көтерген,
Елді мақтан етем мен!
Терезесі тең,
Алыс, жақын шетелмен.

5 - грузин
Кішіпейіл, қарапайым, қазағым,
Атақ, даңқың аударса әлем назарын.
Қуанышың ортақ маған, ер елім,
Сенсің байтақ, сенсің бақыт – базарым. Грузин биі.

6 - Молдавия.
Қазақстан, Гүлстан,
Ғажапстан, Күнстан.
Жеттім менде мұратыма аңсаған,
Қарыздармын, Бас иемін мен саған.

7 - литва
Дүрілдетіп өңірді
Дүрілдесіп дүлділі
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл күні

8 - қырғыз.
Желбіреп көкке байрағы,
Артта қап тартқан азабың.
Аман боп ауыл аймағым,
Айбарың ассын қазағым.

9 - Өзбек.
Бір - бірімен тату – тәтті тұрады,
Бәрінің де Қазақстан тұрағы.
Туған жерге тебіренген сәттерде,
Ағылады өлең – жырдың бұлағы. Өзбек биі.

10 - латыш. Осынау дархан жүректе, кең жазира көңілді, ақын жанды халықтың Отандасы
болғаныма қуанамын да мақтанамын.

11 - Азербайжан
Іші – алтын, Сырты - нұр.
Бұзылмаған шырқы бір
Ұлы достық мекені - Қазақстан жұрты бұл!
12 - Ұйғыр. Шыным осы, сырым осы, ағайын,
Жоқ теңеуді қайдан іздеп табайын.
Ұйғыр – қазақ үлкен үйі сен болсаң,
Мен - ақ сенің кіші отауың болайын. Ұйғыр биі.

13 - белорус. Асқар тауым - Қазақстан
Әсем әнім – Астанам
Қазақстан - Отаным деп
Әрқашан да мақтанам

14 - Армян. Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос, бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз.
3 - оқушы
Ашық болсын күніміз,
Жарқырасын нұрымыз.
Бай тұлғалы өңірде
Айтылсын жыр – әніміз.
Хор: «Жаса Қазақстан»
4 - оқушы.
Тәуелсіздік – тірлігімнің айғағы,
Татулығым – бірлігімнің айғағы.
Сөгілмесе еліміздің іргесі,
Әлде де бар ұрпағымның арманы.
5 - оқушы.
Бейбіт өмір тілеймін халқыма,
Туған тілім шұбарланба, жарқыра!
Тарихымда таланттылар көбейсін,
Бас иемін ата - баба рухына!
Көрініс.
Хормен: Біз бейбіт өмірде Қазақ мемлекетін гүлдендіретін мақсат – мұраты бір
ұрпақтарымыз!
6 - оқушы
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, Асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Отан, Отан бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
7 - оқушы.
Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
8 - оқушы
Ал екінші бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
7 - оқушы.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Кім мықты десе біреу Отан дер ем.
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай - ақ кел дағы от ал менен.
Хор: «Отаным Қазақстан»
1 - жүргізуші.
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік өткен өмір өрінен.
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге егемендік көзімен
2 - жүргізуші.
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егеменді ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
1 - жүргізуші.
Азат өлкем күндей күліп шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата - бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Хор:«Атамекен» әні орындалады.
IV. Қорытынды.