Педагогика пәнінен емтихан сұрақтарының жауаптары
Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі ролі
Бүгінгі таңда педагогика ғылымының алатын орны ерекше. Педагогика — «пайдагогос» деген сөзінен шыққан («пайдо» — бала, «гогос, аго» — жетектеу), яғни, тікелей аудармасы «бала жетектеуші» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминнің шығу себебі Ежелгі Грекияда өзінің қожайынының баласын қолынан жетектеп жүріп қажетті өмір сүру іс-əрекеттеріне үйретуге жалданған жəне оны мектепке апаратын құлды педагог деп атаған. Бірте-бірте бала тəрбиесіне қатысты білімдердің жинақталуы ерекше сала ретінде педагогика ғылымының пайда болуына əсерін тигізді.
Педагогика ұғым ретінде бала жетектеу деп аударылатын болса да, мəні бойынша қазіргі кезде адам тəрбиесі жайлы ғылым болып табылады. Себебі алғашында ғылым ретінде тек бала тəрбиесіне қатысты мəселелерді қарастырғанмен, қазір ол жас кезеңдеріне сəйкес жалпы адам тəрбиесі туралы зерттейді.
Педагогика ғылымының тəрбие туралы күнделікті тұрмыстық білімдерден айырмашылығы – тəрбие, білім беру салалары мен құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланыстарын ашу. Оқыту мен тəрбие ықпалдары арқылы адам дамуында қандай өзгерістер жүреді жəне олар немен байланысты екендігін түсіндіреді.
Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогика ғылымының орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, ол педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.
Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы (дифференциялануы) белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциялануға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді.
Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика — тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың, іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту психологиялық білімдерсіз мүмкін емес.
Педагогика ол ағзаның материалды-энергиялық түрлілігін ашып көрсететін физиологияға, соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс-әрекет және тұлғаньщ әлеуметтену процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогиканың социологиямен (әлеуметтанумен) жан-жакты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын (әлеуметтік жай, топ және т.б.) ғылым болып табылады. Міне осыдан, педагогиканың социологияның білім социологиясы, студенттер социологиясы және т.б. тарауларына деген қызығушылығы туған.
Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар кұбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіңдіруге мүмкін болады.
Педагогика жеке пән (дисциплина) ретінде философия жөне оның салалары — білім беру фиолософиясы, ғылымдар философиясының, мәдениет философиясының және т.б. жетістіктеріне сай терең ұғыну нәтижесінде дамиды. Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблемаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға — тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологияға және т.б. таралады.
Жоғары білім педагогикасы ұғымының иағынасын ашыңыз
Еліміз егемендігін алып, мәртебеміздің жоғарлануға бағытталған шағында жас ұрпақ тәрбиесіне барынша аландау, білім беру сапасын жоғарлату қазіргі өмір талабы болып отыр. Осыған орай педагогикалық парадигмалардың жаңару жағдайында болашақ педагоктарды даярлау саласына көптеген өзгешеліктер енгізуде. Жоғарғы білім беру стандарттарының мазмұны қайта қарастырылып, үздіксіз білім беру бағытында «Қазақстан Республикасының жаңа формациялы педагогына үздіксіз білім беру тұжырымдасы», «Қазақстан республикасының жоғарығы педагогикалық білім беру тұжырымдасы» жасалған. Орта білім беру саласындағыдай кәсіптік білім беру саласында да жаңа буын оқулықтары, оқу құралдары, оқу бағдарламалары жазылуда. Ақпараттық заманның тез өзгеруіне байланысты жоғарғы оқу орындарындағы оқулықтардың да мазмұндарың жиі жаңартуда қажет етеді.
Болашақ мұғалімдерді даярлауда арнайы пәндермен қатар әлеуметтік – гуманитарлық пәндердің де алатын орны ерекше. Ал тікелей ұстаздыққа байланысты білімдермен қаруландырытын және прпктика жүзінде іскерлік пен дағдыларын қалыптастыратын педагогикалық пәндердің маңызы зор.
Мақсаты – студенттерді «жаһандану» феноменімен, оның еліміздің білім беру жүйесіндегі орнымен таныстыру.
Жаһандану үдерісі білім беру саласына да енеді. Адамның өз іс-әрекеттерінен туындаған қоғамдық тұрмыс өзгерістерінен заманауи адам құзіреттілігінің даму қарқынының қалыс қалуы білім беру саласын ұйымдастыруға қоғам мойындаған жаңа амалдарды талап етеді. Мысалы, Болон декларациясы білім беру үдерісіндегі жаһандану үдерісінің дамуын дәлелдейді және білім беру саласы ұйымдастырушыларының іс-әрекетін оның дамуының жалпыға ортақ заңдылықтарына сәйкес үйлестіру амалы болып табылады.
Білім беруді жаһандандыру – жалпыға ортақ заңдардың білім беру қызметінің саласына әрекет етуінің обьективті үдерісі
Педагогика пәннің негізгі міндеттері:
— қазіргі дүниежүзілік білім беру кесенесінде білім берудің әлеуметтік- эканомикалық мәнін ашып көрсету;
— мұғалімдік кәсіпті меңгеруге деген жағымды ынтаны қалыптастыру;
— студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекеттерінің шығармашылық сипатына саналы түрде мүмкіндік туғызу;
— әр студенттің мұғалімдік сапасын дербес қалыптастыруға, өздерін өздері шыңдап іске асыруға жағдай жасау.
Педагогикалық мамандыққа даярлауда студеттердің жеке тұлға ретінде өсуі, жан-жақты дамуы байқалады, себебі олар басқаларға тәрбие беру үшін ең алдымен өздері тәрбиелі болуға тиісті. «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» сабақтарында студенттерге теориялық білімдерді меңгерумен қатар түрлі треинингтер мен саулнамалар арқылы өздерін болашақ маман ретінде зерттеуге үйрету көзделеді.
Педагог кәсібімен айналысатын адам үнемі бақылау үстінде болатыны анық.
ҚР Жоғары білім беру жүйесінің қазіргі талабын негіздеңіз.
Қазақстан Республикасы дүниежүзілік қауымдастықпен нарықтық экономикалы ел деп танылып отыр. Тәуелсіздіктің қысқа жылдары аралығында мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықпен кіріге отырып, экономикалық өсудің жоғары қарқынымен ерекшеленді. Осыған байланысты, қоғамдық даму деңгейінің, экономикалық қуаттылықтың және елдің ұлттық қауіпсіздігінің белгісі ретіндегі адами ресурстардың, білім беру жүйесінің рөлі мен маңыздылығы артады. Білім — әлемдегі өркениетті дамыған елдердің барлығында дерлік дамудың негізгі көрсеткіші мен негізгі басыңқы бағыты болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен тұрды: 1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар); 2 кезең – жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар); 3 кезең – білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар); 4 кезең – жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең).
Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесі «Білім туралы» Заң (1999 жыл), «Білім» мемлекеттік бағдарламасы (2000 жыл), «2010 жылға дейінгі білімді дамыту стратегиясы» (2001 жыл), «2005-2010 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (2004 жыл) сияқты стратегиялық нысандағы құжаттармен бекітілген. өптеген жоғары білім беру мекемелері Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық моделін жүзеге асыруда, ол төмендегідей деңгейлерден тұрады:
— жоғары базалық білім/ жоғары арнайы білім: бакалавриат – «бакалавр» дәрежесін беретін жоғары білім беру бағдарламасы;
— жоғары ғылыми-педагогикалық білім: магистратура – «магистр» академиялық дәрежесін беретін жоғары ғылыми-педагогикалық бағдарлама;
— докторантура PhD – бұрынғы ғылыми-зерттеу кадрларын даярлау жүйесінің орнын басатын бағдарлама.
Жоғары білімнің үш деңгейлік жүйесінің енгізілуі сонымен бірге, білім беру бағдарламаларының диапазонының кеңеюі мен олардың рыноктық экономика талаптарына сәйкес икемділігі мен шоғырлану дәрежесін күшейтуге бағытталған. Жоғары білімнің бұл моделінің жүзеге асырылуы өзінің өміршеңдігі мен өзектілігін көрсетті, сол сияқты оның келешекте әрі қарай өзгертілу қажеттілігін пайымдады. Қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің үш деңгейлі моделінің даму бағыттары майда мамандықтар түрін қысқартып, оларды кеңірек пәндерге/ бағдарламаларға біріктіруді, бизнеспен өзара әркеттестікті арттыруды, түлектердің еңбек рыногындағы қажеттілігін қамсыздандыруды қамтиды.
Ұлттық тәлім- тәрбиенің тұлға тәрбиесіндегі рөлін дәйектеңіз.
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақша, мектептерге ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»
Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбиені ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Ол үшін ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етіп алуымыз жөн. Әрине, тәрбие жалаң болмауға тиіс. Жалаң тәрбие қауқарсыз. Кез келген адамды тәрбиелеудің ұлттық негізі болуы керек. Сонда ғана тәрбие шынайылыққа айналады. Тәрбиенің мақсаты – елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек. Сондықтан тәрбиенің жүзеге асуының технологиясы қалай дегенде де ұлтымызға ұстын, болашағымызға тұғыр болатын ұлттық тәрбиеде жатыр деп нық сеніммен айта аламыз.
Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі күнделікті сабақтың әрбір кезінде-ақ оқушы бойына сіңе бастайды. Қазіргі кезде ұлттық тәрбиенің көздері – фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары элементтерін бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі, математика, дүниетану, бейнелеу өнері, денешынықтыру сабақтарында кеңінен қолданудың маңызы артып келеді.
ҚР «Білім туралы» Заңына сипаттама беріңіз.
Білім беру туралы заң, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.азақстан Республикасында жастарға білім беру процесі халқымыздық ұлттық салт-дәстүріне, мәдениетіне, экономикасына және саяси өміріне негізделіп іске асырылады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
• Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:
• Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
• білім берудің зайырлы сипаты;
• жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
• білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі; оқу мен тәрбиенің бірлігі;
• білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
• білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
• білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
• білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
• оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
• білім беру жүйесін ақпараттандыру;
Жоғары мектептегі оқыту үдерісінің әдіснамалық негіздерін сипаттаңыз.
Оқытудың әдісі — лекцияның құрылымы, қисыны (логикасы), жоспары, әдебиеттер мен қосымша әдебиеттерді беру, жаңа терминдер, дәлелділігі мен дәйектілігі, негізгі ойлар мен қорытыңдылар, оларды ажырата білу, көрнекілік құралдар, жекеленген жазбалар, тірек конспектілерді қолдану. Қорытындылауда сұрақтарды қайталау, бақылау, тексеру сұрақтары, лекцияның соңында бүкіл лекция материалы бойынша қорытыңды, тұжырым жасау. Студенттер жұмысына басшылық — лекция, конспектілерді жазуды талап ету, сұрақ-сауал, дискуссия ұйымдастыру. Конспектілерді семинар сабағында, лекцияньщ соңында тексеріп отыру. Шешендік әдістер, риторикалық сұрактар беру, әзіл-қалжынды орында қолдану сияқты студенттердің ықыласын аудару, көңіл-күйлерінің көтеріңкі болуына кейбір әдістерді қолдану.Лекторға қойылатын талаптар: пәнді жетік білуі, идеялық сенімділік, көңіл-күй, дауысырғағы, сөз құрамының дұрыстылығы мен нактылығы, демалысы, сырт көрінісі, өзін-езі аудиторияда ұстай білуі, аудиторияны «көре» және «сезе’? білуі, аудиториямен байланыста болуы. шешендік шеберлігі.Семинар сабактары пәнді терең, жетік меңгеру мен ғылыми танымньщ әдіснамасын меңгеруге бағытталады. Студент семинар сабағына дайындалу барысыңда өз бетінше шығармашылыкпен жұмыс істеп, дайындалады (талдау жасау, реферат-тар жазу, баяндамаларға дайындалу, т.с.с.) Семинар сабақтары — студенттердің шыгармашылық іс-әрекетін дамытудың бірден-бір жолы.ЖОО-да көбінесе семинардың 3 типі жүргізіледі: Белгілі бір курсты терең меңгеру мақсатына көздейтін. Әдіснамалық жағъшан маңызды белгілі бір тақырыптын немесе курстың жекеленген тақырыптарын меңгеру. Ғылымның жекеленген бөлімдерін терең зерттеу мақсатындағы. Семинар сабақтары әңгіме, баяндама, пікірталас түрлерінде өтіледі.»Лаборатория» латынның — «Labor» еңбек, жұмыс, қиындық деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан. Лабораториялық жұмыстар оқу жұмысының ерекдіелігіне байланысты, сондықган әрбір нақты жағдайда жекеленген әдістемелік нұсқаулар қажет. Топтың біріккен іс-әрекеті — ең тиімді формалардың бірі. Оның нәтижелілігі оқытушының ұйымдастырушылық шеберлігіне байланыс-ты, яғни студенттерді өз бетінше жұмыс жасауға, мәселені зерттеуші ретіңде шешуде оларды ойластыру, ойлай білу іс-әрекеттерін белсендіру мақсатында бағыттаумен анықталады.
Қарым қатынас және оның оқытушы қызметіндегі мәнін талдаңыз
Адамның өзара қатынасы күнделікті өмірде қажетті болып тұратын жағдай. Қарым – қатынас ұғымы адамдардың бір – бірінен күрделі, көптеген түрлі жақындасу процестерін көрсетіп, олардың бірігіп жасайтын іс — әрекеттерінің қажеттіліктерін орындау үшін қолданылады. Осындай қарым –қатынас кезінде адамдар бірінен – бірі керекті деректер алады, бірін – бірі дұрыстап қабылдап, түсініп жұмыс жасау үшін бәріне бірдей жоспар жасайды.
Жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.
Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Осы мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және педагогикалық зерттеулер төменгі сынып оқушыларынан гөрі ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтады. Әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу-тәлім-тәрбие ісінде маңызды мәселе болып саналады.
Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің даму тенденциясы және негізгі бағыттарын сипаттаңыз.
Қазiргi бiлiмнiң тенденцияларын талдай отырып, қазiргi әлемдегi бiлiмнiң келесi негiзгi даму тенденцияларын ерекшелеуге болады: «Білім=үйрену»парадигмасының «білім = қалыптасу»парадигмасына ауысуы.
1. Білімнің негізгі қоғамдық капиталға айналуы
2. үздiксiз бiлiм алу тұжырымдамасының дамуы.
3. үйренудi бiртiндеп жекелендіру.
4. Үйрену диверсификациясы (Диверсификация жаңа білім мекемелерінің ұйымдастырылуымен, қоғамдық мекемелерге бiлiм беру функцияларының берілуiмен, оқытудың жаңа бағыттарының енгізілуімен және жаңа пәндердің енгізілуімен байланысты.Білім алушыларды қабылдау процедурасы, оқытудың әдіс-тәсілдері өзгереді. Бiлiм алуды басқару жүйесi, оқу орындарының құрылымы және олардың қаржылану тәртібі қайта ұйымдастырылады)
5. Ғаламданудың бүкiләлемдiк процесстерiмен сәйкес бiлiмнiң ынтымақтастығы. Бiлiмнiң ынтымақтастығы, керiсiнше, ұлттық жүйелердiң жақындауына, оларда ортақ әмбебап концепттер және компоненттердiң табылу және дамыуына бағытталған. Ынтымақтастық құралы ретінде студенттермен, оқытушылармен және зерттеушiлермен айырбас жасау, дипломдар және ғылыми дәрежелердi мойындау, бiлiмнiң жалпы стандарттарын құру болып табылады.
6. Қазiргi мектептегі бiлiм беруде, қашықтан оқытуды дамытуда жаңа технологияларды, интернет-технологияны қолдану процессiн белсендендіру.
Еуропа кеңесi қазiргi өркениеттiң кез келген өкiлi меңгеруі тиіс құзырлардың бес негізгі топтарын анықтады (Құзырлық талаптарды iске асырудағы Болон процессiнiң талаптары бойынша)
• Саяси және әлеуметтік: (бiрлесіп шешiм қабылдауға қатысу,өзіне жауапкершілік алу )
• көп мәдени қоғамдағы өмірге қатысты құзырлар (айырмашылықтарды түсiну, өзара сыйласу, мәдениеті, тiлі, дiні басқа адамдармен қатар өмiр сүре білу қабілеттілігі)
• Ауызша және жазбаша қарым-қатынасты меңгеруге қатысты құзырлар, соның ішінде шет тiлдерді меңгеру құзыры
• Ақпараттық қоғамның пайда болуымен байланысты құзырлар, (электрондық құзырлар).
• Өмір бойы оқи білу қабілеттілігі -кәсiби дамуда, сонымен бірге жеке, қоғамдық өмірде үздіксіз дайындалудың негізі.
Электрондық құзыреттілік:
1. Болон процессімен талап етілетін өзгерiстердiң қажеттi бiр бөлiктерi.
2. Оқытудың жаңа жолының мақсаты — электрондық технологияларды қолдануға негiзделген оқытушылар және студенттердi оқытудың инновациялық сценарийларына тарту (e-learning)
21 ғасырға ЮНЕСКО болжамы:
• Күндізгі оқу уақыттың 30 – 40 % алады
• қашықтан оқыту 40% алады
• Қалған уақытты e-learning көмегімен өз бетімен білім алу алады
Жоғары мектеп дидактикасының ұстанымдарын сипаттаңыз
Жоғары мектеп дидактикасының тақырыптық мәнi – тәрбиемен тығыз байланысты болып отыратын бiлiм мен оқу процесiнiң теориясын қамтиды. Оның ғылыми дидактика ретiнде қалыптасуына өзiнiң басқа ғылымдармен етене байланыса отырып, тарихи дамуы себеп болған, өркениетті болашақтың негізін қалайтын арналы ғылыми бағыт.
Жоғары мектеп дидактикасының ғылыми тұрғысындағы оқыту мен білім беру ауқымын зерттеу объектісі болып танылып, педагогика ғылымында танымал ғалымдардың еңбектерімен сарапталып, сапаланып жетілу үстінде. Қазіргі таңдағы Жоғары мектеп дидактикасының ғылыми зерттеулерінің қозғаушы күші болып танылған Ресей ғалым-педагогтарының қатарын айқындағанда – С.И.Архангельскийдің «Учебный процесс в высшей школе, его закономерные основы и методы» (1980), Ю.Г.Фокиннің «Образование и воспитание в высшей школе» (2002), А.В.Коржуевтың «Вузовский учебный процесс: состояние, проблемы, решения» (2001)» және т.б. еңбектері дидактиканың ғылыми даму процесін үдетті.
Көрнекілік – оқыту процесінде заттар мен құбылыстардың өзіне тән жаратылыс бейнесін, әр түрлі өзгеру құбылыстарын оқушының сезім мүшелері арқылы сезініп, қабылдауға мүмкіндік тудыратын дидактикалық принцип.
Дидактика педагогиканың бiлiм беру мен оқыту теорияларының құрылымы болып танылған iлiм. Дидактика терминiн алғаш рет қолданысқа ендiрген немiс педагогi В.Ратке «оқыту өнері» ұғымы баламасына пайдаланған. Дидактиканың ғылыми-теориялық мақсаты — оқытудың нақты процестерiн зерттей, олардың өзара байланыстары мен заңдылықтарын аша отырып, педагогиканың даму болжамы мен бағдарын сараптауға мүмкіндік тудырады. Зерттеу жұмысымыздың бастамасы ретінде «дидактиканың принциптері» мәселесі де қарастырылады.
Дидактика негіздері теориялық және қолданбалы ғылымдар санағына енгендiктен оның принциптер ұғымы екi жақты мағына қабылдайды. Бiрiншiден принциптер — теориялық жалпылама ереже болып танылса, екiншi жағынан — педагогикалық заңдылықтардың практикалық нұсқауы ретiнде қабылданады.
Оқытудың жоғары мектеп бағдарламасының жалпы принциптерімен қоса мектеп пәндерiн оқыту әдiстемелерiнiң заңдылықтары да өз шешімін күтуде. Олар оқытудың: ғылымилық, көрнекілік, жүйелілік, пәнаралық байланысы, оқу теориясының еңбекпен байланысы, политехнизм мен кәсіби бағдар беру, пайымдылығы мен дағдылық әрекетін қалыптастыру. Бұл принциптердің өзара байланысы оқу құралында кездестіруге болады.
Педагогика (дидактика тұрғысында) адам ойын саналы түрде қалыптастырған, iлгерлемелi ғылыми-зерттеу бағдарымен дамыған, ауқымды, гуманистiк мәнi ерекше зор ғылым екенi белгiлi. Адам өзiнiң тiршiлiк өмiрiмен бiрге қалыптасқан және өркендей дамудың негiзгi құрамды бөлiгi болып танылған педагогиканы, табиғат өнiмiн тiршiлiк қажетiне жұмсауды оңайлататын құрал-сайман, қару-жарақ пайдалануды үйренуден бастап, жазу-сызу, қолөнер мәдениетiн, техниканың ғажайып жетiстiктерiнiң өркендеуiне бiрден-бiр себепшi болған, саналы жанның өркениетi мен ой-санасын жетiлдiретiн астарлы ғылым ретiнде тани білді.
«Басқару» деген сөздің мағынасы — оқытушы — профессураның студенттерге белгілі бір ғылым саласындағы бағдарламалық ықпал жасауы. Аталған сөздің мағынасында студент қабылдаған біліми-ғылыми нысаналарына тек түзетулер енгізу дәрежесінде емес, субъектінің ішкі болмысының ғылым көздеген бағдарына үндесіп отыруына бағыт беру. Атап айтсақ, әр студенттің ойлау пайымының қалыптасып қалған құрылым жүйесіне ғылыми ықпал жасау. Мұның өзі сол меңгерген ғылымының өз басына адамгершілікті нұсқада пайдасының болуы деген сөз. Сөйтіп, ол өзінің ойлау пайымын басқаратын дәрежеге жетеді. Мұнымен бірге оның әр түрлі іс-қимыл-әрекетін өзінің сапалы ойлау қабілетімен басқарады. Сөйтіп, ғылыми жетістігінің ішінен өзіне тиесілі өнімді меншіктеуге дағдыланады. Бұрынғы көздеген мақсаттарына ешкімнің көмегінсіз өзі түзетулер енгізіп, өзінің ғылыми еңбегіне диагностиканы аналитикалы дәрежеде құрастырып, ісінің өнімділік деңгейін үнемі шығарып отыруға ниеттенеді. Ең ұтымды әрекетке, сыртқы құбылыстарды өзінің ішкі ғылыми пайымымен үйлестіріп отыратын машыққа қолы жетеді.
Оқытушы-профессураның басқару процесі — студенттердің ғылыми ойлау әрекетін белсенділік және саналылық деңгейге бағыттау. Бұны жүзеге асыру үшін оқыту міндеттерін негіздеу, олардың дербес білімін — ғылымын дамыта алуына қолайлы жағдай туғызу. Негізгісін таба білуіне ұтымды нұсқаулар беру, ғылым жиюға құмарлық, құштарлық сезімдерін ояту, жауапкершілік пен парыз міндетін түсінуіне бағыт жасау көзделеді.
Оқытушы — профессураның әрбір дәрісінен кейін студенттің ғылыми жұмысын ұйымдастыру процесінде жағымды өзгерістер болуы заңды. Оның тұлғалық болмысы да осы үрдіске сәйкеседі. Тұлғалық болмысқа студентті бағдарлау — оқытудың нақтылы жағдайының мақсат-мүддесін саралау. Екшелген мақсат-мүдде типтік міндеттердің қосындысынан тұрады. Аталған міндет-мүдделерді сұрыптап алмау конструктивті оқытуға қол жеткізбей, оның жетістіктеріне иемендену уақыты ұзақ мерзімге созылады. Бұл — нарықтық қоғамның сұранымынан қалыс қалу. Нәтижесінде, педагогтық бақылау толыққанды процесте жүрмейді.
Қорыта айтқанда, студенттерді бір нысананы меңгертуге бағыттап отыру үрдісі жетімсіз, оқыту мазмұнын өзінше, дербес ізденіс процесінде өзін — өзі басқару әрекетінің механизмін дұрыс білу іс — қимылында меңгертуге нұсқау жасалуы ұтымды нәтижеге бағыттайды.
Инновациялық және белсенді оқыту әдістерін сипаттаңыз.
Білім – қазақ халқының болашаққа бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры. Білім беру жүйесін заман талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу – қоғамдық мәні үлкен мәселе. Қазақстандық білім беру жүйесі тарихының жаңа кезеңі оқытудың жаңа жүйелері мен жаңа технологияларын зерттеуді, тиімділігін анықтап, оқу үдерісіне енгізумен ерекшеленеді.
Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді және оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын ала болжап және сол арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесін қалыптастырған еңбектер мен зерттеулерде қазақстандық мектептердің болашағына игі ықпалын тигізер жолдар мен бағыттар да айқын танылады. Оқушыны білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу – жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты.
Инновациялық технологиялардың ішінде өзіндік орны бар технологияның бірі – дамыта оқыту технологиясы болып отыр. Бұл технология қазақстан мектептерінде біртіндеп қолдана басталды. Енді аталған жаңа технологияның дәстүрлі оқыту технологиясынан айырмашылықтарына көз жүгіртсек:
Дамыта оқытудың негіздері таным теориясы мен диалектика ілімінде жатыр. П.П.Блонский дамуға индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше, нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс жасай алуын жатқызса, Д.Н.Богоявленская мен Н.А.Менчинская – оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды нәтижелі етеді деп есептейді: байқампаздық, ойлау және практикалық әрекеттер жасай алу. В.В.Давыдов дамудың негізгі көрсеткіші ретінде тұлғаның жинақтай, қорытындылай алу дағдысын жатқызады [.
Сонымен тұлға дамуының, сондай-ақ оны өзінің дамытуының негізгі тетігі қарама-қайшылықтарды шешу болып табылады. Өзін-өзі дамыту үдерісі тұлғаның барлық аясын қамтиды және әр ретте жаңа деңгейге көтеріліп отырады. Сөйтіп, оның «өзімінің» жетілуіне әкеледі. Өзін-өзі дамыту – субъект бағытындағы ерекше шығармашылық әрекет деген ғылыми тұжырым жасауға болады.
Л.С.Выготскийдің идеясын ұстана отырып, дамыта оқытудың мәні –оқушылардың теориялық ойлауын дамытуда деп тұжырымдаған Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов, Л.В.Занков өз зерттеу еңбектерінде негізгі орталық ұғым ретінде – ойлау және сонымен байланысты даму ұғымдарын мәселе етіп қойды.
Ойлау – таным теориясының негізгі философиялық категориясы. Дүниені танудың екі жолы бар. Оның бірі — затты дерексіздендіру арқылы немесе абстрактылы ұғым арқылы ойлау болса, екіншісі – ұқсату, елестету, сезім арқылы ойлау. Дамыта оқыту бұл екеуін бірлікте қарай отырып, оқушылардың теориялық білімі мен ойлау қабілеттерін арттыру арқылы дүниені танудың ғылыми-теориялық және логикалық әдістерімен қаруландыруды көздейді.
Ғылымда танылатын нысанның алдымен сыртқы белгілері жете анықталады. Мұны танымның нақты (эмпирикалық) кезеңідеп атаймыз.
Адам қарастырып отырған нәрсесінен сезімдік-нақтылық белгілерді мол етіп анықтап алған соң, сол сыртқа бар қылып тұрған ішкі бір ортақ заңдылықтарды іздеуге кірісетіні белгілі. Сол ішкі заңдылықтарды анықтау барысы абстракцияға үйрену кезеңіболып табылады. Дәстүрлі оқыту жүйесінде оқушыларға білім беру осы логикамен аяқталатыны белгілі.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылады. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Дамыта оқыту технологиясының тапсырмалары мен сұрақтарын құрастыру үлгісі
Болашақ маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыру туралы сіздің пікіріңіз?
Болашақ маманның маман болуының бірі өзінің білімін басқаға беру іскерлігі, пәннің ең мәнді,маңызды материялдарын басқаға игерте білуі, қазіргі жаңа технологияларды қолдана отырып, бағдарламалық материялдарды түсіндіре алуы.
Болашақ маманның тұлғалық қасиеттерін педагогика сипаттап береді. Олардың арасында- идеялық сенімділігі, білімділігі мен мәдениеттілігі, білімін методикалық шеберлікпен ұштастыруы, кең рухани дүниесі мен ақыл-ой өрісі, ғылыми- диалектикалық ойлауы және өздігінен білім алуға дайындығы, құштарлығы ерекше орын алады.
Жоғары оқу орнында болашақ маман есею мектебінен өтеді, белгілі бір мамандықтың иесі болып қалыптасады. Жоғары оқу орындарында педагогикалық білім беру- болашақ маманды қалыптастырудың алғы шарттарының бірі болып табылады. Өйткені бүгінгі студент ертеңгі маман болғандықтан, ол қоғамдық әлеуметтік істерге араласады, адамдармен жұмыс істейді, ұжымдағы адамдар әлеуметтік топты құрайды, оған жас маман мүше болып кіреді. Олай болса, жас маманның адамдардың тәрбиесінде де ықпалы болады. Педагогика- тәрбие туралы ғылым болғандықтан, оның қағидалары адамдармен жұмыс істегенде тәрбие құралы бола алады. Тәрбиелеу туралы педагогика тағылымдарымен қаруланған маманға адамдармен жұмыс істеу, оларға мәдени-тәрбиелік ықпал ету қиыншылық туғызбайды. Дүниеде өтіп жатқан процестерді түсініп, оларға баға беру, қоғамдық қатынастар арасында рухани өсу және үйлесімділік табу, тәрбиенің басты мақсаттарын көрсете білу, адамдар мінез-құлықтарындағы келеңсіздіктерді жою шараларын алу, қоғамды өзін-өзі ұйымдастырып, үздіксіз дамып отыратын жүйе ретінде түсіну үшін жас маманға білім тірек бола алады.Адамдарды еңбек етуге үйрету қажет, бірақ адам бойындағы адамгершілік кемтарлықты жоюға мұның бәрі жеткіліксіз. Адамның танымға, жоғары білімге ұмтылуы қандай нәтиже берді? Ол жеке адамды сыртқы зорлық-зомбылықтан азат етіп, оған ішкі мазмұн берді.Ол азат адамгершілік формасындағы адамдық бастауды жүзеге асыра отырып, адамды нағыз адам етеді.Біздің білім жолында тоқтаусыз өрлеуіміздің басты шарты- бұл қоғамның топтасқандығы, егеменді Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы төңірегінде азаматтық және кәсіби топтасу болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді басқаруды негіздеңіз
Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Білім беру — бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудық үздіксіз процесі.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік – қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Заңда көрсетілген білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
• жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
• азаматтықты, үйелменнің, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның қүқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
• Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алу үшін мүмкіндіктер жасау;
• жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбиесін дамыту;
• қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау.
Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордық да әсері бар. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесін ерте бастан қолға алып, оларды тиісті дайындқпен мектепте оқуға дайындау қажет. Ол үшін балалар бақшасында және үйелменде тәрбие жұмысының процесіне нақты педагогикалық басшылық жасап, оның барынша сапасын және нәтижесін арттыру тәрбиешілерден, ата-аналардан, мектепке дейінгі мекемелер меңгерушілерінен үлкен педагогикалық шеберлікті талап етед і. Халыққа білім беру жүйесінің міндеттерін жүзеге асыру білім берудің мемлекеттік саясат принциптеріне тәуелді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы бойынша мына мемлекеттік принциптер басшылыққа алынады:
1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқықтарының теңдігі:
2. Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық фиииологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі тұрғындарының білімге қол жеткізуі;
3. Білім берудің зайырлы сипаты;
4. Жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту;
5. Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
6. Білім беру ұйымдарының меншік нысандары бойынша, оқу мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы;
7. Білім беруді басқарудық демократиялық сипаты және білім беру ұйымдарының академиялық бостандықтары мен өкілеттілігін кеңейту;
8. Білім берудің ізгілікті және дамытушы сипаты;
9. Білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы;
10. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау;
11. Білім беру жүйесін ақпараттандыру;
12. Оқу мен тәрбиенің бірлігі;
Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардық (бірлестіктердің) ұйымдық құғылымдарын құруға және олардың қызметіне жол берілмейді.
Білім беру ісін басқару мемлекеттік-қоғамдық сипатта болады. Республикада Білім және ғылым министрлігі оның төменгі атқарушы органдары Қазақстан Үкіметінің білім беру саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асырады.
Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын қазіргі талаптар
Жоғарғы мектеп оқытушысының негізгі қасиеттерінің бірі – мұғалімнің ғылыми дайындығы. Ол – мұғалімнің беретін пәнін білу дәрежесінен, осы мамандық бойынша, сыбайлас пәндерден ғылыми дайындығынан, кең көлемді оқымыстылығынан, пән әдістемесін игеру дәрежесінен, жалпы дидактикалық тәсілдермен таныстығынан құралады.Сонымен қатар, педагогикалық төзімділіктен, педагогикалық дербестіктен және педагогикалық өнерден тұратын жеке ұстаздық дарынның маңызы зор.
Арнайы оқытушылыққасиеттермен қатар, қажетті жеке адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді: әділдік, ұқыптылық, елгезектік, табандылық, ұстамдылық, байсалдылық және тағы басқа қасиеттерді атап өтуге болады.
Педагогикалық әсер етудің негізгі бағыттары оқушыларды оқыту, білім беру, дамыту және тәрбиелеу болып табылса, ал мұғалімнің ең басты функциясы оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процесстерін басқару болып табылады.
Жоғары мектеп мұғалімі оқыту емес, оқу барысын бағыттау, үйрету емес, ізденісті туындату, тәрбиелеу емес, тәрбие процессін басқару үшін шақырылған. Қаншалық мұғалім өзінің осы рөлін дұрыс түсіне білсе, соншалық оқушыларына өз-бетінше жұмыстануға, ізденуге, дамуға, белсенділік көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар
1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек.
2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.
3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипатталуы керек.
4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.
5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі — оның эмоционалдығы.
6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жургізілуі керек.
7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.
8. Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс.
оңтайлы және дидактикалық жарақ-тандырылган болуы керек.
10. Кез-келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы.
11. Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану.
12. Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету.
13. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады.
14. Сабақтың кәсіби бағыттылығы.
15. Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру.
16. Қолайлы моральдық-психологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызу.
17. Білім беру мазмұнын сипаттаңыз
Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір мектеп реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалмен жүреді.Білім мазмұны балаларға «Нені оқыту керек?» — деген сұраққа жауап береді.
Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады. Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдардың жыйнаған тәжірибесі.Білім мазмұнының түрлері:
• күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми білімдер;
• көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан алынған фактілер;
• болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
• белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми білімдер;
• ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу тарихы туралы білімдер;
• әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Сонымен ғылыми білім — болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты дұрыс түсіну құралы. Білім, дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп, дүниетінымдық және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі.Білім — өлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші элементі — әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету, білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен дағдыларды меңгерту.
Сыртқы (практикалық) және ішкі (ақыл-ой) дағдылары мен іскерліктеріне барлық пәндер үйретіп, оқушы жоспар құруға, мөндіні бөлуге, салыстыруға, қорытынды жасауға машықтанады. Кейбір оқу пәндерінің өздерінің қалыптастыратын іскерліктері мен дағдылары бар.
Педагогикалық іс-әрекетті ғылым және өнер ретінде негіздеңіз.
Педагогикалық іс-әрекет — педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып,тәрбиелеп,дамытуға,өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.
Педагогикалық іс-әрекет қызығы да, қиындығы да мол кызмет. Себебі мұғалім ата-аналар сияқты бір-екі баланы ғана тәрбиелемейді, ондаған әр түрлі қабілеттері мен бейімділігі, қызығушылығы, мінез- қүұқы мен әдет- ғұрыптары, түсінігі мен көзкарастары әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді. Олардың әрқайсысының өзіндік жекеленген ерекшелігін дамытады, ынтымақты, тату, жарасымды ұжымға топтастыра отырып әр балаға жеке адам ретінде шынайы қамқорлық жасауға тырысады.
Педагогикалық іс-әрекет мәнін ашуда біз, ең алдымен, мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті мен жалпы іс-әрекет мәселесіне назар аударғанымыз жөн. Бұл іс-әрекеттің жалпы теориясы М.Демин, Н.Гордеева, Б.Зинченко, Г.Батищев, М.Каган, А.Леонтьев, т.б. ғалымдарды еңбектерінде қарастырылады.
Дүниені танудың алғашқы түрі ғылыммен көрсетілсе, екіншісі мәдениетпен анықталады. Білім берудің маңызды мәселесі ретінде көптеген ғалымдар болашақ мұғалімдердің мәдениеттанымдық дайындығын алға тартады. Өйткені, педагогика ғылым мен мәдениетті негіз ретінде алып қарастырады, себебі, арнайы зерттеулер мамандарының жоғары дәрежедегі іс-әрекетін, біріншіден, оның мәдениетіне байланысты деп санайды.
Екіншіден, оқу үрдісі тек арнайы кәсіптік білім алу емес, қазіргі мәдениетке сай өмір сүруіне, тәрбиеленуіне байланысты болады дейді ғалымдар пікірінше.
Үшіншіден, қазіргі маман – ол ойлау жүйесінде қоғам мәселесіне байланысты өз пікірі бар, қарым-қатынас жасай алатын мәдениетті тұлға.
Төртіншіден, көптеген ғалымдар адамның рухани сезімін қалыптастыру үшін әлем мен отандық мәдениетке бейімделу керек деп есептейді.
Бесіншіден, болашақ мұғалімдер дайындау көтеру үшін «жалпы мәдениет деген не?» деген сұраққа жауап беруіміз керек. Қазіргі ғылымда нақтылы мәдениеттің анықтамасы қалыптасқан жоқ. Себебі, мәдениет жан-жақты қарастыруды керек ететін ілім.
Оқыту үдерісін басқаруды негіздеңіз.
Оқыту үдерісін басқарудың негіздемесін оның негізгі міндеттерімен атап көрсетейін:
• Оқытудың кредиттік жүйесі негізінде ЖОО — ның оқу үдерісін ұйымдастыру және басқару;
• Оқыту үдерісін үздіксіз жетілдіру, білім беру қызметін ұсыну сапасын арттыру;
• Оқыту үдерісіне деген шығармашылық көзқарасты технологияларды дамыту және енгізу;
• Білімді-бақылаудың жинақтаушы балды-рейтингілік жүйесінің тиімділігін одан әрі дамыту;
• Элективті пәндерді таңдау жүйесін жетілдіру;
• Оқу үдерісіне ғылым, техника және инновациялық технологиялардың соңғы жетістіктерін ендіруді қамтамсыз ету;
• Даярлаудың барлық бағыттары бойынша университеттің білім беру бағдарламаларын үнемі дамытып отыру;
• Ішкі еңбек нарығында ғана емес, халықаралық еңбек нарығында да бәсекеге қабілетті білікті бакалаврларды дайындау үшін жағдайлар жасау;
• Қазақстан Республикасының техникалық университеттері арасында білім беру қызметтерін ұсыну бойынша университеттің жетекші орынға ие болуын және халықаралық білім беру кеңістігіне кіруін қамтамасыз ету;
• Басқарма бөлімшелерінің қызметі Болон реформаларының негізгі принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады және кредиттік оқыту жүйесінің негізгі артықшылықтарын дамытуға бағытталған:
• Академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету, пәндерді таңдау мүмкіндіктерін ұсыну, әрбір білім алушының өзінің жеке оқу жоспарын құруға қатысуы;
• Академиялық бағдарламалардың икемділігін іске асыру, вариативті білім беру бағдарламаларын дамыту;
• Оқытуды құзыреттілік тұрғыдан дамыту, университеттің барлық мамандықтары бойынша жұмыс оқу жоспарларын жасауды басқару, оларды жұмыс берушілердің өтінімдеріне және кредиттік оқыту жүйесі шеңберінде оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес түзету және өзектендіру;
• Оқу үдерісінің, білімді бақылау жүйесінің толық айқындылығы;
• Қазақстан Республикасының ЖОО арасында және шетел университеттері арасында кредиттерді ECTS үлгісі бойынша қайта есептеу жүйесін даярлау;
• Қазмемқызпу дипломдарының халықаралық деңгейде танылуын қамтамасыз ету, диплом мен дәрежелерінің салыстырмалығына, сәйкестігіне, үйлесімділігіне қол жеткізу;
• Ортақ білім беру бағдарламаларын дамыту, даярлаудың «бакалавр-магистр-PhD» үш деңгейлі жүйесін жетілдіру;
• Оқу-әдістемелік секцияның оқу-әдістемелік қызметін басқару
• Дәстүрлі оқыту формаларымен қатар білім берудің дистанциялық формаларын дамыту;
• Ғылым, білім беру және инновациялардың интеграциясы, жаңа ғылыми және инновациялық жетістіктерді ендіру;
• Абитуриенттерді қабылдаудың жаңа концепциясын және түлектерді табысты жұмысқа орналастырудың жаңа механизмдерін құру.
Оқытуды ұйымдастыру түрлерін сипаттаңыз.
Қазіргі таңда оқытуды ұйымдастырудың кеңінен қолданылатын түрі қашықтықтан оқыту. Оның әр түрлі технологиялары бар: атап айтатын болсақ Кейс-технология және Желілік –технология.
Кейс-технология — оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.
Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
Кейс-технологияға арналған материалдар түрлері мыналар:
1. Әдістемелік нұсқалар.
2. Жұмыс дәптері.
3. Анықтама.
4. Оқу, аудио, бейне материалдары.
5. Бақылау және емтихан материалдары.
Желілік –технология — білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;
Оқытудың желілік –технологиясына мыналар жатады:
• Интернет желісін пайдалану;
• Әлектрондық поштаны пайдалану;
• Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;
• Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс;
ЖОО оқытушысының педагогикалық қызметінің мәнін түсіндіріңіз.
Жоғары мектеп оқытушысы — бұл арнайы даярлығы бар және педагогикалык ic-әрекетпен айналысатын кәсіби маман. Оқытушы–жалпы білім беретін әр түрлі типтердегі мектептерде білім алушылармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізетін маман; дүниеге ғылыми дидактикалық-материалистік көзқарасты, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық даярлықты, жоғары адамгершілік сапасын, қоғамдық белсенділікті, білім алушыға және мамандыққа деген сүйіспеншілікті, дербес білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын, қажеттілігін игерген біздің заманымыздын алдынғы қатарлы адамы.Оқытушының негізгі міндеттері:
1. Білім өндірісі, яғни ғылыми зерттеулердің өткізілуі, сараптаманың жүргізілуі,өндіріске енгізу және т.б.
2. Білімнің берілуі немесе оқу үрдісін барлық деңгейлерде өткізілуі,оның ішіне біліктілікті арттыру, кеңес беруді қоса отырып.
3.Білімнің таралуы, басқаша айтқанда, оқу және әдістемелік материалдардың, ғылыми және педагогикалық мақалалардың, монографиялар мен т.б. дайындалуы; мемлекеттік және жеке кәсіпорындарға қызмет көрсетілуі және т.б.Оқытушы – оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне ғылым жетістіктерін, қоғамдық жаңалықтарды қабылдап, игеріп, енгізуші, білім алушылармен белгілі бip қатынаста болатын белсенді әрекет иeci.
Оқытушының маңызды қызметі — оқыту, білім беру, тәрбиелеу, тәрбиелеу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптасыру.
Педагогтің әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттерімен өлшенеді.
Педагогтың қабілеттері мынадай түрде кездеседі:
-Ұйымдастырушылық қабілеті (студенттерді сабаққа ұйымдастыра білу).
-Дидактикалық қабілеті (оқу материалын ipiктей білу).
-Перспективтік қабілет (байқағыштық) (тәрбиеленушінің психикалық жан-дүниесін анықтау).
-Коммуникативтік қабілет (байланыс) (студенттермен дұрыс қарым-қатынас жасау).
-Зерттеушілік (академиялық) қабілет (педагогикалық зерттеуді шешу, бағалай білу).
-Сөйлеу қабілеті (дауыс тонының дұрыс болуы).
-Елестете білу қабілеті (сабақты алдын-ала елестету, алдын-ала дайындау).
Жоғары мектеп оқытушысы мынадай нeгiзгi талаптарға сай болуы қажет:
1. Мамандығы бойынша негізгі дайындығы болуы;
2. Адамдардың адамдарға, қоғамға қатынасын реттейтін құқықтық және этикалық нормаларды бiлyі;
3. Қазіргі білім беру технологиясын пайдалана отырып, жаңа
білім алу, өз еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білуі ;
4. Компьютерлік техниканы меңгеруі ;
5. Ғылыми, іскерлік, қоғамдық, саяси және тұрмыстық тілдер ауқымында мемлекеттік және шетел тілдерінде сөйлесе білуі.
Дәрістің негізгі дидактикалық максаты — студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырған дәріс дәріскердің аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер студенттің ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқытады, соңдықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет.
Ең алдымен дәрістің жоспарын хабарлап, яғни жоспармен таныстырып, сол жоспар бойынша жүйелі түрде сұрактардың мазмұнын ашуды қатаң түрде сактау қажет. Емтихан сұрақтарына кіретін негізгі, маңызды мәселелерге ерекше назар аударып, соларды жоспарға міндетті түрде енгізілуі шарт. Алдыңғы өтілген дәрістің мазмұнын еске түсіріп, оның жаңа материалмен байланысын, пәндегі және басқа ғылымдар жүйесіндегі орны мен қажеттілігін айтып өту керек. Тақырыпты ашу барысында индуктивті әдісті қолдануға болады: ғылыми қорытындыларға әкелетін мысалдар, фактілер; сол сияқты нақты мысалдар арқылы жалпы ережелерді түсіндіруде дедукция әдісін де қолдануға болады.
Дәрістің соңында айтылған мәселелер бойынша қорытынды жасау дәрістің құңдылығын арттырады. Жоғары мектептегі дәстүрлі дәрістер ақпараттық болып табылады.
Дәріскерге қойылатын талаптар:
• пәнді жетік білуі,
• идеялық сенімділік, көңіл-күй,
• дауысырғағы,
• сөз құрамының дұрыстылығы мен нактылығы,
• демалысы,
• сырт көрінісі,
• өзін-езі аудиторияда ұстай білуі,
• аудиторияны «көре» және «сезе’? білуі,
• аудиториямен байланыста болуы. шешендік шеберлігі.
21. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениеті туралы сіздің пікіріңіз.
Педагогикалық этика / әдеп/ — этика ғылымының өзіндік тарауы болып табылады және педагогикалық мораль ерекшелігін зерттейді, педагогикалық еңбек саласындағы жалпы адамгершілік ұстанымдарының жүзеге асыру өзгешелігін анықтайды, оның функциясын, этикалық санат мазмұны принціптерінің өзгешелігін ашып көрсетеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдеп оқыту — тәрбиелеумен кәсіби түрде айналысатын адамдар арасындағы және кәсіби ортадағы адамгершілік қатынастар мен мұғалімнің адамгершілік қызметтерін және мұғалімдер ортасында қалыптасқан өзгеше тәртіп пен мінез –құлық т.б. зерттейді.
педагогикалық әділдіктің: мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы барысында олардың тәртібін, қылығын, оқуға деген көзқарас- құлшынысын, адамгершілік тәрбиелілік деңгейін анықтау мен бағалау барысындағы мұғалімнің обьективтілігі мен оның адамгершілігіне өзіндік баға беретін ерекше сипаты болады. Педагогикалық әділдік өзгешелігі оқушылар мен педагогтардың іс қимылды бағалау және оған қатысты жауап рекциясының әр түрлі адамгершілік деңгейде болуында; педагог обьективтілігінің өлшемін анықтау көбінесе педагогқа байланысты болады; өзіндік қорғаныс деңгейі әр түрлі тараптар ара-қатынасының көбінесе жалпы моральдік бағалауға түсетіндігінде; ең ақыр аяғында педагогпен алдын ала бағдарламаланған педагогикалық қажеттіліктерді балалардың түсінбеуінде; педагогикалық борыш – педагогикалық әдептің ең маңызды санаттарының бірі. Өзінің еңбегіне деген шығармашыл көзқарас, өз-өзіне қатаң талап қою, кәсіби білім-білігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға деген құлшыныс, оқушыға , оның ата-анасына деген құрмет көрсету және талап қою қажеттілігі, мектеп өмірінде кездесетін қиын да, күрделі шиеленістерді шеше білу тәрізді өзгеше іс –қимыл педагогтың кәсіби борышына жатады.
Кәсіби ар-намыс – бұл педагогикада мұғалімнің өз маңыздылығын түсініп қана қою емес, сонымен қатар оның қоғаммен танылуы және моральдік сипаты мен сіңірген еңбегіне деген қоғамның құрметі деген түсінікті білдіреді. Педагог мамандығында жеке бастың ар-намысы мен қасиетін түсіну сезімі ерекше байқалып тұрады. Егер мұғалім өз мінез –құлқында және тұлғалармен ара –қатынас барысында педагог идеалына қойылатын талаптарды бұзған болса, осыған сәйкес кәсіби ар-намысқа, педагогтың адамгершілік сипатына немқұрайлы қарау әрекеті демонстарцияланады. Мұғалімнің ар-намысы – оның кәсіби борышын орындау барысында көрінетін нақты кәсіби ар-намысына қоғамдық баға беру.
Педагогикалық тәртіп — мұғалімнің қызметінде оның ойы мен әрекеті ұштасып жататын педагогикалық моральді іске асыру түрі. Тәртіп – іс-қимылдың барлық обьективтік әсері мен оның субьективтік қабылдануын алдын ала көре білуді көздейтін адамгершілік тәртіп. Осы арқылы мақсатқа жетудегі барынша жеңіл және мейлінше жағымсыз түрде жету ізденісі көрінеді. Педагогикалық тәртіп – үнемі шығармашылықта және ізденісте болу деген сөз.
Кредиттік оқыту жүйесінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, білім беру жүйесінде Қазақстанның Болон процесіне енуіне жағдай жасалынады және оқу процесін ұйымдастырудың дәстүрлі жүйесінің орнына студенттердің өздік белсенді жұмыс істеуін ынталандыруды, жеке білім траекториясын таңдауды, мобильділікті, академиялық еркіндіктің кеңдігін қамтамасыз ететін, әлемдік білім кеңістігінде білім беру құжаттарын тануға мүмкіндік беретін оқытудың кредиттік жүйесі енгізіледі.
Кредиттік жүйемен оқытудың басты ерекшелігі:
Әлемдегі білім берудің ең үздік технологиялық тәжірибелерін қолдана отырып, елімізге қажетті мамандарды сапалы дайындап шығару. Мұнда бұрыннан қолданылып жүрген оқытудың әдіс-тәсілдерімен қатар жаңаша көзқарас тұрғысында студенттің ізденуіне, сапалы білім алуына жағдай туғызу қарастырылған.
Студенттің жеке оқу жоспарын құруында. Студенттің жеке оқу жоспары дегеніміз — эдвайзердің көмегімен әр оқу жылына берілген форма бойынша әрбір жеке студенттің білім траекториясын айқындауы. Ал эдвайзср (Advisor) — оқыту барысында білім беру бағдарламасын меңгеруде және (жеке оқу жоспарын қалыптастыруда) оқу траекториясын таңдауға көмек көрсететін, студенттердің мамандықтарына сәйкес жетекшілік қызметін атқаратын кафедра оқытушысы.
Оқытудың кредиттік жүйесінің мақсаты бірыңғайланған білім дипломдарының айқындығы мен танылым, отандық білім беру жүйесінің халықаралық білім кеңістігінде үйлесуі болып табылады. Оқытудың кредиттік жүйесінің негізгі міндеттері — білім көлемін бір ізге келтіру, оқытуды барынша даралау үшін жағдай жасау және студенттердің өздік жұмыста-рының рөлдері мен тиімділігін күшейту. Қазақстанның орта кәсіптік білім беру жүйесіне оқытудын кредиттік технологиясын енгізудегі басты міндет — осы жүйенің тұжырымдамасын жасау мақсатында ұлттық ерекшеліктер мен қажетті-ліктерге негізделген кредиттік жүйені қолданудағы шетелдік тәжірибені мұқият зерттеп, олардың оң және теріс жақтарын қарастыру қажет.
23. Педагогика ғылымының заңдылықтарын, негізгі принциптерін айқындаңыз.
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері – бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне қайталанып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мəн-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пəндерін өтуде жəне оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мəнін сақтайды. Қазіргі заман гуманистік дидактикасында оқу принциптері табиғи сəйкестік басты принципінің төңірегінде жүйелі біріккен. Бұл жүйедегі дидактикалық принциптер төмендегідей: 1) саналылық жəне белсенділік; 2) көрнекілік; 3) жүйелілік жəне бірізділік; 4) беріктік; 5) түсіністік; 6) ғылымилық; 7) көңіл-күй; 8) теория мен практиканың байланысы.
Оқу барысында диалектиканың жалпы заңдары мен педагогиканың арнайы заңдары орындалуы шарт.
Диалектиканың жалпы заңдары сапына кіретіндер: қарама-қарсылықтар бірлігі мен тайталасы заңы, сандық жинақтың сапалық өзгерістерге келу заңы, жоқты жоққа шығару заңы.
Оқу процесінде қарама-қарсылықтар бірлігі мен тай-таласы заңы іске қосылады. Қарама-қарсылықтардың туу себебі – жаңа əлеуметтік жағдайлар, тұлға мүмкіндіктерінің өзгеруі, білім беру аймағында қалыптасқан соны талаптар оқу процесіне болған дəстүрлі, бекіген ұғымдар жəне көзқарастармен сəйкессіздікке ұшырауы. Бұл өз кезегінде оқу мазмұны мен технологиясын өзгертіп, заманға сай ауыстыруды талап етеді.
Оқудың дəстүрлі теориясында аса танымал болғандары келесі дидактикалық принциптер: саналылық жəне белсенділік, көрнекілілікпен оқыту, жүйелілік жəне бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, көңіл-күй ескеру, теория мен практиканы байланыстыру. Саналылық жəне белсенділік принципі негізінде ғылым тарапынан анықталған заңдылық тұжырымдары жатыр. Білім мəні оқушының өз ақыл-ой белсенділігі арқасында игерілген терең де əрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше шарттар мен жағдаяттарға тəуелді: оқу мотивтері, оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі мен сипаты, танымдық іс-əрекетті басқару жəне оқу тəрбие процесін ұйымдастыру, мұғалім қолданған əдістер мен оқу жабдықтары жəне т.б. Оқушының өзіндік таным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептеледі, ол оқу материалын терең əрі берік игеруде пəрменді ықпал жасайды
24. Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен бағыттарын айқындаңыз. ЖОО -дағы тәрбиелік іс- шараға мысал келтіріңіз.
Тәрбие – тұлғаның қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірге белсенді араласуына дайындау мақсатында оның тұлғалық қасиеттерін мақсатты, жүйелі түрде қалыптастыру.
Тәрбие жұмысының мақсаты – терең кәсіптік білімі бар, мәдениеті, зиялылығы, әлеуметтік белсенділігі жоғары, рухани құндылықтар мен дәстүрлерге, моральдық қағидаттар мен қоғамның адами бағдарларына құрметпен қарайтын, болашақта бәсекеге қабілетті маман тұлғасын жан-жақты дамыту.
Тәрбие процесінің объектілері – студенттер, субъектілері – жетекшілер,ұйымдастырушылар, үйлестірушілер және осы процесті орындаушылар.
Жоғары мектептегі тәрбие жұмыстары:
• танымдық, кәсіптік, отбасылық, рухани-мәдени, қоғамдық-саяси салаларда өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, біліктілігі жоғары маманды даярлау;
• ЖОО-ның тәрбиелеуде студенттерді тікелей ынталандыру кезінде басқарушылық ықпалмен тәрбие жұмысының барынша жоғары нәтижеге қол жеткізілетін жүйені құру және қолдау.
Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының мәні мен бағыттарын:
− азаматтық-патриоттық: патриоттық құндылықтарды дарыту, мемлекеттік саясатты қолдауды қамтамасыз ету;
− құқықтық мәдениет және мәдениеттер алуандығы: жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, жастарға құқықтық білім беру, Қазақстанда тұратын халықтардың тарихы мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
− рухани-адамгершілік тәрбие: рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастыру және дамыту, студенттер бойында деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру;
− эстетикалық тәрбие: демалыс үйірмелеріне қатысу, студенттік көркем өнерпаздықты дамыту, әлемге эстетикалық тұрғыдан қарауды дарыту;
− коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру: ұжымдық рух, студенттердің қарым-қатынас орнату тәжірибесін қалыптастыру, төмен курстардың студенттеріне қолдау көрсету;
− зияткерлік мәдениетті дамыту: студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру;
− экологиялық мәдениет қалыптастыру: жастардың бойында экологиялық сана-сезім қалыптастыру, студенттердің экологиялық бағыттағы ұйымдарын қолдау;
− әлеуметтік тәрбие: жастардың бойында әлеуметтік тұрғыдан белсенді қасиеттерді қалыптастыру, студенттердің өзін-өзі басқаруын және еріктілік қозғалысын қолдау, әлеуметтік әріптестік қағидаттарын дамыту.
ЖОО -дағы тәрбиелік іс- шарағалар
) білім алушылардың шешімдерді дербес әрі құзыретті түрде қабылдап, іске асыруын қалыптастыруды;
2) білім алушылардың патриоттық, азаматтық, сезімін, интернационализм, жоғары морал мен адамгершілікті қалыптастыруды;
3) білім алушыларды салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыруды;
4) жалпы білім беретін орта мектептердің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында кәсіптік бағдарланған жұмысты жүргізуді қамтиды.
Студенттің өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру;
Студенттің жеке басының мүдделері мен қажеттіліктерін бақылау;
Студенттің өзін-өзі басқару нысандарын дамыту; Өзін-өзі басқару нысандарын дамытуҚазақстанның Болон процесіне қосылуымен байланысты өзекті сипат алады, ал студенттік өзін-өзі ұйымдастыру бұл процестің негізгі талаптарының бірі болып табылады.
1. студенттердің тиімді оқу процесін және ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
2. студент жастардың әлеуметтік-құқықтық проблемаларын шешуге қатысу;
3. студенттердің мүдделерін білдіру;
4. жеке әлеуметтік маңызы бар студенттік бастамаларды әзірлеу және іске асыру жәнеоларды қолдау;
5. студент жастардың көркем шығармашылығын дамыту;
6. білім беру мекемесінің дәстүрлерін қалыптастыру;
7. студенттер үшін бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру;
8. білім беру мекемесінде салауатты өмір салтын қалыптастыруға жәрдемдесу;
9. студенттерді белсенді ғылыми, оқу және қоғамдық қызметі үшін көтермелеу, жоғары үлгерімі, белсенді ғылыми және қоғамдық қызметі үшін дербес және атаулы шәкіртақылар тағайындау туралы ұсыныстар енгізу және тағы басқалар;
Мысалы: Студенттер арасындағы спорттық жарыстар ұймдастыру, стденттік КВН,мейрамдар ұйымдастыру т.б
25. ЖОО- дағы студенттің өздік жұмысын талдаңыз.
Студентің өзіндік жұмысы — болашақ мамандарды даярлаудың және білім сапасын арттырады. Осыған орай жоғары оқу орындарында әр білім алушыдан ой еңбегінің ұтымды әдістерін білуі, яғни аз уақыт кетіріп қажетті ақпаратты іздеп және меңгеріуді, фактілер, теорияны, тұжырымдамаларды жүйелеп және жіктей білуді, өз көзқарасын нақты айтып және дәлелдей білуді үйренуі талап етіледі.
Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі
Оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, студенттің даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның негізгі жиі кездесетін бір тобы — сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыстың түрлері. Олар мыналар:
-жаңа білімді меңгеруі;
-жаңа білімді бекіту;
-білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру.
Студенттердің жұмыстарының барлық топтарын оқытушы оқыту барысында жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті және оның бір ерекшелігі – оқыту үрдісінің барлық кезеңіндерінде қолдануға болады. Сондай-ақ студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстары олардың таным, іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдастыруға болады.
Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Ол үшін мынадай міндеттер орындалу керек:
-Студенттерге өзіндік жұмыстар туралы түсінік беру.
-Студенттердің өз бетімен тапсырма орындау әдістерін таныстыру.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
1. Оқытушының нақты тапсырмалар беруі;
2. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың дербестігінің өзара байланысы;
3. Жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеу;
4. Олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі.
Студенттердің өзіндік ұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады.
Студенттің өзіндік жұмысы- кез-келген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс- студенттің ғылыми, оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне оптималды шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған.
Студенттердің өзіндік жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның атқаратын негізі мен міндеттерін атап өткен жөн болар.
1.Студенттердің дербестік қабілетін мейлінше арттыру.
2. Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.
3. Студенттерге оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
4. Таным ақыл-ой қабылетін дамыту.
Сонымен, өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуда зор әсер білдіреді, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда көздеген мақсатқа жетуге және жеке тұлғаны сапалық қасиеттерін жетілдіруге зор мүмкіндік береді.
26. ЖОО оқытушысының құзыреттіліктерін негіздеңіз.
Оқытушысының құзыреттіліктері келесі жағдайда көрінеді:
— педагогтың сыртқы келбетінен;
— кез келген орын алған жағдайды жылдам және дұрыс бағалай білуі, сондай –ақ өз тәрбиеленушілерінің тәртібі мен қабілеті туралы қорытынды жасауға асықпауынан;
— өз –өзін ұстай білу, қиын жағдайда сезімге жол бермей, салқынқандылық танытуынан;
— оқушыларына қоятын талаптарының ойға сыйымдылығы мен оларға деген сезімталдығынан;
— оқушылардың жас және жеке –дара ерекшеліктерін жақсы білуінен;
— өз еңбегіне сыни көзқараспен бағалай білуінен;
Әдепті педагог жұмысқа, іскери кездесулерге уақытында келеді; өзінің әріптестеріне, оқушыларына, олардың ата-аналарынан алған заттарын уақтылы қайтарады; айналасындағы адамдарға залал келтіретін , алып-қашпа сыбыс пен расталмаған фактілерді дауыстап қайталамайды;
Педагогикалық тәртіп қолданылатын педагогикалық әсер етудегі әдіс, тәсілдердің негізділігімен және икемділігімен сипатталады. Ол бір қалыптылық пен формализмге төтеп бермейді. Тәртіп негізі – педагогтың шыдамдылығы мен салмақтылығында. Педагог ретінде шығармашыл ұжымды басқарушы тәртіпті басшының басты қасиеті — жоғары талап қоя білу, тәрбиеленушілерге шынайы құрмет көрсету. «Тәртіп» түсінігі көптеген жиынтықтардан құралады, бірақ, олардың бәрі кішкентай адаммен және оған деген ерекше сезімталдықпен, қамқорлықпен байланысты. Педагогикалық тәртіп – мұғалімнің педагогикалық қызметіндегі сан түрлі жоспарлы рөлі шартты мұғалім мінезі мен тактикасының икемділігін көздейді. Сабақта — нақтылық, сыпайылық, ұжым сабаққа дайын болмағанда қаталдық. Сабақтан тыс уақытта — жеке әңгімелесу , саяхат кезінде, серуен барысында аса қажет болатын шынайылық, ақжарқындық.
Педагогикалық тәртіп икемділігінің орнына айқай салу, көп сөйлеу, ызақорлық таныту кезінде педагогикалық кәсіби қызметті тез арада керісінше сипаттағы педагогикалық әлсіздікке айналдыруға болады деп тұжырымдайды психологтар. Бұл дәрігердің сырқат адамға көмек көрсетудің орнына, оны ұрып тастауымен пара-пар деген сөз.
Кәсіби- педагогикалық қарым-қатынас әдебінде стиль де маңызды рөл атқарады. Педагогтың оқушыларымен ара-қатынас стилі – бұл әлеуметтік және адамгершілік санат. Ол көптеген маңызды факторларға сай қалыптасуымен қатар, соған тәуелді болады:
— адамның психикалық қалыптасуына;
— оның құндылық бағытына;
— білім деңгейі мен жалпы мәдениетіне;
— маңындағы әлеуметтік ортаның әсеріне;
— адамдардың беделіне (педагогтың қалыптасыуына барынша ықпал еткен тәжірибелі педагтардың өнегесі)
Ешқандай сауалнама жинақтары мен ешбір сауал-сұрақ өткізу жұмыстары мұғалім мен оқушы , тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы тікелей қарым-қатынасты ауыстыра алмайтынын тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл үрдісте мұғалім тарапынан көбіне ақпараттық мәлімдеме басым болады. Мұғалім осындай қысым көрсеткен жағдайда, қарым-қатынас жоғалып, түсініспеушілік орын алады. Мектеп педагогы өзінің оқушыға жасайтын психологиялық ықпалын ескере бермейді, ал бұл болса назардан тыс қалмайтын жағдай. Педагог әр баланың жүрегіне жол тауып, оның жан дүнесінің «құлпын» аша білуі тиіс. Ол өзінің бір ауыз сөзі бала өмірінде үлкен рөл атқаратынын және оны өмір бойы есіне сақтап қалатынын білуі керек.
Педагог пен оқушы қарым-қатынасының талаптарын қалыптастыру қажет десек, олар:
— сенімділік;
— баланы тыңдай білу;
—өз ара түсінушілікті негізге алу;
— іскери қарым-қатынас;
— ықпал етуден өз ара әрекет жасауға көшу қабілеті;
Бұл үрдерістің барысындағы ең маңыздысы мұғалімнің қарым-қатынас шығармашылығы болып табылады. Бірдей тапсырманы, бірдей әңгімені мұғалім әр түрлі ырғақпен , әр түрлі көңіл-күймен беріп, өткізе алады.
Мұғалім сенімділік, сыйластық және сүйіспеншілік тәрізді сезімдерді тудыра білуі керек, оларсыз ұстаз шынайы бедел болмайды. Өзіңізге айналадағы адамдардың қалай қарайтыны жөнінде және ол неге байланысты екенін ойланып көріңіз.
Адамдармен жақсы қарым-қатынас құру мұғалімнің кәсіби қасиеті — оқушыны тыңдай, ести білуіне тәуелді. Педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық қабілетінде.
27. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін реттейтін
Заңнамаларды талдаңыз.
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін басқару ағымдағы заңнамаларға сәйкес ҚР Үкіметі, ҚР Білім және Ғылым министрлігі, және өзге де комитеттермен жүргізіледі. Қазіргі таңда білім беру жүйесін басқаруда келесідей нормативтік құқықтық актілер әрекет етеді:
1. ҚР Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 «Білім туралы» заңы
3. Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67 «Мемлекеттік білім беруді жинақтау жүйесі туралы» заңы және т.б.
Заңдар мен бағдарламалар
• Білім туралы заң алғаш рет 1999 ж. 7 маусымда қабылданды.
o Өзгертілген жылдар:
2001 жылы 11 маусым
2007 жылы 27 шілде
2011 жылы 24 қазан
2012 жылы 9 қаңтар
2014 жылы 18 ақпан
o 2001 жылы 9 шілдеде ғылым туралы заң алғаш рет қабылданды.
o 2011 жылы 18 ақпанда жаңа ғылым туралы заң қабылданды.
2013 жылы 7 сәуірде ғылым туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
Бағдарламалар:
• 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
• 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту бағдарламасы
2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес білім беруді басқаруға қатысты келесідей ережелер бар:
• 3 бап. (Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері),1 т., 9 т.т. «білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы»;
• 5-бап. (Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті), 4 т. «білім беруді басқару жүйесінің білім беру мониторингін және оны ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережелерін бекітеді»;
• 10-бап. («Білім беру жүйесі» ұғымы), 3 т. «білім беруді басқару органдары мен тиісті инфрақұрылымдардың, оның ішінде білім беру мониторингін жүзеге асыратын оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету ұйымдары өзара іс-қимыл жасайды»;
• 59-бап. (Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау), 4 т. «Бірінші мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған», 1 т.т. «Мемлекеттік аттестатталуға жататын білім беру ұйымдары өзін-өзі бағалауды жүргізеді және өзін-өзі бағалау материалдарын білім беруді басқарудың мемлекеттік органдарына табыс етеді»;
Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білім жүйесіне бетбұрыс бірнеше кезеңнен тұрды:
1 кезең
жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар)
2 кезең
жоғары білім жүйесін модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995- 1998 жылдар)
3 кезең
білім беру жүйесін қаржыландаруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар)
4 кезең
жоғары кәсіптік білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі кезең)
ҚР Президентінің Жолдауларында қарастырылған білім берудің бүгінгі талаптарын талдаңыз.
Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б. тіркестермен тығыз байланысты.
Бүгінгі таңда еліміздің әлемдік білім кеңістігіне кірігуі оны халықаралық деңгейге сай құруды, әлемдік ақпараттар ағымына ілесуді, өркениеттік талаптарға сай құрылған нормаларды мойындап, оны ұлттық және жалпыадамзаттық негізде жетілдіруді қажет етеді. Бұл –мемлекетіміздің бәсекелестік қабілетті дамыту стратегиясына, алдағы уақытта экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің біріне ену жоспарына, біртұтас экономикалық және ақпараттық кеңістік құруға ұмтылу жүйесін қамтамасыз етудің мүмкіндіктерінің басты көзі болып табылады.
Біріншіден, ғаламдық ақпарат ғасырында өмір сүріп отырған қоғам дамуында адамзат білімінің құндылығы басты орын алады. Олай болса, әлемдік аймақтағы мемлекетіміздің орны оның білімі мен ғылымның дамуының бағыт-бағдарына, негізгі өркениеттік ұстанымдарды игеруіне және нақты жетістіктеріне тікелей байланысты.
Екіншіден, білім беру – қазіргі қоғамдағы басты құндылық адам ресурсының толыққандылығын ұсыну мен оның сол мемлекеттің әлемдік деңгейде дамуына мүмкіндіктер ашатын интеллектуалдық, саяси т.б. элита қалыптастыруының алғашқы баспалдағы болып табылады.
Үшіншіден, бүгінгі жалпыадамзатық ақпараттық қоғамның талаптарына сай ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін еркін меңгеру, «ақпараттанған қоғамда ақпараттанған адам» дайындау да білім беру жүйесіне тікелей байланысты екендігі сөзсіз.
Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық көштің бұйда ұстар тұсында тұрады десек, қазіргі кезеңде еліміздегі білім саласында жүріп жатқан реформаларға байланысты білім беру жүйесі терең құрылымдық өзгерістермен сипатталады. Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру мәселесі-ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл бағытта балаларға жоғары деңгейде білім беретін, еңбекке баулитын, талабын оятып, қозғау салатын орын- мектеп. Бүгінгі өркениетті қоғамда білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру.
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің тиімді жолы — білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақ-стан Республикасының «Білім беру» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдар-ламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдаулары жақсы дәстүрге айналды. 2008 жылғы Жолдауында «… Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту» керек екеніне назар аударды. Инвестиция жұмсаудың ең тиімді, ең ұтымдысы – білім беру саласын инвестицияландыру», — дейді Елбасы Н.Назарбаев ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Өйткені, оқушы мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар іс жүзіндегі білімінің алғы шарттарын меңеруі тиіс. Ал теориялық білімді өмірмен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.
Дәріс – Ежелгі Гректерде пайда болып, орта ғасырларда Ежелгі Римде одан әрі дами бастады. Алғаш латын тілдерінде жүргізілді. Пән мұғалімі кітаптар оқыды, мәтінге өз тарапынан көзқарас білдірді. Ортағасырлық университетттерде таңертең қарапайым түрде дәрістер оқылды, ал кешке – қысқаша түрде қайталанып отырды. Дәрістен шыққаннан кейін студенттер бірлесе отырып дәрістің мазмұнын еске түсіріп талдаулар жасады.
Дәріс (латын тілінен «lectіоң — оқу ) жоғары оқу орындарында дәстүрлі және басқаратын оқытудың түрі.
Дәріс – монолог ретінде жүзеге асатын жауапты публикалық қойылым болып табылады. Дәріс беруші аудитория (студенттер) алдында түзетусіз “таза” сөйлеуі қажет. Жазу столында жіберген қателікті оңай сызып тастай алсақ, дәрісті оқу барысында қате жіберу мүмкін емес. Бұның бәрі дәріс берушіден лекцияға дайындалу кезінде тіл және баяндау стилімен көп жұмыс істеуді талап етеді.
Мазмұндаманың қарапайымдылығы мен жеңілдігі жоғарғы мектептегі дәрістің басты жетістігі болып табылады. Анықемес және бұрмаланған мазмұндаманың екі себебі бар: 1) дәріс берушінің жауап беріп отырған сұрағын терең түсінбеу; 2) өз ойындағын тыңдаушыларға қарапайым түрде жеткізе білмеуі. Дәрістің қарапайымдылығы мен түсініктілігі мазмұндаманың қысқа болуымен тығыз байланысты. Ғылым тілі қысқа. Академиялық дәрісте көп нәрсе айтуға болады, бірақ көп сөйлеуге болмайды. Дәріс берушінің ұзақ мағынасыз сөзі тыңдаушыны жалықтырады және шаршатады. Өкінішке орай жоғарғы оқу орындарында өзімен өзі түсінікті қарапайым нәрсені қайталап түсіндіре беретін, көп сөйлейтін дәріс берушілер кездеседі. Дәрісті оқу шаблонды болмауы қажет. Дәрістің формасы бірқатар жағдайларға және ең бастысы материал мазмұны мен тақырыбының сипатына байланысты болады. Дәрістегі шаблон дәрісшінің оқылатын дәрісті дайын кітаптағы фраза түрінде бергенде пайда болады.
Дәріске қойылатын талаптар:
1. Құрылымдық негізін құру (жоспар) және сұрақтарды қисынды етіп қойып, оған нақты жауап беру.
2. Теоретикалық өзекті мәселелерді анықтап алу.
3. Теоретикалық білімді өмірмен байланыстыру.
4. Нақты дәлелдер мен дәйектерді жеткілікті мөлшерде қолдану.
5. Логикалық фактілерді келтіре отырып студенттердің қызығушылығын арттыру, өздік жұмыстарға бағыт беру.
6. Қазіргі кездегіғылым мен техниканың даму сатыларын және солардың жақын уақытта дамубарысын болжай білу.
7. Материалғаарнапәдістіөңдеу.
8. Жан – жақтыдемонстрациялықоқытудыпайдалану.
9. Қарапайым да, түсініктітілменжеткізу, кензденскенжаңатерминдердіңмағынасынашып беру.
Дәрістіңнегізінде – ой, ойлылықты, қызықты, қисындысұрақтарменжеткізу , анық, дәл, естеқаларлықтайәрекетжасау. Студенттердіңкүш – жігерін, қызығушылығынбаурайтындайету, ойды – ойғажалғастыруөзектіойдыңдамуынақолжеткізуқажет.
Білімберудегідәстүрліоқытудыңтүрі: семинар
Семинар – латынтілінененген (semіnarіum)- білімқалыптастырушы, ойдынегіздеуші. Студенттердіңтанымпроцесіндежанданады. ЕжелгіГрециядаалғашстуденттердіңарасындапікірсайыс , оқытушымәліметімен, қорытындысытүріндепайдаболды, Ортағасырлардауниверситеттердеаптасайын педагог пен магистрлікдәрежегеиеболғандардисппуттүрінжүргізді. XVІІ ғасырлардаБатысЕвропадақолданабастады.
Семинардыөткізудіңмақсаты – тәртіпбойыншабілімдітереңдету. Білімалушыларғаөзіндікізденісдағдысынқалыптастыру, ақпаратқа анализ жасауғажәне де ғылымиойлаудыңдамуынқалыптастыру. Семинар- шығармашылықпікірсайыстарғақатысуға, дұрысшешімдерқабылдайбілуге, өзіндіккөзқарастанытуғамүмкіндікбереді
Семинардыөткізудіңнегізгіміндеті: дәрістеалғанбілімдібекіту, өзіндікжұмыстардыңтиімділігі мен нәтижеберуінтексеру, алдағымәселенішешудеөздіндікмүмкіндіктердікөрсетебілугемашықтандыру;
Семинар белсендіжүргізуүшінолбасқарушылық, пікірсайыстықсипатқаиеболуықажет. Пікірсайыстықтақырыбын, өзектілігін педагог алдын – ала ойластырады.
Дәстүрлісеминарлар: пікірталас семинары, рефераттар мен баяндамақорғаут.б. семинарларболыпбөлінеді.
Оқытудың лекция-семинарлық формасын сипаттаңыз.
ЖОО лекция – оқытудың дидактикалық циклінің негізгі звеносы. Лекция сөзі латыннан «lection» — оқу дегенді білдіреді.
Лекция ежелгі Грецияда пайда болды. Ресейде оқытудың лекциялық формасын дамытқан М.В. Ломоносов болып табылады.
Оқытудың лекциялық формасы басқа ешбір сабақ түрімен ауыстырыла алмайтын кездер болады:
• жаңа курстар бойынша оқулықтардың жоқ болуы кезінде лекция – ақпараттың негізгі қайнар көзі болып табылады;
• нақты тақырып бойынша жаңа оқу материалының оқулықтарда әлі басылып шықпаған кезінде;
• оқулықтың белгілі бір тақырыбы өзбетті оқу үшін тым күрделі болған кезе;
• курстың негізгі мәселелері бойынша қарама-қарсы концепциялардың болуы кезінде.
Лекцияның артықшылықтары:
• лектордың аудиторимен көркемөнерлік қарым-қатынасы, эмоционалды әсер етуі;
• лекция – білімдердің негізін жалпы түрде алудың өте үнемді тәсілі;
• лекция жақсы тыңдалып түсіндірілген кезде ойлау қызметін белсендендіреді.
Алайда оқыту процесі лекциядан басталып тәжірибелік сабақтарда жалғасып, өзбетті жұмыста тереңдетіледі.
Лекцияға қойылатын талаптар:
• лекцияның әдепті жағы
• ғылымилық пен ақпараттанғандық
• дәлелденгендік
• ашық, сенімді мысалдардың болуы
• оқытудың эмоционалды формасы
• тыңдаушының ойлауын белсендендіру
• ойлауға арналған сұрақтарды қою
• бірізді қойып сұрақтардың нақты құрылымы мен ашылу логикасы
лекция түрі мен құрылымы.
Құрылымы бойынша лекциялар бір-бірінен айырылады.
Тақырыпты ашу кезінде индуктивті әдісті қолдануға болады:ғылыми қорытындыларға әкелетін мысалдар мен фактілер, сонымен қатар индуктивті әдістерін де қолдануға болады:жалпы жағдайларды түсіндіріп, ары қарай нақты мысалдарда ашып көрсету.
ЖОО дәстүрлі лекция әдетте ақпараттанған болып табылады да, оның бәрнеше түрлері болады:
Кіріспе лекция – курстың мақсаты, пән жүйесіндегі рөлі мен орнымен таныстырылады. Бұнда ғылыми проблемалар қойылып, гипотезалар алға шығарылады.
Шолу лекциясы. Бұл қысқаша конспек емес, — білімбердің неғұрлым жоғары деңгейңнде жүйелендірілуі.
Лектордың мұндағы міндеті – студенттерге конспектілеуге мүмкіндік беру;яғни тыңдауға, ойластыруға, қайта ойластыруға, қысқаша жазуға.
Проблемалық лекция. Бұндағы оқытушының міндеті – проблемалық жағдай құрып, туденттерді проблеманы шешу жолдарын табуға көмектесу. Бұл үшін жаңа теориялық материалдарды проблемалық тапсырмалар формасында көрсетеді. Проблемалық лекцияның арқасында теориялық ойлаудың дамуы, пән мазмұнына танымдық қызығу, кәсіби мотивация, корпоративтілік қамтамасыз етіледі.
Лекция-визуализация. Лекция-визуализация көрнекілік принципінің жүзеге асыру жаңа мүмкіндіктерінің іздеуінің нәтижесі ретінде пайда болады.
Көрнекіленген лекция дегеніміз – визуалды формаға түрленген ауызша ақпарат болып табылады.алдын ала даярланған көрнекі материалдар келесідей талаптарға сай болуы қажет:
• алынған білімнің жүйелілігін қамтамасыз етуі керек;
• жаңа ақпаратты меңгеру;
• проблемалық жағдайларды құру мен шешу;
• визуализацияның түрлі тәсілдерін демонстрациялау.
Көрнекіленген лекциядағы маңызды нәрселер: белгілі бір визуалды бірізділік пен материалды таныстырудың белгілі бір ритмі, оның мөлшерленгендігі, оқытушының аудиториямен қарым-қатынасының шеберлігі мен стилі.
Бұндай лекцияға даярланудың негізгі қиыншылықтары – визуалды құралдарды жасап шығару мен лекцияны оқу үрдісінің режиссурасында.
Есепке алуға қажетті жағдайлар:
• аудиториядағы даярлық мен білімділіктің деңгейі;
• кәсіби бағыттылық;
• нақты тақырыптың ерекшеліктері.
Екі адам қатысатын лекция. Лекцияның бұл түрі екі оқытушының диалогындағы материалда проблемалық оқытудың дамуы болып табылады. Бұнда екі маман теориялық және практикалық сұрақтарды шешудің шынайы жағдайларын модельдейді.
Бұндай лекцияның артықшылықтары:
• студенттер ие білімдерді өзектеу;
• проблемалық жағдай туындайды;
• екі бастаудың арқасында студент таңдау жасай алады, педагогтың кәсіби біліктілігі алға шығады.
Алдын ала жоспарланған қателері бар лекция. Бұл лекцияның қызметі:
• студентердің зейінін белсендендіру;
• олардың ойлау әрекеттерін дамыту;
• эксперт рөлінде шығуды қалыптастыру.
Лекцияға мазмұндық, әдістемелік, әрекет-қылықтық сипаттағы белгілі бір көлемдегі қателіктер енгізіледі.
Студенттердің бұндағы міндеті лекция бойында қателіктерді тауып, бекітіп лекция аяғында жауап беру. Қателіктерді талдауға 10-15 минут беріледі.
Пресс-конференция лекциясы. Оқытушы студенттерді берілген тақырып бойынша жазбаша сұрақтар қоюды өтінеді.
2-3 минут ішінде студенттер қажетті сұрақтарды формулировкалап оқытушыға өткізеді, ол 3-5 минут ішінде бұл сұрақьтарды топтастырып, лекцияны бастайды.
«Семинар» сөзі латынның «seminarium» — екпе жер дегенді білдіредң.
Қазіргі күндегі ЖОО-нда семинар тәжірибелік сабақтардың негізгі түрінің бірі болып, студенттердің ғылыми ойлау міндетін дамытушы құрал ретінде саналады. Семинарларда келесі педагогикалық міндеттер шешіледі (А.М. Матюшкин бойынша):
• кәсіби ойлаудың дамуы;
• танымдық мотивация;
• оқу жағдайындағы білімдерді кәсіби пайдалану;
• білімдерді қайталау мен бекіту;педагогикалық қарым-қатынас.
Семинар – бұл студенттермен тікелей байланыс, сенімді қарым-қатынастардың орнауы мен өнімді педагогикалық қарым-қатынас.
Студенттерді бағалай сипатындағы жауаптарға, рефераттарды тыңдауға, дискуссияларға бағдарлау керек.
Семинар сабақтарын ұйымдастыруда біріккен әрекет принципі жүзеге асады. Білімдерді меңгерудің принципі тапсырманың шешуі индивидуалды түрде емес, ұжымдық формада жүзеге асқанда неғұрлым нәтижелі болады.
Семинарға дайындық келесідей жоспарланады:
1. тақырыпты таңдау, міндеттерді анықтау;
2. қосымша әрекеттерді іздестіру;
3. талқылауға арналған сұрақтарды даярлау;
4. жауап беруге арналған тапсырмалар мен тақырыптарды бөліп беру;
5. алдын ала жұмыстар мен кеңес берудің ұйымдастырылуы;
6. жауапты бағалау критерийлерін анықтау;
7. өткізудің әдіс-тәсілдерін таңдау;
8. көрнекілік құралдарын таңдау;
9. семинарды өткізу жоспарын құрастыру.
Семинар сабақтарының құрылымы түрлі болуы мүмкін, ол талқылайтын сұрақтардың дидактикалық тапсырмалардың, студенттердің өзбетті жұмысқа даярлану деңгейіне тәуелді болады:
1. оқытушының кіріспе сөзөі: міндеттерді алға қою, проблеманы алға қою, семинарды өткізу жоспарымен таныстыру;
2. студенттердің жауабын тыңдау;
3. талқылау кезінде семинар сұрақтарына мән беру;
4. қорытындыларды шығару.
31. Оқу-тәрбие процесіндегі ізгілендіру мәселелері туралы Сіздің пікіріңіз.
«Тәрбие ісі» ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұргысынан қарастырылады — үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар, жәй қатысушылыр) және тәрбиеленушілердің, қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық-бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді.
Ізгілендіру – білім беру процесінің қажеттілігін дәлелдейтін, жаңа педагогикалық ойлаудың негізгі элементі. Сонымен қатар «Ізгілендіру» — қоғамның ең жоғары әлеуметтік құндылығы ретінде әр балаға көңіл аударуды күшейту, жоғары интеллектуалдық, адамгершілік қасиеттері және дене қуаты жетілген азаматты қалыптастыруға бағдар беру.
Қазіргі кезеңде ізгілендіру мен демократияландыруға бағытталған білім стандартын, оқытудың озық технологияларын, экологиялық білім негіздерін оқыту үрдісіне енгізу білім беру жүйесін дамытудың негізі болып табылады. Сол себепті, экономикалық сана және экологиялық мәдениеттілікті болашақ маман иелерінің бойына қалыптастыру үшін кәсіпкерлік және нарықтық шаруашылықтың заңдылықтарымен студенттерді міндетті түрде таныстыра отырып, экологиялық білім негіздерін оқыту кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастыру – кезек күттірмес міндеттердің бірі.
Ізгілендіру мәселелері бойынша менің ойыма келер болсақ: Студенттердің тәрбие жұмысын ұйымдастыру – аса күрделі мәселе. Тәрбие негізінің бір бастау бұлағы университетте жүргізілетіні мәлім. Сондықтан өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі жұмыстардың ойып алар өз орны бар және оның берер тағлымы да мол. Сабақтан тыс тәрбие жұмыстарының маңызы және оны ұйымдастыру жолдарына ғылыми тұрғыдан баға бере келіп, Қ. Мұхамеджанов бұл бағыттағы өз ойларын былай сабақтайды:”Сабақтан кейін ұйымдастыруға мүмкіншілігі бар тәрбие жұмыстары өте көп… әртүрлі тәрбиелік маңызы бар пайдалы жұмыстармен жас ұрпақты шұғылдандыруға болады. Мысалы: көркем әдебиет кітаптарын оқу,әңгіме өткізу, экскурсия жасау, үйірме сабақтарын ұйымдастыру, сауық кештерін өткізу, дөңгелек үстелдер, пікірталастар, қоғамдық пайдалы жұмыстар істеу, еңбек ету т.с.с. Сөз жоқ мұндай шаралардың мәні зор, өйткені олар жастардың алған білімдерін кеңейте түседі, шығармашылық істерге жетелейді». Сондай жұмыстардың қатарына кітап оқырмандар конференциясы жатады. Кітап оқырмандар конференциясын ұйымдастырудың басты мақсаты – студенттерді сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту, рухани адамгершілікке тәрбиелеу. Бұл жердегі тәрбиенің басты құралы – көркем сөз. Ол адамның рухани-адамгершілік қасиеттерін байытуға қызмет етеді. Рухани- адамгершілік деген ұғымға адамның жеке басының ар-ұжданы, көркем мінез бен абырой-намысты қадірлеп сақтауы, отбасын, өскен ауыл-аймағын, ұлтын, елін және бүкіл адамзатты құрмет тұтып, сүюі жатады. Бұл ізгі қасиеттер біздің бойымызға көркем шығармаларды оқу арқылы нығайып, қалыптасып, дамитын болады. Қорыта айтқанда, бүгінгі таңда жастар бойында азаматтылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру үшін олардың тарихи санасын ояту қажет. Сонда елдің келешегін ойлар азаматтардың көбейетініне сенеміз. Ұрпақтардың тарихи-мәдени сабақтастығын сақтау әр кезде де ұтымды жол санаймыз.
Жоғары мектептегі куратор-эдвайзердің қызметін сипаттаңыз.
Эдвайзер және оның қызметі
Эдвайзер қызметін бұғанға дейін куратор атқарған. «Кураторң (curator) сөзі – латын тілінен аударғанда қамқоршы деген мағынаны білдіреді. Куратор – ол студенттің өмір сүруіндегі тәрбие, бос уақытты ұйымдастыру, еңбектену, әлеуметтік сұрақтарын шешу үшін деканат тағайындаған оқытушы. Куратор университетте студенттермен бір мезгілде пайда болды және жоғары білімнің бүкіл даму тарихымен бірге болды. Онымен бірге куратордың міндеттері, дәрежесі, біліктілік мазмұны, студенттермен қарым-қатынасының сипаты өзгеріп отырды.
Куратор-эдвайзерлердің қызметі (қызметтік міндеттері)
Куратор-эдвайзер тәрбие жұмысын жүзеге асыру барысында төмендегідей қызметтерді атқарады:
Топбелсенділерін (активін) қалыптастыруға және студенттік топ пен топ белсенділері арасындағы өзара тиімд іқарым-қатынастың орнауына; топтық ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа; қоғамдық ұйымдар және факультет әкімшілігі, топ арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге ықпал етеді.
1. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, студенттік топтың оқу жылындағы мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Топ белсенділерімен бірлесе отырып, университеттің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес тәрбие жұмысының үзіліссіздігін және сабақтастығын, мақсатын сақтай отырып оқу жылының жоспарын қалыптастырады.
Топ жұмысы жоспарының орындалуын қадағалайды, топ белсенділерінің қызметін айқындайды.
2. Топ жұмысы жоспарының орындалуын қадағалайды, топ белсенділерінің қызметін үйлестіреді және университет, факультет әкімшілігі және студенттік топ арасында байланыс орнатушы негізгі тұлға болып табылады. Ол студенттердің университет пен қоғам өміріне қатысуын жандандыру үшін қоғамдық ұйымдар мен ұдайы байланыста болады.
3. Топ студенттеріне оқу-тәрбие үдерісіне қатысты ректордың, деканның бұйрықтары мен өкімдері туралы ақпаратбереді. Студенттерді ішкі тәртіп ережелерімен, университет Жарғысымен және ұйымдастырушылық құрылымдармен таныстырады. Университетте және факультетте өткізілетін байқаулар, конференңиялар, жарыстар, олимпиадалар туралы хабар береді. Университеттегі және факультеттегі топтар мен студенттердің жұмысының үздік тәжірибесін насихаттайды.
4. Факультет әкімшілігіне, қоғамдық ұйымдарға студенттердің мүдделері, талаптары, ұсыныстары туралы ақпар береді.
5. Қажет болған жағдайда студент жастардың әлеуметтік-психологиялық мәселелері негізінде студенттерге психологиялық қолдау және көмек көрсетілуінұйымдастырады.
6. Азаматтық, адамгершілік, эстетикалық, кәсіби және мәдени, спорттық және көпшілік жұмыстары бөлімдері бойынша өткізілетін нақты іс-шараларды анықтайды.
7. Жастардың патриотизмін арттыра отырып, студенттердің азаматтық белсенділігінің қалыптасуына ықпал етеді, болашақ мамандардың азаматтық, құқықтық және кәсіби ой-пікірінің қалыптасуына қатысады.
8. Жастардың салауатты өмір салтын қадағалауына ықпал етеді, ішімдік, темекі шегу, нашақорлықтың алдын-алу бағытындағы іс-шараларды ұйымдастырады.
9. Құқық бұзушылықтың және студенттік ортадағы деструктивтік саяси құбылыстардың алдын алу бойынша іс- шаралар өткізеді.
10. Студенттердің университеттің, факультеттің және кафедраның байқауларына, олимпиадаларына, ғылыми семинарларына, конференцияларына және қоғамдық ұйымдардың басқа да іс-шараларына қатысуын жандандыруға ықпал етеді.
11. Студенттік өзін-өзі басқару, студенттер құрылыс жасағының қозғалысына, клубтарға, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдардың жұмысына қатысуына ықпал етеді.
12. Бос уақытты тиімді өткізу формалары мен әдістері туралы студенттерге ақпарат таратылуын ұйымдастырады.
13. Студенттердің өздері таңдаған мамандықтарына қызығушылықтарын арттыруға ықпал ететін тақырыптық іс- шаралар ұйымдастыруға қатысады, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер, колледждер, лицейлер жәнет.б. оқушылар арасында профориентациялық жұмыстарды жүргізеді.
14. Өзі жетекшілік ететін топ студенттерінің ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, студенттердің тәртібін және үлгерімін бақылайды.
Куратор-эдвайзер келесідей құжаттарды жүргізуі тиіс:
• куратор-эдвайзер күнделігі;
• тәрбие жұмысының жоспары;
• есептер: ағымдағы ақпарат (ай сайын), тоқсандық және жылдық.
Ректормен кездесуге, университеттің, факультеттің жалпы жиналысына, Куратор-эдвайзерлер кеңесінің жұмыс жоспары бойынша әдістемелік дәрістер мен семинарларға ұдайы қатысады.
33.Білім берудің жаңа парадигмасы. ҚазҰУ-ң даму стратегиясын сипаттаңыз.
Парадигма(гр. үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде алынған теория; теориялық көз-қарастардың, методологиялық принциптердің, әдістемелік қабылдаудың және эмпиризмдік нәтижелердің бірігу жүйесі; ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымдастықпен қабылданған және болжамдарды ғылыми ұғыну үшін, ғылыми таным процесінде туатын міндеттерді шешу үшін үлгі, модель, стандарт ретінде пайдаланылатын теориялық және әдістемелік ережелер жиыны.
Парадигма” ұғымының енуі Бергманның және оны терең талдау, физик, философ Т. Кунт есімдерімен байланысты. Т. Кунт парадигма идеясын ғылым дамуының кезеңдерін анықтауда пайдаланды. Парадигма – ғылым дамуының негізгі өлшем бірлігі ретінде түсіндіріледі. Т. Кунт бойынша, ғылыми білім дамуы мынадай сызба бойынша жүреді: қалыпты ғылым ғылымдағы ауытқушылық ғылымдағы тоқырау жаңа парадигма (альтернативті теориялар бәсекелестігі және бұрынғы парадигманың ауысуы) ғылыми төңкеріс қайтадан қалыпты және одан әрі дамудың жаңа тарауы.
Ғалымдардың пікірлерін тірек ете отырып және талдау нәтижесінде: білім берудің жаңа парадигмасы – жаңа өркениеттік бағдар тұрғысында, мемлекеттік стандарттарға сай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, инттеллектуалдық білім орталығы ретіндегі инновациялық мектепте ғылыми-әдіснамалық негізделген білім берудің концептуалдық моделі деген анықтама берілді.
ҚазҰУ-ң даму стратегиясы
Миссиясы: Кадр потенциалын құру – отандық және шетелдік жұмыс нарығында бәсекелестікке қабілетті жоғары білікті мамандар дайындау.
Болашағы: Әлемнің ТОП-200 жетекші ғылыми-зерттеу университеттер құрамына ену.
Мақсаты: Классикалық ұлттық университеттен әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2015-2020 жылдарға арналған стратегиялық жобасында 6 стратегиялық бағыт анықталды:
1-стратегиялық бағыт. Білім беру қызметі сапасын арттыру.
2-стратегиялық бағыт. Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет сапасын арттыру және дамыту.
3-стратегиялық бағыт. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
4-стратегиялық бағыт. Тәрбие және әлеуметтік жұмысты жақсарту, жастарды мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық дамуына қатыстыру.
5-стратегиялық бағыт. Инфрақұрылымды дамыту және жаңа информациялық технологияларды енгізу.
6-стратегиялық бағыт. Қаржы – экономикалық қызмет тиімділігін арттыру.
.Шығармашыл тұлғаның моделін құрастырыңыз.
Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шыңындағы өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы білім, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Шығармашыл тұлға -Оның сыртқы келбеті ұқыптылық пен жарасымдылықпен сипатталады, педагогикалық әдебі жоғары, басқаны түсіне біледі. Прогрессивті алдыңғы қатарлы ойларды уағыздаушы, сыни ойлау деңгейі жоғары, өзгенің ойын, өзгенің пікірін, құрметтей біледі, ұстамды. Өз білімін тұрақты көтеріп отырумен жүйелі айналысады, өз жұмысына рефлексия жасауға қабілетті. Эрудициясы, жалпы мәдениеті жоғары, эстетикалық талғам және көркемдік мәдениеті жинақталған.
Шығармашыл тұлға -Оның рухани байлығы алдымен балаға деген махабатында, жоғары адамгершілігінде және арлылығы мен ұяттылығында байқалады. Өмірдің мәнін және мақсатын түсінуге, өзінің кісіби орынын анықтауға ұмтылыста оның руханилығы көрінеді. Ол әлемдегі және адами қарым –қатынастағы сұлулықты өте жоғары сезінгендіктен онда эмпатия және талдай алушылық жоғары дамыған. Өсіп келе жатқан баланың ішкі жан – дүниесінің байлылығын түсінуге үнемі тырысатындығы оның өзінде планетарлық ойлауды дамытуына негіз юолады.
Шығармашыл тұлға – ізгілікті тұлға. Оның ізгіліктілігі қайрымдылылығы, барлық тіршілік иелеріне, ең алдымен бабаларға деген сүйіспеншілігінен байқалады. Ол кезкелген уақытта өз оқушыларына, жалпы балалрға көмекке келуге әзір. Өзгеше ойлайтын адамдарды құрметтейді, өз көзқарасына сәйкес келмесе де ол адамдардың қалыптан тыс ойларын түсінуге деген төзімділігі шексіз. Әртүрлі ұлт, дін, мәдениет өкілдеріне бірдей сыйластықпен қарайды. Оның тек оқушылармен ғана емес,ата – аналармен, әріптестерімен ынтымақтаса алу қабілеті зор.
Шығармашыл тұлға – Ол белгілі әлеуметтік мәдени ортада өмір сүріп, еңбек етіп жатқандықтан сол ортаның өнерін тұрмыс салтын, мәдениетін бойына сіңірумен қатар оны құрметтеп басшылыққа алады. Өзінің жалпы мәдениетін көтеру оның айнымасөмірлік қағидаларының бірі.
Осыған орай шығармашылық әлеуеттің акмеологиялық сипаттамасы:
• Кәсіби қызығушылықтардың жаратушылық бағыттылығы;
• Жаңашылдық әрекетке деген қажеттілік;
• Инновацияға бейімділік;
• Жалпы және кейбір арнайы интелектінің жоғарғы деңгейде болуы;
• Ассоциациалық байланыстарды қалыптастыруға деген бейімділік,
• Жақсы дамыған елестете алушылық;
• Мінез – құлық пен әрекетті реттеп отырудағы күшті жігерлік;
• дербестік;
• өзінің ахуалын басқара алушылық, әсіресе шығармашылық белсенділігін ынталандыра білушілік.
Шығармашыл тұлғаның ерекше қасиеттерінің қатарына педагогикалық импровизацияны жатқызамыз. Педагогикалық импровизацияны (суырып салмалық деуге де болады деп ойлаймыз) А.К.Маркова «күтпеген педагогикалық шешімдерді тауып, оны жүзеге асыра білу» деп түсіндіріп, оның төрт кезеңнен тұратынын атап көрсетеді: 1)педагогикалық ойдың жарқ етуі; 2)педагогикалық мақсаттың мәнін бір сәтте ұғынып, оны жүзеге асырудың жодарын жылдам таңдай алу; 3)педагогикалық идеяны жұртшылық алдында нақтылы түрде көрсете алу; 4)ой қорытып көрсеткен педагогикалық идеяны тез арада талдай білу;
Жаңалық ашу өздігінен келе салмайды, оған алдын – ала жасаған қажырлы еңбек құлшындырады десек, дәл сол сәтті шабытты шақ деп сипаттауға болады. Шабыт — адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы. Шабыт жаңа туындының пайда болуына бастайды.
Ғылыми әдебиеттерде шығармашылықтың төмендегідей түрлері анықталған: 1)материалдық – техникалық; 2)рухани – теориялық; 3)әлеуметтік – ұйымдастырушылық; 4)педагогикалық; 5)көркем –шығапмашылық; т.б.
М.М. Поташник мұғалімнің шығармашылығы мына жағдайларда көрінеді деп есептейді:
1. мәселені шешудегі тапқырлықта;
2. жаңа формалар әдістер, тәсілдер, технологиялар жасап, оларды тиімді қолдана алуда;
3. белгілі тәжірибені жаңа жағдайда тиімді пайдалана алуда;
4. жаңа міндеттерге сәйкес белгіліні жетілдіре, өзгерте алуда;
5. жоғары интиуциямен нақты есеп негізіндегі сәтті импровизацияда;
6. бір мәселені шеше алудың бірнеше жолдарын көре алуда;
7. нақты педагогикалық іске әдістемелік әдістемелік нұсқаулар мен теориялық ережелерді трансформация жасай алуда.
35.Тұлғаның болашақ мамандыққа деген қызығушылығын дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу туралы Сіздің пікіріңіз.
Қазіргі уақытта кәсіби бағытталған тәсілдеме кәсіби іскерлікке психологиялық, тәжірибелік және адамгершілік дайындықты қамтиды. Кәсіби өзін-өзі анықтау тұлғаның кәсіби дамуының бастапқы кезеңі болып табылды. Мұндай даму, кәсіби өзін-өзі анықтаудан басқасын, мамандыққа дайындау, бейімделу, шеберлікті дамытуды қамтиды [1].
Таңдалған мамандықты қанағаттандыратын үш негізгі талаптар бар [2]:
— тұлғаның ықыласы, қызығушылығы және бейімділігі, яғни «қалаймын» терминімен;
— тұлғаның мүмкіндіктері — білімі, қабілеттілігі, психологиялық ерекшеліктері, денсаулық жағдайы «істей аламын» терминімен;
— еңбек нарығындағы кадрларға деген сұраныс – «Қажет».
Дұрыс кәсіп таңдау үшін болашақ дәрігер үш нәрсеге бейімделуі тиіс:
— біріншіден, өзінің кәсіби қызығушылығын мен икемділігінді анықтау қажет, яғни мұны шартты түрде «Мен қалаймын» деп атауға болады;
— екіншіден, өзінің кәсіби маңызды сапаларынды бағалау. Олар: кәсібі жарамдылық пен мүмкіндіктерді анықтайтын денсаулық пен қабілеттілік, яғни мұны шартты түрде «Мен істей аламын» деп атауға болады;
— үшіншіден, қандай кәсіп еңбек нарығындағы сұранысқа ие екендігін, олардың ішіндегі келешегі бар, қай мамандық бойынша мамандар жетпейтінін анықтау қажет, яғни бүгінгі күні қоғамға «Қажет» мамандықтар.
Мамандықты дұрыс таңдау әр адамның өз жауапкершілігінде. Егер адам өзінің «қалаймын», «істей аламын» және «қажетін» қатар қолданса, оның кәсіби таңдауы сәтті және зерттеулердің нәтижесі бойынша мұндай адамның кәсіби іскерлік үрдісіндегі қайтарымдылығы 100% болады. Егер мамандыққа қызығушылық жоқ боласа, онда мұндай адамнан пайдалы қайтарымдылық – 85%-ды, ал егер қызығушылық пен қабілеттілігі жоқ, тек жеке дағдылар мен ептілік қана болса, онда қайтарымдылық 30 % ғана құрайды [3]. Өзге сөзбен айтқанда, адамның міндеті өзіне қызықты және тартымды, еңбек нарығында сұранысқа ие, қабілетіне сәйкес келетін кәсіп таңдау қажет. Сонда ғана оның таңдауы сәтті болмақ. Дұрыс таңдалмаған кәсіптің зардабы тек адамға ғана емес, бүкіл қоғамға да әсерін тигізеді. Кәсіпті ауыстыру, жұмыспен қанағаттанбау адамның таңдаған кәсіби жолындағы қателіктің салдары болып табылады [4]. Адамның мамандықты қате таңдауына көптеген себептер әсер етуі мүмкін, Е.Е. Смирновтың мәліметіне сәйкес адамның жасаған барлық қателіктері үш топқа бөлінеді [6]:
Тұлғаның кәсіби дамуының кезеңдері
— Кәсіп әлемін білмеуі;
— Өзін-өзі білмеуі;
— Мамандық таңдау тәртібін білмеуі.
Бірінші себеп — кәсіп әлемін білмеуі: көптеген мектеп оқушыларының кәсіп әлемі туралы әлсіз ақпаратқа ие болуы, нақты кәсіптегі еңбек шарты мен сипаты бойынша қате көріністің әсері. Кәсіп туралы көрініс үнемі толық емес және бұрмаланған болып келеді (адамның кәсіп талабын білмеуі, еңбек ақы және жұмыс шарты туралы жаман түсінкте болуы). Әр адам қандай мамандықтың бар екені туралы, олардың адам қабілетіне қандай талаптар қоятыны туралы жақсы мәлімделген болуы тиіс.
Екінші себеп – адамның өз мүмкіндіктері туралы бұрмаланған көрініс (жеке қасиеттері туралы білмеуі, өз қабілеттері мен дағдыларын жете бағаламау не болмаса асыра бағалау).
Үшінші себеп – мамандықты таңдау тәртібін білмеудің мәні, яғни кейбір жағдайда оқу пәніне деген қызығушылық автоматты түрде таңдаған мамандықтың бағдары болып кетеді, бірақ өзінің қабелетінді бағаламай мектеп пәніне деген махаббаттың салдарынан мамандық таңдау әрдайым дұрыс бола бермейді. Мамандық таңдаудағы тағы бір қателік бұл болашақ жұмысты таңдау ата-аналардың қалауымен байланысты, немесе баланың қабілеті мен икемінсіз отбасы әулетін жалғастыру. Қазіргі еңбек нарығының тез өзгеруіне байланысты, үлкендердің кәсіп туралы ескірген көріністері шектеуден басқа ешқандай жақсылықты көрсетіп тұрған жоқ.
Барлық бұл қателіктерден тек өзінің жеке қабілетінді, жеке қасиеттерінді, дайындық деңгейінді және икемділігінді көрсете білсен ғана арыла аласын.
Қорытындылай келе, мамандық таңдаудағы жиі қалыптасатын қателіктер [7]:
1. Мамандық таңдауға деген қатынас өмірлік баспана таңдайтындай сияқты болуы тиіс;
2. Қоғамға маңызды кейбір мамандықтар мен кәсіптер әдепсіз және лайықсыз болып саналады, бұл – ар-намыс сенімі;
3. Достарынан қалмау үшін мамандықты серіктестік үшін таңдау;
4. Қатынастың мамандық иесіне емес мамандықтың өзіне ауысуы;
5. мамандықтың тек сыртқы немесе қандай да бір жеке жағына қызығушылық және т.б.;
36.Жоғары сынып оқушыларының білім деңгейі мен кәсіби бағдарын анықтауға бағытталған сауалнама құрастырыңыз
Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.
Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғары білім беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың басқару жүйесі мен қоса жиынтығы. Басқару құрылымы:
• Бастауыш кәсіптік білім;
• Орта кәсіптік білім;
• Жоғары кәсіптік білім;
• Қосымша кәсіптік білім.
Кәсіптік мектептер мен лицейлерде негізгі білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп саласы бойынша жұмысшы қызметкерлерін
дайындайды. Оқу мерзімі кәсіптік мектептерде 2-3 жыл, ал кәсіптік лицейлерде 3 жыл, кейбір күрделі технологиялар мен құрылғыларды үйрену 4 жыл мерзімді қажет етеді. Бастауыш кәсіптік білім беру қайсыбір кәсіпті саласы бойынша орта білім негізінде қысқартылған уақыт мерзімде жұмыс істей алады.
Жоғарғы сынып оқушыларының білім денгейі мен кәсіби бағдарын анықтауға бағытталған сауалнама жүргізетін болсақ
Студенттердің кәсіби іс-тәжірибесі жоғары білікті мамандар даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады, іс-тәжірибе іс-тәжірибенің базасы болып табылатын тиісті ұжымдарда — кәсіпорындарда, мекемелерде, мектептер мен ұжымдарда өтеді.
Кәсіби іс-тәжірибенің түрі, мерзімі, мазмұны жоғары оқу орнының іс-тәжірибе бойынша бағдарламасы және мамандықтың оқу-жұмыс жоспарымен анықталады. Кәсіби іс-тәжірибе түрлері мамандыққа сәйкес (даярлық бағыты) өткізіледі.
Білім алушылардың кәсіби іс-тәжірибесі жоғары оқу орнындағы оқу үдерісінде алған білімдерін бекітуге, іс-тәжірибелік дағдыларын игеруге және нәтижелі тәжірибе меңгеруге бағытталған. Білім алушылар кәсіби іс-тәжірибе барысында кәсіби және ұйымдастырушылық жұмыстан тәжірибе жинақтауы қажет. Төменгі курстарда келесі оқу іс-тәжірибесі ұйымдастырылады: далалық, топографиялық, археологиялық, фольклорлық және басқалар.
Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
• оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру — білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
• оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
• білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
• мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
• бағаны әділ қойылуы;
• оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
• әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
• бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.
Қазақстандағы жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім берудің ең озық үлгісімен сәйкестендіруге негізделеді. Еліміздегі білім беру жүйесі үлкен екі маңызды процесті жандандыруға бағытталған: ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.
Бүгінде Америка мен Батыс Еуропаның көптеген елдерінде кредиттік оқыту жүйесі қолданылады. Осы кредиттік оқытудың ережелері Қазақстанда да жетілдіріліп келеді. Болон процесіне сәйкес, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімнің мынадай сатылары енгізілген:
1. бакалавриат (жоғары базалық кәсіби білім) – 4 жыл;
2. магистратура (кәсіби жоғары білімнің екінші сатысы) – 2 жыл;
3. докторлық бағдарлама (жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім) – 2 немесе 3 жыл.
Кредиттік технологияға көшу студенттің дәстүрлі бағасы мен аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының орнына сынақ бірліктері жүйесін енгізуді көздейді. Сынақ бірліктерінің жүйесі шеберлік пен іскерлікті бағалаудың шартты бірліктерін нақтылауға мүмкіндік беретін механизм болып табылады (семинар, дәріс пен іс- тәжірбиелері, өзіндік жұмыстар мен аралық бақылаулар).
Сынақ бірлігі жүйесі жоғары оқу орындары шеңберінде шетел университеттерімен қарым-қатынастар жасау, үзіліссіз білім беру жүйесі арқылы білім нәтижелерін мақұлдау сынды оқу процесін ұйымдастырудың желілік емес түрін енгізу құралы ретінде пайдаланылады. Оның артықшылығы да осында.
Кредиттік оқыту жүйесінде оқу ісінің еңбекті қажет ету талаптары оқытылатын материалдың мөлшері бойынша жүзеге асады және ол несие арқылы көрініс береді. Мұндай жағдайда әрбір пән мөлшері ерікті түрде анықталады, ал пәннің несиелік бірлік есебі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт негізінде және осыған сәйкес типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асады.
Оқу жылы қалыптасқан тәртіп бойынша 32 аптадан тұрады, ал оның 30- ы теориялық білім беруге, 2-еуі қорытынды бақылауға арналады. Оқу орнын академиялық кезеңдерге бөлу, практика мен демалыс мерзімінің ұзақтығын анықтау құқы жоғары оқу орнының өзіне берілген. Күндізгі оқу формасы бойынша, студенттердің демалысы жылына екі реттен кем болмайды, әрі қысқармайды. Оқу жылының басы – қалыптасқан дәстүр бойынша – 1 қыркүйек, ал академиялық кезең семестр болып табылады.
Кредиттік жүйенің басты ерекшелігі — әр пән бойынша студенттер мен оқытушылардың еңбегін бағалау үшін сынақ бірлігінің (немесе кредиттер жүйесінің) енгізілуі. Ал оқу пәндерін студенттердің меңгеруін бағалау үшін міндетті түрде балдық-рейтингтік жүйе қолданылады.
А.Чучалин мен О.Боев кредиттік жүйенің мәнін білім беру бағдарламаларының мазмұнын сандық бағалау жүйесі ретінде, ал рейтингтік жүйені оны игерудің сапасын сандық бағалау жүйесі ретінде түсіндіреді.
Кредиттік оқыту жүйесі – даралану, білім беру траек-ториясының таңдамалылығы және білім ауқымын кредит-тер түрінде есепке алу негізінде өз бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі.
38. «Жоғары білімнің даму болашағы…» Сіздің пікіріңіз.
Жоғары білім дегеніміз – жеке тұлғаның белсенді әлеуметтік бағдарын, өзі таңдаған қоғамдық өмірде алдын-ала белгіленбеген және ғылыми негізде атқаратын табысты зияткерлік іс-әрекетін, сонымен қатар таңдаған іс-әрекет аумағында шығармашылық даму потенциалын және осы бағыт бойынша жаңа нысандарды өздігінен игеруін қамтамасыз ететін білім беру процесі. [1]. Қазіргі кезеңде көптеген елдерде жоғары білім саласы әлемдік даму тенденцияларына, сонымен қатар жоғары мектептің даму тенденциялары мен болашағына байланысты көптеген өзгерістерге ұшырап отыр.
XXI ғасырдың маманы – жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі — жоғары білімде. Өйткені жоғары білім – үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі – білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті – адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:
• Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
• Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
• Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.
Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз.
Білім беру – аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:
• Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;
• экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;
• ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кіруі болып отыр.
Кез келген диалектикалық даму үрдісі секілді нарықтық экономика жағдайына байланысты білім беру жүйесін реформалау ісі де қарама-қайшылықтарсыз емес. Мұның өзі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді.
Білім беру реформасын одан әрі тереңдете жүргізу жаңа замандық база жасауды қажет етіп отыр. Ең алдыменен, ел экономикасының нарықтық жаңа кезеңіне өту барысындағы білім жүйесін қалыптастыратын заң баптары керек болды. Азаматтардың білім алу құқығын айқындайтын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабының қағидасын толығырақ мазмұндап, білім берудің мемлекеттік емес секторларының орны мен рөлін, шетелдік, халықаралық, діни білім беру ұйымдарының құқықтық негіздерін нақтылап, білім мекемелерінің жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы қызметтік міндеттерін белгілеу қажеттілігі туындады.
Я.А.Коменскийдің оқыту теориясын сипаттаңыз.
16 ғасыр мен 17 ғасырдың аралығындағы жаңа педагогиканың негізін қалаушы, ұлы Славян педагогы Ян Амос Каменский 1592 жылы 28 мартта туылды. Бұл кезде 15 ғасырдың бас кезінде болған аса зор ұлт-азаттық қозғалысының әсері әлі де бар еді.
Соның ықпалымен шаруалар мен қол өнершілердің қалың бұхарасы демократияның көз қарастарындағы адамдардан «гетық» немесе «багемалық туыстар» атты қауымдары құруы , Коменскийдің әкесі осы қауымның мүшесі еді, ол өзі кейінірек сол қауысның уөсемі болды.Лауазымның көмегімен ол латын мектебін кейіннен университетін, бітірді.
Мұнан соң священник болып сайланады, сонымен бірге қауымның
«туыстық » мектебін басқарады.1670 жылы Чех басқарушыларымен күресте жеңіліске ұшырауына байланысты ұлы педагогтың отаны өзінің дкербестігін жойды.Ең үлкен күйзеліске кезікті. Коменскийдің қымбат бағалы кітапханасы мен қолжазбалары отқа жағылады және барлық семьясынан айырылады.
Отанынан айырылған қауым мүшелері Польшаға келіп паналады. Коменский мұнда да өзінің педагогикалық қызметін тоқтатқан емес « тұрмыстық мектепті» басқаруды, қаржылы түрде ғылыми –педагогикалық жұмыс жүргізді.Ол 1673 жылы « Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі» деген оқулығын жазып шығарады.Білім беру тарихындағы тұңғыш оқулық жедел 15 елдің тіліне аударылып, мектептерге кеңінен тарады.Келесі жылы коменскийдің есімін дүние жүзіне танытқан « Ұлы дидиактика» еңбегіжазылып бітті.
« Ұлы дидактика » еңбегі жазылып бітті.Бұл еңбек педагогикалық жүйені толық және дәлелді түрде баяндаған шығарма болады.
Бұл еңбекте ақыл ой адамгершілік тәрбиесінің мәселелері сондай-ақ ұлы педагог ұсынған жаңа мектепті ұйымдастыру мәселелері зерттелді.
Осы еңбектерімен атақты ғылым және педагог ретінде әійгілі болған Каменский 1641жыл мен 1654 жылдың аралығында әдейі шақырумен Англияда , Шведцияда және Венгрияда болып, мектеп реформаларын әзірлеу ісіне оқулықтар және оқыту методикасын жасаумен айналысты.1640 жылы ол шетелден келіп «Чех туыстық » қауымның басшысы болып сайланды.
Осы жылдары оның «әлемді суреттеп бейнелеу» оқулығы «жақсы ұйымдастарған мектептің заңдары» және « жастар ережелері» деге педагогикалық шығармалары аяқталды.
«Әлемді суреттеп бейнелеу» оқулығы «жақсы ұйысдастырған мектептің заңдары» және « жастарға арналған мінез құлық» шығармалар аяқталды.
1656 жылы швед-поляк соғасы кезінде «Чех туыстығының » ең ақырғы панамасы Анико қаласы өртенді. Өсірінің соңғы жылдарын ұлы педагог Амстордан да өткізді, оның « Ұлы дидактикасы» 1657 жылы осында бастырылады.
Каменский 1670жылы Амстердамға таяу жердегі Нарденде қайтыс болады. Орта ғасыр мен жаңа дәуірдің феодалдық және капиталистік формацияларының аралығында өмір сүрген Коменскийдің көзқарасы сол дәуірдің ерекшеліктері мен қайшылықтарына байланысты қалыптасты.
Я.А.Коменский бірінші болып дидактиканы ғылыми білім жүйесі ретінде жасап, балаларды оқытудың бірізділікті ұстанымдарын және ережелерін ұсынды. Ол «Ұлы дидактика» (1657) еңбегінде оқыту теориясының маңызды сұрақтарын қарастырады: білім беру мазмұны, көрнекілік дидактикалық ұстаным, бірізділікті оқыту, оқытудың сыныптық-сабақтық жүйесін ұйымдастыру және т.б. Я.А.Коменскийдің оқыту теориясы тәрбиелеудің табиғатқа сәйкестілік принципіне сай құрылған. Я.А.Коменский орта ғасырдағы жаттауға негізделген оқытудың орнына балалардың жастық және психологиялық ерекшелігіне сай оқу жұмысының жаңа жүйесін ұсынды.
Я.А.Коменский өз еңбектерінде, дидактикалық материализм теориясы тұрғысынан қарастырған. Сол сияқты XІX ғасырдағы көптеген педагог ғалымдар да білім беру мазмұнын құрастыруда материалдық теорияны жақтаған. Қазіргі кездің өзінде оқу жоспары мен оқулықтарға талдау жасауда осы теорияны басшылыққа ұстанып келеміз. Яғни, бұл теория өзінің құндылығын жойған жоқ деген қортынды жасай аламыз.
Теорияның практикамен байланысын баяндаңыз.
Әлеуметтік білім –теория мен практиканың бірлігінде қалыптасады. Теориялық зерттеулер әлеуметтік болмысты, өмір жалпы және арнаулы бағыттардың деңгейінде түсіндіріп, оның дамуын және қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Оның одан әру даму заңдарының бағытын, көрінісін белгілеп отырады. Ал, эмпирикалық (яғни, практикалық, тәжірибелік) әлеуметтік зерттеулер- нақтылы құбылыстар пен процестер туралы жаңа мағлұмат, хабарлар статистикалық талдау, нақты әлеуметтік әдістерді (яғни, сауалнама, сұрыптау, бақылау, құжаттарды талдау, сараптау, үлгілеу, тестілеу, т.б.) қолдану арқылы іске асырылады. Ал, теориялық зерттеулер абстрактілі философиялық әдістерді (яғни, талдау мен синтез, логикалық пен тарихи, индукция және дедукция, абстратыліден нақтылққа шығу, т.б.) арқылы іске асырылады.
Теориялық білім- жан-жақты, әмбебапты, ал, эмпирикалық – ақиқатты, шындықты белгілеуші білім. Теориялық білім эмпирикалық білімнің негізінде сүйенеді, ал, эмпирикалық ғылым теориялық білімнен біршама басым болғанымен, ғылымның жоғары даму деңгейін көрсете алмайды. Ғылымның дамуы әр уақытта теориялық білім деңгейінің эмпирикалық білім деңгейінен басым болуын қажет етеді.
Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі дамуының әсер етеді.
Педагогикалық ғылымда дидактика және тәрбиелеу теориясы бар. Біздің ойымызша, жаңа жоғары мектептегі ғылыми қызметтің теориясы немесе концепциясын қарастыратын «жоғары мектеп педагогикасы» бөлімін бөліп қарастыру қажеттігі туып отыр. Біріншіден, қазіргі заманғы ғасыр – білім және ғылыми-техникалық прогресс ғасыры, ал бұл жоғары оқу орындарының жаңа білім беруді жасау мен беру функциясын күшейте түседі. Екіншіден, студенттердің білім берудің, ғылыми-техникалық прогресттің қашан да жаңарып отыруына байланысты жаңа кәсіби проблемаларды шешуде дайындықтарын қалыптастыру талаптары мен стдуенттердің шын мәнінде, ғылыми технологияларды меңгеруге дайындығының болмауы арасында қарама-қайшылық бар. Мұндағы басты түсінік ғылыми қызмет технологиясының саналы түрде, бірнеше рет жүзеге асырылып, пайдаланылған технология екендігін баса айтып отырмыз. Үшіншіден, жоғары мектепте үйлесімді нығайтушы ғылыми қызмет теориясы болашақ мамандардың ғылыми-инновациялық мәдениет негіздері мен білгірлігінің қалыптасуына педагогтар мен студенттердің күш салуын үйлестіруге мүмкіндіктер береді. Төртіншіден, аталмыш теория педагогикалық ғылымның дамуын жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.Жоғары мектеп педагогикасына қарағанда теорияның мектептегі педагогикадан айқын айырмашылығы байқалады. Онда білім берудің логикасы, құрылымы және жүйесі, негізгі категориялары бар, онда теорияның заңдылықтары мен принциптерін айқындауға болады. Аталмыш теорияға: жоғары оқу орындарындағы ғылыми қызметтің даму тарихы, әлемнің түрлі елдеріндегі жоғары мектептегі ғылымның дамуын және қазіргі заманғы жай-күйін салыстырмалы сипаттауды, ғылыми қызметтің мақсаты мен міндеттері, мазмұны, әдістері мен принциптері, дәстүрлері мен ғылыми мектептері сияқты негізгі категорияларды, жоғары оқу орындарындағы ғылыми қызметтің жағдайы мен ғылыми-инновациялық ортаны қосуға болады.
Жағдаят. Ұстаз оқушыға тапсырма береді, оқушы оны орындағысы келмей, «Мұны жасағым келмейді», – дейді. Ұстаздың жауабы қандай болады?
Сіздің пікіріңіз
// Бұл жерде әркімнің жауабы әр түрлі болады. Мысал ретінде бірнеше жауаптарды
// көрсетейік. Соған байланысты өз ойыңызды жалғастырарсыз
Жауаптар:
1) Онда сен неге мектепке келдің?
2) Не себепті екенін маған түсіндіріп берші.
3) Мүмкін сенікі де дұрыс шығар, отырып сөйлесейік.
42. Жағдаят: Аттестаттаудан өтпей қалуына байланысты қызметін уақытша тоқтатқан білім беру ұйымына сізді басшы ретінде тағайындаған жағдайдағы, өзіңіздің негізгі әрекетіңізді сипаттап беріңіз.
Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. “Ел боламын десең бесігіңді түзе”-деген жақсы мақал бар. Яғни, білім алу және оны дұрыс алу өте маңызды болып табылады. Білімді, көзі ашық адамдардың көп болғаны еліміз үшін жақсы. Сондықтан, білім беру жүйесін басқару қоғамда өте маңызды іс болып табылады. Білім беру ұйымы өз жұмысын дұрыс атқармағаннан тоқтатады деп ойлайымын. Менің ойымша, бұл жерде көп нәрсе басшыға байланысты. Басшы қатаң тәртіпті орнатып, және сол тәртіптің бұзылмағандығын дұрыс бақылап отыру қажет. Және басшы болуға кез келген адамды емес, сол басшы болуға тән қасиеттері бар адамды тағайындау қажет. Және тағы да бір жақсы макал бар “бірлік болмай, тірлік болмайды” деген. Яғни, білім беру ұйымының қызметкерлері бірігіп, бір-біріне қолдау көрсетіп жұмыс істейтін болса, жақсы жетістіктерге жетуге болады деп ойлаймын.
43. Жоғары мектепте іскерлік ойындар арқылы сабақты жүргізуді дәйектеңіз
Бұл жағдайда оқушылар тобына негізгі, не қосалқы ойыншылар ретінде қатысу ұсынылады. Мысалы:алгоритмің жасанды орындаушысы рөлі. Бұл рөлді орындау оқушының шарттарды тұжырымдап, игеріп алуларына итермелейді.
Сабақты өткізудің бұл формасын жетекшілік рөлін жетілдірудегі іскерлік ойын ретінде қарау қажет.
Іскерлік ойынында әрбір оқушының толық белгілі рөлі болуы қажет. Ісерлік ойынды дайындау мен ұйымдастыру жан-жақты және тыңғылықты дайындықты қажет етеді. Бұл өз кезегінде оқушылардың сабақты толық игеруіне кепілдік береді.
Оқушыларға ойнау әрқашанда оқудан гөрі қызықтырақ. Тіпті үлкендердің өзі беріліп ойнау кезінде әдеттегідей оқу процесін аңғармайды.
Әдетте іскерлік ойындарды жүргізу экономикалық бағыттағы есептерді шешуге қолайлы. Осы арқылы біз интеграциялық сабақ өтуімізге болады. Мысалы: Ақпараттық есептеуіш технология+Экономика, т. б. (банк, банкомат, факс, таксофон).
Ойын — балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менін» қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. («Мен оқушымын», «Мен және менің отбасым», «Мен жолаушымын», «Біз жолаушымыз», «Адамдардың кәсібі», «Мен кәсіпкермін», «Біз қонақтамыз») Мұндай ойын түрлерінің ерекшелігі — жоғары көңіл-күйде ойналатын рөлдер шынайы сезімге, ойға, ниетке толы болады және бала үлкендер сияқты дәрігер, эколог, жол көрсетуші болғысы келеді. Бұл ойындарда балалардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеледі. Ойын іс-әрекетінің мотивациясы еркіндікті, таңдау мүмкіндігін, қажеттілігін, өз-өзіне сенімін, өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етеді.
Сонымен, ойын арқылы келесі маңызды міндеттер : баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Мұғалім ойын технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдылық, шығармашылық, эмоционалдылық, коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым-қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.
Ата-ана мен бала арасындағы нашар қарым-қатынасты қалыптастыру туралы Сіздің пікіріңіз
Ата-ана мен бала арасындағы жағдайларды ақылмен шешуіне жағдай туғыза отырып ата-анасының баласына деген сенімін ояту, баласына ата-ана алдындағы парызын міндеттеу, баланың болашақ өмірін қалыптастыру.
«Әрбір баланың мінез- құлқы ата-ананың жағымды іс-әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деп И. Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата-ана – бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы.
Бала тәрбиесіндегі ұстанатын негізгі қағидалар:
— Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір-қасиетін, ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қарым-қатынас жасаған абзал.
— Әдепсіз сөз, дөрекі айқай – тәрбиедегі жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе соған орай дөрекі жауап береді.
— Егер өзің баланы сыйламай тұрып одан өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят.
— Баланың айтайын деген өтінішін, ақылдасқысы келген мәселесін ата-анасы тыңдап, ақыл-кеңес беруі керек.
— Ата-ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе, кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.
«Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл- отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы» деп ұлы педагог А.С. Макаренко айтқандай балаларға түсіністікпен қарап, балалықпен жасаған қылықтарын дер кезінде ескеріп, қорытынды шығарып отыру керек.
45. Жағдаят. Педагогикалық іс-тәжірибеде жас маман ашық сабақ өтті. Ашық сабақ аяқталысымен, мектеп басшысы сабақты талқылай келе, тақырыптан ауытқып кеткендігін алға тартып, сабақты қайта өткізуін талап етті, жас маман ретінде сіздің жауабыңыз
Енді болашақта мұндай кемшіліктер жасамауға тырысамын.
Көп ізденуім керек. Келешекте тақырыпты нақты әрі жан жақты ашуға тырысамын.
Үренетінім әлі алда, сабақты қайта өт десеңіз қайта өтейін.
Жоғары мектептегі сабақтан тыс оқу-тәрбие үрдісін сипаттаңыз.
Жалпы алғанда қазақстандық Жоо студент- терімен тәрбие жұмысы аудиториядағы сабақтар шеңберінде де, сонымен қатар сабақтан тыс қызметте де жүзеге асырылады.
Сабақтан тыс тәрбие ісі жоо-ның қоғамдасты- ғымен және әлеуметтік ортаның өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге, кәсіптік қажетті жеке басты- лық қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік бел- сенділікті дамытуға, студентке өзін-өзі тануды, өзін-өзі іске асыруда, өзін-өзі көрсетуде, тәуелсіздік- ке, дербестікке ұмтылуына писхологиялық көмек көрсетуге және қолдауға, өзінің жеке әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағдарланған Жоо- ның тәрбие жұмысының түпкілікті құрауышы бо- лып табылады.
Жоо-да тәрбие ісінің түрлі нысандары мен әдіс- тері бар, әдетте олар өзара байланысты болып келеді, Жоо-ның тыныс-тірішілігінде қолданылады. Олар- дың бірі дәстүрлі болып табылады және барлық оқу орындарында қолданылады, ал кейбіреуі жекелеген білім беру жүйелеріне тән. Жоо-ның тәрбие ісі студенттік өмірдің түрлі ас- пектілерінен тұратын тәрбие жұмысы жөніндегі ке- шенді жоспар негізінде жүзеге асырылады. Жоо-ның профессорлық-оқытушылық ұжымы тұтастай алғанда нақты оқу орнында тәрбие про- цесін ұйымдастыру үшін оңтайлы психологиялық- педагогикалық жағдайлар жасауға арналған. Психологиялық-педагогикалық жағдайларға мыналар жатады: − тәрбие ісін, нақты іс-шараларды студенттерді кәсіптік қалыптастыруға (оқу процесіне, ғылыми- зерттеу жұмысына) органикалық қосу; 46 − студенттердің саланың, Жоо-ның, факуль- теттің, кафедраның озық дәстүрлеріне қатыстылық сезімін қалыптастыру үшін профессорлық-ұжым- дық мүмкіндіктерді белсенді пайдалану (кафедра- ның, факультеттің, жоо-ның, саланың дәстүрлері, өмірден алынған үлгілер және референттік тұлға- лардың – беделді ғалымдардың, педагогтардың, ма- мандардың қызметі); − студенттерге дұрыс әрі ұдайы қамқорлық жа- сау, оларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау ат- мосферасын құру; − тәрбие ісінің жоспарларын қалыптастыру және студенттердің мүдделерін зерделеу негізінде іс-шараларды өткізу; − студенттердің белсендігі мен қызметіне, олар- дың іс-шараларды ұйымдастырудағы және өткізу- дегі дербестілігін білдіруіндегі олармен аудитория- дан тыс жұмыстардың мазмұны мен нысандарына бағдар жасау; − тәрбие ісінде неғұрлым белсенді, берілген, мақсатшыл, қабілетті және табысты студенттердің өз курстастарына оң ықпалын пайдалану; − Жоо-ның аудиториядан тыс өміріне (мәде- ни, спорттық, ғылыми-техникалық және т.б.) сту- денттің қатысуын қалыптастыру. Жоо-ның ауди- ториядан тыс өміріне олардың қатысу нәтижелері үшін студенттерді моральдық және материалдық көтермелеу жүйесін құру; − студенттерді ғылыми, техникалық, көркем шығармашылыққа және басқа да қызмет нысанда- рына кеңінен тарту; − Жоо-да студенттерді әлеуметтік қолдау бөлімшелерін, әлеуметтік зертхананы құру; 47 − адамның жеке бағдары мен қоғам мүдде- лерінің ұштасуы.
Студенттік өзін-өзі басқару барлық студент- терді өз өмірі мен сабақтағы және сабақтан тыс уақыт- тағы қызметке ұйымдастырушылар ұстанымына қосу негізінде жасалады. Түрлі қоғамдық ұйымдар, клубтар, студенттердің кәсіптік ұйымы өзін-өзі бас- қару органдары ретінде әрекет етеді. Қазақстанда студенттік өзін-өзі басқарудың 4 нысаны көрсетіл- ген: 1. білім беру мекемесі студенттерінің қоғамдық бірлестігі (ғылыми студенттер қоғамы, дебаттық ор- талықтар, шығармашылық бірлестіктер және бас- қалары); 2. мәртебесі ректордың/директордың бұйрығы- мен немесе шартпен айқындалатын студенттік өзін- өзі басқару функцияларын орындайтын қоғамдық орган (жастар істері жөніндегі комитет, ресурстық орталықтар, студенттер кеңесі және басқалары.); 3. студенттер қызметі органының фукнцияла- рын орындайтын студенттердің кәсіподақ ұйымы; 4. мәртебесі келісімде айқындалатын өңірлік, өңіраралық, жалпы республикалық қоғамдық ұйымның бөлімшесі (Қазақстанның жас заңгерлер қоғамдастығы, «Жасыл ел» республикалық қозғалысы және басқа- лары).
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) — арнайы ақпараттың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор. Бұқаралық ақпарат құралдары төртінші билік болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының мақсаты –елде және шетелде болып жатқан оқиғалар жайлы қоғамға нақты және кедергісіз ақпарат беру.Сөзсіз,қоғамдық бұқаралық ақпарат құралдарының болуы және оның жұмыс істеуі-кез келген демократиялық мемлекеттің қажетті элементі. Біріншіден бұқаралық ақпарат құралдарының халық пен үкіметтің арасындағы байланысты ұйымдастырушы.Екіншіден,баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосып отыруы. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметінің негізінде болып өткен,болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөніндегі тәжірибелі түсінік алынады. Және де бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдағы өзгерістерге нақты көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Себебі,төртінші билік-бұқаралық ақпарат билігінің құдыреті күшті,оны ешкім ештеңемен ауыстыра алмайды,-деуімізге болады және де арнаулы мемлекеттік мәртебе рөлі болмаса да, баспасөз қоғамдық пікір туғызып,қалыптастыратын ықпалы бар,халық пен билік арасындағы ерекше байланысқа ие бірден-бір әлеуметтік институтқа тән зор күші бар құрал болып табылады.Мемлекет өзінің ұлттық қа¬уіп¬сіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен ақпараттық са¬ланың іргесін мығымдап алғаны дұрыс. ХХ және ХХІ ғасырларда демократия аясында көп зерттелген саланың бірі – бұқаралық ақпарат құралдары. БАҚ-тың тәуелсіздігі, міндеттері мен мұраттары, қоғам мен мемлекет дамуындағы орыны туралы баяндалған халықаралық құжаттар да, жекелеген ғылыми-сараптамалық тұжырымдар да жеткілікті. Солардың бәрінде ең әуелі белгілі ақпарат көзі арқылы жалпыға таратылатын ойдың еркіндігі жайлы қазып айтылады.
Ресейлік ғалым Л.Зазнобина тулга пен бұқаралық ақпарат құралдарының өзара байланысын өзекті мәселе ретінде қарастырып, бұл мәселеде мемлекеттік көзқарас қалыптаспайынша, оң нәтижелерге қол жеткізу қиын деген тұжырым жасайды. Ол өз зерттеулерінде Ресей мектептерінде оқу, тәрбие үрдісінде БАҚ әлеуетін үзік-үзік түрде ғана пайдаланылатынын, жалпы алғанда мектептер БАҚ-тың жасөспірімдерге ықпалын ескере бермейтінін айтады.
Жалпы қағидаға сүйенсек, оқушы үшін ақпарат алу көздері – газет, журнал, радио, теледидар, оқу әдебиеттері және ең басты білім тұрғысында ақпарат беруші мұғалім болып есептеледі. Балалар аталғандардың ішінен теледидарды ең негізгі ақпарат көзі деп санайды. Жүргізілген сауалнама көрсеткеніндей, балалардың көпшілігін БАҚ ақпараттарының мазмұнынан жаңа білім алу емес, оларды көңіл көтеруге бейімделген бағдарламалар көбірек қызықтырады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының адамдарды сендіру ықпалы жоғары, соның нәтижесінде ізгі қасиеттерді қалыптастыру мүмкіншіліктері бар. Әзірге жеткіншектер тәрбиесінде олар толыққанды пайдаланылмай келеді. Оның бір себебін бұл мәселе болашақ мамандарды дайындау барысында ескеріле бермейтіндігінен аңғаруға болады. Сондықтан болашақ мұғалімдерді бұған арнайы дайындап, ал бүгінгі күні білім беру мекемелерінде қызмет жасап жүргендер үшін кәсіби біліктіліктерін жетілдіру курстары кезінде мұғалімдердің БАҚ-тың бала тәрбиесіне ықпалы бойынша білімдерін жетілдіру керек деп қорытынды жасауға болады. Қазақстан егемендікке қол жеткізген уақыттан бастап мемлекет өз тарапынан адам факторын басты нысанға алуды міндет етіп қойып келеді. Осыдан келіп, қазіргі педагогикалық ойлаудың мәні – балаға деген субъектілік қатынас екені шығады. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, бүгінгі күні Қазақстанда түрлі деңгейде қаулы-қарарлар, тұжырымдамалар мен заңдар жарық көрді.
Қорыта келе айтар ұсынысым:
1. Ұлтымыздың намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты тәрбиелеу үшін «мұны білуге саған әлі ерте, оған тыйым саламыз» деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет. Мұны баланың ойын еркін айта білуге, білімге жетелеудің бір арнасы деп ұғу абзал.
2. Жас ұрпақты адамға тән табиғи, адами сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге үйрету керек. Ол үшін жанды-жансыз жаратылысты өз дәрежесінде, өз орнымен бағалауға үйрету арқылы тіршілік деген тұтас әлемнің қадір-қасиетін танытқан дұрыс.
3. Жаратылыстың ақиқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп ұғындырған жөн. Өйткені, қазіргі мектеп шындықты үйрету мектебі болуы тиіс.
48.Қайырымдылық, ізгілік туралы тәрбие сағатының жоспарын құрыңыз.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Қайырымдылық, ізгілік
Мақсаты : Қайырымдылық, ізгілік туралы түсінік беру, балалардың
бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату. Өз халқының салт дәстүрінде
негізделген адамдық асыл қасиеттерді ажырата біліп игеруге баулу.
Сабақтың түрі: тренинг — сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер. Слайд презентация, Суретті плакат
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру.
І.Қызығушылықты ояту.
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қайырымдылық — мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық —
мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.
Қазіргі
заманда байыған дамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқыл
ы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды.
Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп,
қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау,
мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды
адамның адамгершілік борышы деп есептейді.
ІІ. Жаңа сабақ:
Әңгімелесу.
«Ізгілік-бұл адамдарға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі»,
«Ізгілікті адам, бұл-
— Адамдарға сүйңспеншілік танытып, оларға көмектің қол ұшын беретін;
— Табиғатты сүйңп, оны аялайтын;
— Жануарларды ұнатып, оларға қамқорлық жасайтын адам» екендігін түсіндіріп, оқушылармен әңгімелесу.
Тапсырма:
Оқушыларға ізгілік, жақсылық туралы өлең жолдарын еске түсіріп, айтып беру.
ІІІ. Бекіту кезеңі:
Шығармашылық жұмыс:
Балаларға суреттерден жағдаяттарды көрсету, сол негізде талқылау тапсырмаларын беру:
1. Өзіңнің жасаған ізгілік әрекетіңді айтып бер;
2. Өз өміріңнен кездескен осындай жағдаятты сипаттап бер;
3. Қандай жақсылық әрекеттерін жасадың?
4. Жақсылыққа қарама қайшы қандай қасиеттерді білесің?
5. Қайырымдылық пен жақсылық жасаған дұрыс па? Неліктен?
Тапсырма:
Қандай жақсылық пен ізгілік туралы мақал-мәтелдерді білесіздер? Еске түсіріп айту.
Жаңа ақпарат:
Жақсы адам болудың алтын ережесімен таныстыру:
1. Сыпайы, қамқоршы бол;
2. Адамдарға жақсы көңілмен қатынас жаса;
3. Жақсы, ізгілікті әрекеттерді жасап отыр;
4. Жамандыққа жамандықпен жауап қайтарма.
ІV. Қорытындылау:
Жүректен жүрекке.
Медитациялық музыка ойнайды. Оқушылар шеңберге жиналып, бір-біріне, өзгелерге деген жақсылық пен бақыт тілеп, адамгершілік қасиеттерді ұмытпауды тілейді.
«Еркін микрофон». Сабақта мен не үйрендім? Не білдім? Медитациялық музыка ойнап тұрады. (рефлексия)
«Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби шеберлігі» тақырыбына тірек сызба құрастырыңыз.
Жоспарға мысалдар берілген осыған байланыстырып әркім тірек сызба сызұына болады.
I.1. Дәрісбаян тақырыбы: Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің компоненттерінің мәні мен мазмұны
Дәрісбаян жоспары:
1. Педагогикалық шеберлік және педагогикалық мәдениеттің компоненттері ретінде
2. Педагогикалық шеберлік компоненттері: гуманистік бағыт, кәсіби білім, педагогикалық қабілет,
педагогикалық техника.
3. Мұғалімнің кәсіби білімі — шеберлік негізі.
4. Педагог мамандығындағы актерлік және режиссерлік шеберлік элементтері
5. Педагог мамандығындағы жеке шығармашылық қабілетті іске асыру.
6. К.С.Станиславскийдің педагог дайындауда театрлық жүйесінің принциптері.
I.2. Дәрісбаян тақырыбы: Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізгі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті
Дәрісбаян жоспары:
1. Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде
2. Жалпы педагогикалық қызмет және кәсіби педагогикалық қызмет
3. Педагогикалық қызметтің ерекшеліктері мен қиыншылықтары
4. Кәсіби қызметтің мәні мен құрылымы.
5. Педагогикалық қызмет деңгейлері: репродуктивтік бейімділік, жергілікті үлгіленген, жүйелі-үлгіленген, қызмет пен мінез-құлық.
Педагогика пәні, міндеттері мен құрылымына сызба сызыңыз.
педагогиканың пəні – арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда): отбасы, білім беру жəне мəдени-тəрбие орындарында –мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады. Осы негізде педагогика тəлім-тəрбие процесінің ұйымдасу теориясы мен технологиясын, педагог іс-əрекетін (педагогикалық қызметті) жəне оқушылардың əрқилы оқу жұмыстарын жетілдірудің формалары мен əдістерін əрі олар арасындағы оқу істері төңірегінде туындап отыратын қарым-қатынас, ықпалдастық стратегиялары мен тəсілдерін нақтылап, ашып отырады.
Педагогиканың теориялық міндеттері үш деңгейде жүзеге асырылады:
— сипаттау немесе түсіндіру – озат əрі жаңашыл педагогикалық тəжірибені зерттеу;
— анықтау (диагностикалық) – педагогикалық құбылыс жағдайын, педагог пен оқушы іс-əрекеттерінің нəтижелілігі немесе тиімділігін жəне оларды қамтамасыз етуші шарттар мен себептерді айқындап алу;
— болжау (прогноздау) – барша педагогикалық жағдаяттарды табиғи тұтастық күйінде эксперименталды зерттеуден өткізу жəне оның негізінде сол педагогикалық болмыстың жаңаланған моделін құрастыру.
Теориялық қызметтің болжау, болжастыру деңгейі педагогикалық құбылыстардың мəнін ашу, педагогикалық процестің түп-төркінінде орын алатын құбылыстарды таба білу, сонымен бірге болып қалуы мүмкін ықтималды өзгерістерге ғылыми негіздеме бере алу сынды іс-əрекеттермен байланысты. Осы деңгейде анықталған деректерге орай оқу жəне тəрбие теориясы анықталып, білім беру практикасына жетекші рол атқарушы озық педагогикалық жүйе моделі құрылады.
Педагогиканың технологиялық қызметтері де үш көрініс береді:
— жобалау (проекттеу) – педагогикалық іс-əрекет пен оның мазмұны əрі сипатын қалыптастыру жəне реттеуге нұсқау болғандай теориялық тұжырымдар мен анықтамаларды қамтыған қажетті əдістемелік материалдарды (оқу жоспары, бағдарлама, оқулықтар мен оқу құралдары, педагогикалық ұсыныстар) жасауға байланысты;
— жаңалау – тəрбие жəне білім беру тəжірибесін жетілдіру мен қайта түзу мақсатына орай педагогика ғылымының замандық жетістіктерін мектеп өміріне енгізе, пайдалану;
— ықпал таныту (рефлексивтік)жəне реттеу-түзетулер енгізу (коррекциялық)- ғылыми зерттеу нəтижелерінің оқу-тəрбие ісіне болған əсер-ықпалын бағалау жəне одан соңғы ғылыми теория мен тəжірибелік іс-əрекеттер байланысына қажет болып қалатын реттеу-түзетулерді іске асыру.
Жалпы педагогика – адам тəрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тəрбиелік мекемелердегі оқу-тəрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пəн. Қалыптасқан дəстүр бойынша жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тəрбие процесінің негіздері; 2) дидактика (оқу теориясы); 3) тəрбие теориясы; 4) мектеп тану. Жас кезеңдер педагогикасы педагогиканың мектепке дейінгі жəне мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады. Олар өсіп келе жатқан əулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тəрбие іс-əрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тəрбие заңдылықтарын зерттейді. Бүгінгі күнде жас кезеңдер педагогикасы орта білім берудің барша жүйесін қамтиды. əрқилы жас топтарында немесе оқу-тəрбие мекемелеріндегі тəрбие айырмашылықтарын танытушы дербес педагогикалық салалар пайда болуда. Олардың ішінде қазіргі күнде өз алдына пəн ретінде оқылатындары – мектепке дейінгі педагогика, кəсіби техникалық мектептер педагогикасы, өндірістік педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы жəне т.б.
Болашақ маманның тұлға ретінде қалыптасуы туралы Сіздің пікіріңіз.
Еліміздегі жоғары білім берудің негізгі міндеті маманды тек қана біліммен қарулардырып қоймай, сонымен қатар олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына, шығармашылық қабілетінің жетілуіне, кәсіби мәдениеттің қалыптасуына өз дәрежесінде көңіл бөлу, мүмкіндік жасау болып табылады. Студентті тек болашақ маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, шығармашылық тұлға келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ал болашақ мамандарды осы айтылғандарға сәйкес дайындау, оның болашақ кәсіби құзыреттілігіне сәйкес білім беруден бастау алады.
Жоғары оқу орындарында оқу үдерісінде болашақ маман даярлауда мынадай басты міндеттердің шешімін табу: оқытудың жетік жолдарын меңгерген маман даярлау; кәсіби пәндерді игерумен қатар, адамгершілік, рухани-мәдени құндылықтарды меңгерген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу; болашақ мұғалімнің қоғамдағы әлеуметтік белсенділігін арттыру; жалпы педагогикалық, әдіскерлік іскерлігін арттыру; өз бетінше білім ала білу қабілеттерін қалыптастыру; педагогикалық шеберлігін үздіксіз арттырып отыру дағдысын қалыптастыру басты мәселе болып табылады.
Болашақ маманның кә¬сіби-әдіс¬¬темелік даярлы¬ғын қалып-тас¬¬тыру үшін өзі таңда¬ған ма¬мандығына сәй¬кес арнайы ғы¬лыми пән¬дер¬ден терең, жан-жақ¬ты білімі блуы қажет. Бі¬лім беру сала¬сындағы негіз¬¬гі құ¬жат¬тарды, білім беру стандарты, оқу жоспары, бағдар-
ла¬ма, оқу¬лық, оқу-әдістемелік ғылыми әдебиеттер¬ді, сондай-ақ озық педагоги¬ка¬лық тәжі¬ри¬берлерді меңге¬руі тиіс.
Ел Президенті Н.Назарбаев¬тың Жолдауы «Әлеу¬меттік – экономикалық жа¬ңар¬ту – Қазақстан дамуының басты бағыты» деп аталады. Елбасы экономиканы нығайту мен
халықтың әл-ауқатын арт¬тыру¬дың жаңа міндеттерін жүк¬тей отырып онбағыт бойынша мін¬деттер кешенін жү¬зе¬ге асыруға тиіс екенімізді айт¬ты. Оның ішін¬де Президент қазақстан¬дық¬тарды ақпараттық техно¬ло¬гия¬ларды белсендірек иге¬руге шақырады. «Компьютер¬лік сауаттылықты, соның ішінде әртүрлі ынталандыру¬шы бағдарламалардың есебі¬нен де көтеру қажет» – деп атап көрсетті.
Еліміздегі білім беру реформасы «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел ену мақсатына сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыруға ерекше мән береді.
Тұлғаның «қалыптасуы» деген ұғым педагогика және психология ғылымында, жеке тұлға дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Демек, қалыптасу дегеніміз — бір нәрсеге форма мен тұрақтылық беру; нақты бір түр беру яғни баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұлғаның қалыптасуы өте күрделі және ұзақ процесс. Ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әрекеттегі ересектердің әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуының бірлігі. Егер, педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық процестің элементар бірлігі, оның бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» (педагогикалық ситуация яғни педагогикалық жағдаят) болуы қажет.
52. Осы курстың мақсатына сәйкес кәсіби және тұлғалық өсу
мақсатыңызды анықтаңыз.
Қазақстан Республикасы білім беру заңында көрсетілгеніндей, адамзат құндылықтары, ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау — білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби мамандарды дайындау мәселесін шешудің де жаңа жолдары қарастырылуда. Кәсіби даму — (лат. profiteor – өз ісімді хабарлаймын) – еңбек әлемінде, соның ішінде жекеленген кәсіби ролдердің, кәсіби мотивацияның, кәсіби білімдер мен дағдылардың әртүрлі аспектілерін игеруге бағытталған адамның онтегенезде болып жатқан әлеуметтену үрдісі. Кәсіби дамудың негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен институттарға идентификациялану негізінде әлеуметтік контекстке интеграциялануға тұлғаның талпынысы болып табылады.
Кәсіби даму – нәтижесінде адамның өзінің барлық өмірінің барысында өз кәсіби дағдылары мен іскерліктерінің деңгейін және сапасын сақтауға мүмкіндік алатын үрдіс. Бір рет қана кәсіби маман болу мүмкін емес. Кәсіби маман болып қалу үшін, тұлғаның үнемі кәсіби дамуы қажет.
Кәсіби даму іс – әрекеттің барлық саласына қатысты: педагог, менеджер, кеңес беруші, психолог, дәрігер, дизайнер, әртіс және тағы басқа.
Кәсіби даму – бұл жүйелі беку, білім саласында жетілу және кеңею, тұлғалық сапалардың дамуы, жаңа кәсіби білімдер мен дағдыларды меңгерудегі қажеттілік, өзінің барлық еңбек жолында белгілі міндеттерді атқара білу.
Кәсіби даму міндеттілік немесе жалған емес, ойлаудың, пайдалы әдеттің негізі болуы керек. Қоғамдық қызығушылықтардың көзқарасы бойынша, адамның кәсіби дамуы тек кәсіби әдеп кодексінің бір пункті: өзімен жұмыстанбайтын адам, кәсіби маман деп танылмайды деп те қарауға болады.
Кәсіби даму адамнан саналы, бағытталған, белсенді оқуды талап етеді. Мұндай оқу басқа формалардан анық ерекшеленеді. Әрбір адам өзінің қандай бағытта дамуы керек, ақпараттарды қандай әдістермен алатынын, қандай жолмен меңгеретінін өзі шешеді. Қазіргі уақытта білім беру саласында өзгерістер көп, сол өзгерістерге лайық педагог болу үшін қойылатын талаптар да күрделене түсуде. Бұл адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту қажет дегенге әкеледі. Оған білім беруді гуманизациялау сай келеді. Білім берудегі гуманизация да тұлғаның ақыл – ой, эмоциональдық, еріктік және адамгершілік әлеуетін байыту, өзін – өзі көрсету, өзін – өзі дамыту шекарасын кеңейту және өзіндік қалыптасу үшін ақиқат жағдайлар туғызуды талап етеді. Мұны білім берудің гуманистік мақсаты деп санаған философ Э.В. Ильенков еді. Аталған гуманистік мақсат әр адамның жеке дамуының адамдық мәдениетінің шегін, танылған және танылмаған, жасалған және жасалмаған аймағын анықтауға мүмкіндік береді. Адамды мәдениеттің жаңа деңгейін меңгеруге көшіру, оның әлемге, басқа адамдарға және өзіне деген қатынасын өзгерту, өз іс – әрекеттері және оның әкелер жағдайына деген жауапкершілігін арттыру – білім беруді гуманизациялаудың басты нәтижесі.
53. Маманның жетістікті кәсіби қызметіндегі тәрбиенің рөлін сипаттаңыз.
Жастарды тәрбиелеу және оларды әлеуметтік қолдау мәселесі қоғам үшін әр уақытта өзекті. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі – жастардың бойына рухани және адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, әлеуметтік әлеуетін дамытуға ерекше жағдай жасау. Студент жастар – өз заманымен қатар қадам басатын, қоғамның алға басушы күші, олардың ішінен әртүрлі салада қызмет ететін тұлғалар қалыптасады. Тұлғаныңқалыптасуына, азаматтық позицияныңқалыптасуына Университеттегі Студенттердіңөзін-өзі басқару органының рөлі өте маңызды. Себебі жаңа әлеуметтік-экономикалық ортадақызмет атқаратын мамандарды тәрбиелеудің, олардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайын қалыптастырудың және даму заңдылықтарын айқындау ортасының табалдырығы. Студенттердің өзін-өзі басқаруы, жастардың қоғамдық бiрлестiктерi, еріктілер ұйымы – бұл әлеуметтік серіктестер немесе әлеуметтік әріптестер. Яғни мақсаты мен міндеті айқындалған, өз құндылықтарын айқындай білетін орта. Бұл Университеттің басқару жүйесіне өз әсерін тигізетін, басқару жүйесінің нәтижесі мен стратегиялық дамуына септігін тигізетін орта. Сондай-ақ еліміздің нормативтік-құқықтық және нормативтік-регламенттеуші құжаттарында студент жастардың тәрбиесі мен әлеуметтік жағдайы – Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында, Қазақстан Республикасыныңзаңнамаларында және т.б. мемлекеттік бағдарламаларда қарастырылуда. Қазақстан Республикасының Конституциясында тәрбие жұмысына тікелей байланысты негізгі міндеттер (12, 27, 28, 29, 30-баптары) көрсетілген. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Отбасы түріндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы», «Темекі шегудің алдын-алу және шектеу туралы» және т.б. заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығында жастарға қатысты бағыттар бекітілген. Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде, тұлғаның кәсіби өсуі мен дамуы, қалыптастасуы үшін жағдай жасау; баланы тәрбиелеуге, білім алуына, жан-жақты дамуына, ана тілін, мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрлерін сақтауға, әлем мәдениетінің жетістіктерін меңгеруге, ақпараттандыру және денсаулығын нығайту, бала құқығын дамыту. Еліміздің салиқалы саясатының аясында Қазақстан Республикасы этномәдениетінің тұжырымдамасы, мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы, мемлекеттің кешенді жоспарында жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және т.б. бағыттары дайындалды. Негізгі мақсат: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, сауатты, жауапты, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жақты, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, қоғамда бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, азаматтарды, еліміздің нағыз патриоттарын дайындау.
54. 54. «Мен болашақ жоғары мектеп оқытушысымын» тақырыбына эссе жазыңыз.
Педагог – зиялы тұлға және мәдениет адамы.
Қазіргі заман талабына сай мұғалім болу ең жауапты, ең күрделі, ең зиялы мамандық болып табылады. Себебі, ол адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған зор жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Әрқайсымыз, студент не жас мұғалім болайық «мұғалім» деген сөзді естігенде өзінің ең сүйікті мұғалімдерін кәсіби шеберліктермен қоса, тұтастай тұлға ретінде есіне алады.
Мұғалімнің тұлғасын тұтастай алып қарау, әрқайсысының жеке ерекшеліктерін де қоса қарастырады. Сонымен ХХІ ғасыр мұғалімнің тұлғасы қандай болу керек деген сұрақтың төңірегінде ой толғау. Педагог – зиялы тұлға. Өзін жинақы, сүйкімді ұстайды. Прогрессивті көзқарастарды алға тартады. Сыни көзқарасы қалыптасқан, ұстамды, өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарайды.
Жүйелі түрде өзіне — өзі баға беріп, рефлекция жасап отырады: мәдениеті, эрудициясы жоғары, эстетикалық, көркемдік талғамы бар. Саясатқа, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылық танытады. Шығармашылықпен өзін — өзі үздіксіз дамытып отырады.
Педагог – рухани бай тұлғаОның рухани байлығы балаға деген махаббатынан, жоғары адамгершілік және ұят сезімінен көрінеді. Ол өзінің оқушылары және әріптестерінің пікірімен санасады. Тұлғаның рухани байлығы өмірдің мәнін және өмір сүру мақсатын, өзінің кәсіби шеберлігін айқындауына ұмтылуында болып табылады. Педагог адамдардың қарым — қатынасына, әлем сұлулығына ерекше мән береді. Онда эмпатия мен рефлексия жоғары дамыған. Ол жаңа өсіп келе жатқан баланың рухани әлемінің байлығын түсінуге тырысады, сондықтан да өзінің планетарлық, тіпті космостық ойлау үрдісін дамытады. Педагог – шығармашыл тұлға.Ол бірсарындылықты ұнатпайды, сондықтан үздіксіз ізденіс үстінде, жаңашыл. Ойлап шығару, жүзеге асыру – оның қалыпты кәсіби үлгісі.
Мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірде және кәсіби қызметте мәдениет әлемінде өз орнын табуынан көрінеді. Оның еркін ой — пікірі және кәсіби жауапкершілікті сезінуімен тұтастықта. Өзін — өзі бағалай алады, алайда менмендікке жол бермейді. Ол материалдық және рухани құндылықтар әлемінде өз бағытын еркін айыра алады, педагогикалық догмалардан аулақ. Ол батыл шешім қабылдайды, өзінің өмірлік позициясы бар, яғни айналадағы ортаға, адамдарға, өзіне деген қарым — қатынастың берік жүйесі бар. Педагог — әдіскер. Қазіргі жағдайда педагог қызметінің ауқымы кең және алуан түрлі. Оның негізгі бағыттарының бірі – әдіскерлік мәдениетін өзін — өзі дамытуы, кәсіби шеберлігін үздіксіз арттырып отыруы. Әдіскер – педагог өзінің жұмысын жоғары деңгейде жүргізіп қана қоймай, басқаларға өз тәжірибелерді тауып, танып, тарата білу керек; б) оқу — әдіскерлік проблемаларды танып, талдама жасайды; в) алуан түрлі әдіскерлік жұмыстарды тиімді тұтастыра білуі керек; г) жас педагогтардың өзін — өзі дамытуға көмек береді. Өзін — өзі дамытуға бағдарлама құрғанда жалпы — мәдени, философиялық — әдістемелік, тәрбиелік, дидактикалық, педагогикалық, психологиялық, техникалық дайындықтарға назар аударады. Әдістемелік жұмыстың өз мәнінде жүруіне «ашық сабақтардың» рөлі зор. Педагог өз оқу орнының көлемінде шектеліп қалмай, семинарларға, конференцияларда қатысу белсенділік танытады. Білім жетілдіру курстарына қатысады.
Педагог – зерттеуші. Педагог зерттеуші ретінде өзінің педагогикалық қызметінде қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оны шешуге деген қажеттілік туындайды. Жұмысқа шығармашылықпен қарау, шабыттану – зерттеушіліктің қозғаушы күші болып табылады. Педагогикалық инновацияның дамуына байланысты, педагогикалық эксперимент жүргізе отырып тіпті жас педагогтар да өзінің зерттеушілік қабілетін дәлелдей алады. Сондықтан педагогикалық негізгі міндеттерінің бірі методикалық мәдениет арқылы өзін — өзі дамыту болып табылады.
55. Ұжымда қарым-қатынас дұрыс болмаған жағдайда оны реттеудің жолын көрсетіңіз.
Қазіргі жағдайда нарықтық қатынастың дамуы және бәсекелесуде кез келген мамандықтарда субьект-обьекттік әрекеттесуде адами фактордың рөлі және субьект-субьекттік кәсіби қарым-қатынасы күшейе бастады. Әсіресе соңғысының тиімділігі кәсіби мамандардың іс-әрекетінің нәтижесіне қатты әсерін тигізеді. Осы орайда бәсекелесу жағдайында тұлғаның педагог мамандығының иегері ретінде кәсіби коммуникативті құзыреттіліктің тиімді формаларын меңгеруі қазіргі таңда маңызды болып табылады. Ол педагогтардың қарым-қатынас ерекшеліктерін меңгере алу қабілеттілігі педагогикалық ұжымда үйлесімді әлеуметтік-психологиялық ахуалды қалыптастыру. Педагогикалық қарым-қатынастағы білім беру үдерісінде субьектілерінің өзара әрекеттесуі туралы профессор С.М.Жақыпов былай деген: «Оқыту процесіндегі субьектілердің қарым-қатынасындағы мағыналардың өзгеруі біріккен іс-әрекеттің мотивтері мен мақсатының заңды құрылуына мүмкіндік береді және оларды оқыту процесінде ескеру, біріккен танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін қажетті шартты жасайды». Сондықтан педагогикалық қарым-қатынастың нақтылы бірізділігі болашақ тұлғаның дамуына орасан зор ықпал етеді. Қарым-қатынастың жеке стилін қалыптастырудың төмендегі жүйесін тиімді деп есептейміз:
— өз тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу;
— жеке қарым-қатынастағы кем тұстарды анықтау, ұялшақтықты жеңу жөніндегі жұмыстар;
— өзіңнің жеке ерекшеліктерің негізінде педагогикалық қарым-қатынас элементтерін игеру;
— педагогикалық қатынас технологиясын қарым-қатынастың қалыптасқан стиліне сәйкес игеру;
— педагогикалық қызметті жүзеге асыру, балалармен қарым-қатынасты – жеке стиліңді бекіту.
Адамның тұлға болып дамуы психиканың қажеттілік, белсенділік және сапаның даму жағдайы оның қажеттіліктерін қанағаттандыруына байланысты. Сонымен психология саласында қарым-қатынас тұлға дамуында көкейкесті мәселелердің бірі. Қарым-қатынас бірлескен іс-әрекеттің жемісті нәтижесі. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады. Организмнің, сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу-іс әрекетінің, мінез құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық ноормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады. Қарым-қатынас процесінде индивид мотивке, мақсатқа, бағдарлмаға, қабылданған шешімге, ерекше қозғалыстарды орындауға және оларды бақылауға, жалпы өзінің серіктесінің іс-әрекетіне ықпал жасай алады.
Божович Л.И. өз тәжірибелерінен қарым-қатынасқа итермелейтін бірнеше моивтерді анықтап берді:
— Өзін-өзі сыйлау, өзін құрметтеу және өзін таныту.
— Тұлғаның өзіндік бейнесін көрсету.
— Тұлғаның дербестікке ұмтылуы
— Баланың достары мен үлкендердің қолдауын және мақұлдауын қажет етеді.
— Өз бетінше тәуелсіздікке ұмтылу.
— Қоршаған адамдардың оны шеттетіп, жалғыздық сезіміне бөленуден қорқыныш мотивы. Сондықтан ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалды қалыптастыру мен дамытуға арналған ұсыныстар жасалды:
1. Педагогикалық ұжымды қарым–қатынас туралы теориялық білімдермен машықтандыру;
2. Қарым–қатынас жасаудың жағымды жақтарына терең мән беру, қарым-қатынас қиындықтарының себептерін анықтау;
3. Бірлескен іс–әрекетті тиімді жоспарлау, үйлесімді қарым–қатынас жасау дағдысын қалыптастыру, мәдени қарым–қатынас ерекшелігін дамыту.
Қорытындылай келе, педагогикалық бірлескен іс-әрекеттегі қарым-қатынас ерекшеліктері олардың өмірінде алатын орнын, әр түрлі жас шамасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын анықтау, соның ішінде оқу-тәрбие процесінің нәтижесі артып, тиімділігінің маңызды.
ХХІ ғасыр студентінің моделін құрастырыңыз.
Біз бәріміз аса тартымды және қызық кезеңде өмір сүріп жатырмыз деп айтуымызға болады. Еліміз қарқынды дамып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиясын жемісті жүзеге асырып келеді. Қазақстан ғылым мен техниканың түрлі салаларында жоғары жетістіктерге жетіп, ТМД елдерінің арасында жарқын бастамалардың көшбасшысы болып отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы ерекше назар аударған жоғары білім беру саласы да елеулі өзгерістерге ұшырап, бүгінгі таңдағы сұранысқа орай мамандарға жаңа талаптар қойылып отыр. Болашақта Қазақстанның дамыған мемлекеттердің қатарында үздік орындарды иеленуі үшін жоғары білікті маман даярлау қажет. Аталған мәселені Елбасы айрықша қадағалап отыр. Мемлекет басшысы ұлттық университеттер мен академиялар ректорларын өзі тағайындайтын болды. Бұл Елбасының Қазақстанның жоғары білім беру саласына деген айрықша назарын білдіреді. Әрі ұлттық университеттердің мәртебесі көтерілді, осыған орай жауапкершілік те артып отыр. 21 ғасыр әлемге «жаңа экономика» — білімге негізделген экономика идеясымен келді. Бүгінгі таңда кез келген мемлекеттің болашақтағы экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігі білім өндірісі және осы білімді таратушылар арқылы анықталатынын, елдің «интеллектуалды элитасы» екенін өркениетті әлем жақсы түсінеді. Бүгінгі таңдағы жоғары білімнің мақсатына жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары — өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, кәсіби ілімімен қаруланған, адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады. Жоғары оқу орнының басты мақсаты- алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелілік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін даярлау. Білім саясатының өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру. Мамандар даярлау жүйесінде білім берудің сапасын қамтамасыз етуде жоғары білімді дамытудың негізгі жолы мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру болса, қазіргі кезде жоғары оқу орындарында кәсіби білікті мамандар даярлаудың жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай мамандар даярлаудың үлгісі жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты, білім саласындағы қарастырылып отырған мәселелерді ескере отырып, 21 ғасырдың студенттері бәсекеге қабілетті, өз елінің патриоты, өзінің елін шетелге таныта алатын және елінің мәртебесін әрқашанда жоғары деңгейде ұстай алатын, сонымен қатар дамыған мемелкеттердің қатарына қоса алатын білімді, дені сау, жан жақты, өз әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерді болашақ ұрпаққа жеткізе алатын тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік береді.
57. Бала өміріндегі отбасының маңыздылығын түсіндіріңіз.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстыќ сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н.Ә.Назарбаев
Отбасы — адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады. Ал, отбасындағы тәрбие бесік жырынан бастау алады. Осыған орай ұлы жазушы М. Әуезов «Халқым ел болам десең, бесігіңді түзе» деп айтып кеткендей, отбасындағы тәрбиенің бесік жырынан нәр алуының маңызы айрықша. Ата-ана баласына ертегі, аңыз, әңгіме, жыр-дастандарды айту арқылы, оның ойлау, қиялдау, тыңдай білушілік пен армандау қабілетін ұштайды.
Жас ұрпақ өкілдеріне отбасында тәрбие беруде ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиенің, халықтық педагогиканың маңызы орасан. Халықтық педагогиканың негізінде ұлттық сана-сезімді, ар-ожданды, ұлтжандылықты, отансүйгіштікті, қоғамдағы ережелер мен ұстанымдарды, ұлттық рухты ұрпақ жадына тоқыту әрекеті жүзеге асырылады. Осыған орай белгілі педагог-ғалым К. Оразбекова «Иман және инабат» еңбегінде: «Халық педагогикасының негізгі көздер мақсаты — бай тарихи тәжірибеге сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, отбасы, ауыл-аймақтың, елдің ар-намысын қорғауға тағы басқа ізгі қасиеттерге баулу, яғни, адамның белсенді бет-бағдарын қалыптастыру» [1, 29-б], — деген тұжырым жасайды. Сонымен, халықтық педагогиканың тәлім-тәрбиелік негізі ретінде — ата-ананы, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, жағдайы төмен адамдарға қайыр қылу, әдептілік, парасаттылық, адалдық, шыншылдық, тектілік сияқты және т.б. қасиеттер кең байтақ өлкемізде ғасырлар бойы буыннан буынға жалғасын табуда.
Осылайша, бала мінез-құлқының негізін қалыптастыруда, оның бойына рухани-адамгершілік сезімін, инабаттылық, әділеттілік, шыншылдық тәрізді адамдық абзал қасиеттерді егуде отбасы ең алғашқы және басты рөлді атқарады. Нақ осы жағымды қасиеттерді жас ұрпақтың бойына дарыту ең алдымен отбасындағы тәрбие арқылы жүзеге асатыны белгілі. Осымен байланысты «Тәрбие -табалдырықтан басталады» деген нақылдың өзі өмірден алынған шындық.
58. » Бала тәрбиесі – баршаның ісі». Сіздің пікіріңіз.
Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында: «Біздің топырағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Оны мемлекет қамқор¬лығына алуға тиіс. Ана мен балаға қарсы бағытталған қылмыс үшін жазаны күшейтуді қамтитын шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын», – деп атап көрсетілген болатын.
Баланың келешекте жақсы адам болуына сыртқы орта фак¬торлары, оның ішінде, тәр¬биенің алатын орны ерекше. Қазақ халқында «текті жердің тұқымы», «тегі мықты» деген сөздер бар. Бұл тегін сөз емес. Ата-бабаның қанымен келетін тектілік қасиет бала тәрбиесінде басым орын алуы қажет. Сондай-ақ, халық аузында «шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген де мәтел бар. Бұл арада тәрбиенің негізгі көзі анасында, оның тектілігінде екені, жастардың отбасын құру мәселесіне жауаптылықпен қарау керектігі анық айтылып тұр.
Әрине, қазіргі кезде отба¬сында да, басқа орталарда да қазақы тәрбие кемшін. Оның зардабы да жоқ емес.
Әр ұлттың өз ерекшелігі болатыны сияқты біздің қазақ¬тың да ұлттық тәрбиесінің ескірмейтін, қандай заман көшіне де ілесе алатын өмір¬шең қалыптары бар екенін мойындауымыз және оны қабылдай білуіміз керек. Хал¬қымыз, әсіресе, қыз баланың тәртібі мен тәрбиесіне үлкен мән беріп, ерекше көңіл бөлген. «Қызға қырық үйден тыю» деген сөзде салмақты мағына бар. Яғни, қыз баланың абыройына тек ата-ана ғана емес, бүкіл ауыл-аймақ жауапты екенін білдірген бұл сөздің астары терең.
Қазіргі заманда ондай үр¬дістің толыққанды іске асуы қиын екені түсінікті. Дей-тұрғанмен, ата-ана мен мек¬теп, арнаулы және жоғары оқу орындары ұжымдарында тұрақты байланыс болып, кешенді тәрбие жүйесі жұмыс жасаса, жағымды нәтижесі болар еді деген ой келеді.
Жасөспірімдерге қатысты түрлі санаттағы қылмыстық істерге шолу жасаған кезде, мұндай құқықбұзушылықтың негізінен беймезгіл уақыттарда орын алатыны байқалады.
Мәселен, өткен жылы облы¬сы¬мыздағы Жетібай, Құрық, Жаңаөзен, Ақтау қаласында орын алған зорлық қылмыстарға жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта рұқсат етілмеген орын¬дарда жүруі тікелей себепші болған.
Тағы бір айта кететін нәр¬се – соңғы жылдары қоғамда жасөспірім балаларға қарсы зорлау, нәпсіқұмарлық сипат-тағы іс-әрекеттер жасау, жас балаларды азғындату сияқты адамгершілік қасиетке жат, арсыз қылықтарға бара¬тын қылмыскерлердің («педфилдер») көбейе бас¬тағаны. Мұндай қылмыс жасау¬шылардың соңғы кездерде біздің өлкемізде де бой көрсете бастағаны жасырын емес. Мысалы, Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 23 мамыр 2013 жылғы үкімімен Өтесов Рахмет ҚР ҚК 124-бабының 3-бөлігімен 8 жылға бас бос¬тандығынан айыру жазасына сотталған. Сот үкімі облыстық соттың апелляциялық алқасында қаралып, өзгеріссіз қалды.
Өкінішке қарай, жыл өткен сайын жасөпірімдерге қар¬сы жасалатын қатыгез қыл¬мыс¬тық іс-әрекеттермен қатар, жасөспірімдердің өздері жа¬сай¬тын қылмыс түрлері де көбейе түсуде. Бұл тұрғыда ойласарлық, пікір алысарлық жайлар аз емес. Бар мәселе қолға түскен қылмыскерлерді жаза¬лаумен шешіле салмайтыны белгілі. Демек, жасөспірімдер тәрбиесіне, қандай деңгейде, кімдер арқылы болса да айрықша көңіл бөлінуі, кешенді шаралар алынуы қажет екені айдан анық.
Бала тәрбиесіне немқұрай¬дылықпен қарауға болмайды. Себебі, қазіргі жасөспірім бала¬лар біздің болашағымыз, мем¬лекеттің, елдің ертеңі солар¬ға тікелей байланысты. Сон¬дықтан, бұл мемлекеттік дең¬гейдегі баршаға ортақ мәселе деп түсінуіміз керек.
59. Тұлғаның жетістікке жетуіне мамандық таңдаудың маңызы туралы Сіздің көзқарасыңыз.
Әрбір жеке тұлға өзінің жеке қызығушылығы, ниеті, психо-физиологиялық ерекшеліктері мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық қажеттілігі негізінде мамандық таңдауы қажет. Мектептен түлеп ұшқалы отырған оқушылардың «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген көптеген ойлар мазалайтыны анық. Жоғары сынып оқушылары өзінің қандай екенін, қаншылық құнды, қабілетті екенін барынша білгісі келеді. Әрбір адамда «Мен» деген біреу болғанымен, осылардың тиісті жағдайларға байланысты неше түрлері кездеседі:
1. «Мен шынында кіммін?» (шындықты көздейтін мен);
2. «Мен»-өзімді өзгелер қалай бағаласын деп ойлар едім? (эмпатикалық мен);
3. «Мен»-тілегім бойынша қандай болғым келеді? (тілек, яғни фантастикалық мен);
4. «Мен»келешекте кім болғым келеді? (болашақ мен).
Сонымен, өзіндік бағалауда тұлға өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігіне ие болады.
Адам өміріндегі ешбір шешім тек қана өз қалауы негізінде қабылдануы мүмкін емес. Осы секілді мамандық таңдау мәселесінде де мамандық таңдаушы жеткіншек ата-ана, достар, ұстаздар қауымының кеңесі негізінде, өз мүмкіндіктерін саралай отырып, белгілі шешім қабылдайды. Жеткіншектерді қандай да бір мамандықты таңдауға әсер ететін факторларды А.И.Зеличенко және А.Г.Шмелев ішкі және сыртқы факторлар деп бөліп қарастырған. Сыртқы факторларға қоршаған орта әсері, оларға ата — аналардың, достардың, қатарластардың пікірі, қоғам талабы мен мамандықтың беделі жатса, ішкі факторларға – қабілет, икемділік, мінез, қызығушылық пен денсаулық жағдайы секілді психо-физиологиялық ерекшеліктерін атап көрсетті.
Біз қарқынды дамып келе жатқан қоғамда өмір сүріп жатырмыз, сол себепті әрбір әрекетіміз, әрбір шешімімізге қоршаған орта әсері жоғары. Сонымен қатар жоғарғы сынып оқушыларының мамандықты таңдауға саналы қатынастарын қалыптастыруда олардың кәсіби қызығулары мен ниеттерінің құрылуы мен дамуы да негіз болады. Жоғарғы сынып оқушыларында еңбекке деген шығармашылық қатынасты орнату, оларға дұрыс психологиялық бағдар беру оқушылардың индивидуалды-психологиялық жеке бастық ерекшеліктерімен тығыз байланысты.
Мамандық таңдауға әсер етуші факторларға әлеуметтік өмірде көрінетін және кәсіби міндеттерді орындауға қажетті болашақ маманның бойындағы түрлі деңгейдегі мінез көріністері де жатады.
Мамандық таңдау кезінде әсер етуші негізгі 8 факторды атап көрсетуге болады:
• жеке жоспары;
• мамандық туралы отбасы мүшелерінің пікірі;
• мамандық туралы достар мен сыныптастарының пікірі;
• мамандық туралы ұстаздардың ойлары;
• мамандық туралы ақпараттың болуы;
• өз қалауы;
• қабілеті;
• қызығушылығы.
Адам өзіне қызықты кәсіби іс әрекет барысында ғана жетістікке қол жеткізе алады. Сондықтан мамандық таңдау кезінде жеткіншектердің қызығушылығы негізінде таңдау жасаған маңызды. Мамандықты таңдауды анықтайтын факторлардың ішінде ең маңыздысы сол берілген еңбек түріне айқын қызығушылықтың болуы (Е.А.Климов, С.Н.Чистякова, В.В.Ярошенко). Мәселен, қоғамдық жұмыстарға белсенді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, көшбасшы болуға ұмтылатын жеткіншектерге ұжыммен жұмыс жасауды талап ететін мамандықттар сәйкес келеді.
Алайда оқушылардың субьективті позициясын түсіну үшін, айқын көрінетін қызығушылық факторы жеткіліксіз. Таңдауға деген қанағаттанушылыққа оқушылардың психологиялық дайындығы да әсер етеді, яғни танымдық белсенділік, өз бетінше әрекет ете алуға ептіліктер, мүмкін деген қиындықтарды, әлеуметтік қысымдарды, амалсыздықты, қолайсыз эмоциялық күйлерді жеңуге ерік күші сапаларының жеткілікті болуы да орын алады.
Мамандық таңдау кезінде жеке тұлғаның өзіндік қағидалары мен құндылықтары да әсер етеді. Жеткіншекттердің осыған дейінгі қалыптасқан құндылықтары мен өмірлік қағидалары негізінде белгілі бір өмірлік маңызды мақсат қойылып, сол мақсатқа жету барысында мамандықты қалауы мүмкін.
Абай атамыз: «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз — тұл» деп, адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап айтады. Ұстаз ата — анаға қарағанда балаға қамқорлықты анағұрлым арттыра түсіп, білім беру, тәрбиелеу ісіне арнайы күш — жігерін, уақытын бөліп, шәкіртіне бар білгенін, өнерін үйретіп, тәрбиелейді. Сол себептен мамандық таңдау кезеңінде тұрған жеткіншектерге психологиялық қолдау көрсету, бағыт — бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешуде ұстаздардың да орны ерекше екені мәлім.
60. Бүгінгі таңдағы жастар тәрбиесі туралы Сіздің пікіріңіз.
Ұрпақ тәрбиесі – адамзат дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын бірден-бір айрықша құбылыс. Әрбір мемлекеттің дамуындағы өзгерістер мен жаңалықтар, адамзат мінез-құлқындағы кемшіліктер мен келеңсіздіктердің бәрі тегіс ұрпақ тәрбиесіне келіп тіреледі. Осы ретте ең алдымен ата-бабамыздан қалған ұлттық мәдениет, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіпті ұлттық музыка негізінде келешек ұрпақты тәрбиелеуміз қажет. Басқаша айтқанда, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, ғасырлардан келе жатқан халқымыздың тәрбие беру жолы бүгінгі ұрпақ тәрбиелеу үдерісінде кеңінен орын алуы тиіс. Бұл – мемлекет келешегінің мызғымас кепілі.
Келешек тірегі бүгінгі жас ұрпақты жан-жақты, ақыл-парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу – ата-ананың, мұғалімнің, мектептің, барша адам баласының қоғам алдындағы борышы. Осымен байланысты Қазақстан Республикасының этникалық мәдени білім тұжырымдамасында: «Тәрбиенің түп мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын өмірге икемделген, білікті, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу» – деп өнер мен мәдениетті дамытуға ерекше мән берілген. Себебі, тәрбие мәселесі алдыңғы кезекке қойылмайынша, мемлекет дамуы барынша тежелетіні анық.
«Ұлт мәдениетінен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажетіне пайдалы азамат шықпайды»(М.Шоқай). Сондықтан жаңа заман талаптары мен міндеттеріне жауап бере алатын рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі – бүгінгі таңдағы еңселі мемлекетіміз алдындағы өзекті мәселенің бірі. Демек, тәрбие беру – қоғамдық құбылыс, жалпыадамзаттық іс. Себебі, бүтін бір ұлт, тұтас мемлекеттің келешегі жас ұрпақ қолында. Ал бүгінгі таңдағы Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия мәдениеттерінің өзара тоғысуы кезіндегі ұрпақ тәрбиесін оңтайлы жүргізу үшін қандай мақсат қойылуы, нендей міндеттер іске асырылуы қажет деген сауалдар туындауда. Біздің ойымызша, жас ұрпақты тәрбиелеудің мақсаты – ұлттың рухани және материалдық құндылықтарын бағалай білетін, ана тілінің қадірін арттырып, дамуына үлес қосатын жан-жақты білімді, дені сау, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы жоғары ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Бұл мақсатты орындау үшін халқымыздың сан ғасырларғы ұрпақ тәрбиесіне қатысты тәжірибесіне сүйене отырып, мынадай міндеттерді жүзеге асыруымыз қажет:
— әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктерін тәрбие жоспарларына енгізу;
— ғылымның соны жетістіктері мен ұлттық құндылықтар негізінде жеке адамды тәрбиелеуге, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған қажетті жағдайлар туғызу;
— жастарға берілетін білім мен тәрбие берудің тиімді жолдарын нақтылы анықтау;
— ер бала мен қыз бала тәрбиесіне арналған тәрбие жоспарларын гендерлік ерекшеліктерге сәйкес құру;
— кез келген саладағы барлық буынға тәрбие беру ісін тек ана тілі негізінде жүргізу;
— тәрбиелік іс-әрекет мазмұнын ұлттық мүддеге сай құру;
— әрбір жүргізілетін тәрбиелік шараларды ұлттық мәдениетті насихаттайтын деңгейде ұйымдастыру. Міне, осы айтылған міндеттерді оңтайлы шешудің жолдарын қарастыру мен тиімді шешу арқылы әрбір тұлғаны жан-жақты білімді, саналы азамат етіп тәрбиелеуге болады. Бұл айтылғандар, яғни ұлттық тәрбие беруге қатысты міндеттерді жүзеге асыру арқылы бүкіл қазақ халқына тән ұлттық ерекшелік қалыптасады. Ұлттық тәрбиеміздің ерекшелігі – ұлттың әлеуметтік, экономикалық тұрмыс-тіршілігінің талабынан туындайды.
Жалпы «жастарға ұлттық тәрбие беру» деген ұғымды жастар бойында ізгі қасиеттерді ұлттық ерекшелікке сай қалыптастыру деп ұғынуымыз керек. Басқаша айтқанда, ұлттық тәрбие беру– халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Бұл орайда біз жас ұрпақтың іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері, оның өмір сүріп отырған қоғамдық тарихи жағдайларына тәуелді болатындығын міндетті түрде ескере отырып, әр баланың өзіне тән санасы, еркі, шығармашылық қарым-қабілетіне сай ұтымды әдіс-тәсілдерді қолданғанымыз жөн.
Қазіргі ел жастарының ұлттық сана сезімін, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыруда қазақ ұлтының төл мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдеті, әдеп-ғұрпы негізіндегі түрлі қосымша арнайы пәндерді, курстарды енгізу – жастарға ұлттық тәрбие берудің бірден-бір оңтайлы жолына айналар еді. Ал ол курстар мен арнайы пәндердің жоспарлары жоғарыда аталған міндеттерді көздей отырып құрылса, ұлттық тәрбие беру ісінің жолға қойылғаны дер едік. Шын мәнінде, жалпы кәсіби білім беретін пәндердің тәрбиелік мазмұнын күшейтумен қатар, тәлім-тәрбиені көздеген қосымша арнайы пәндер мен курстардың қолға алынуы жастардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттырады, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытады, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектеседі.
Түйіндей айтсақ, жас ұрпақты тәрбиелеу ісі – жалпыадамзаттық іс. Сондықтан жүктің жеңілдігі жұмыла көтеруде екендігін ескеріп, бүгінгі жас ұрпаққа ұлттық мүддеге сай тәрбие беруде баршамыз біріге күш салғанымыз абзал. Әсіресе, ұлттық тәрбие мазмұнын ұлттық мүддеге сай құрып, жастарға ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты жүзеге асырсақ еңбегіміздің еш кетпегені.