Жаңа жылғы отшашу қайдан келген?
Аз күндерден соң тағы бір жаңа жылдың есік қағып келері анық. Жаңа жылдың шығуы мен оны шыршамен тойлануына қатысты түрлі пікірлер бар. Көпшілік адамдар оны Еуропалық мереке, ашығын айтқанда Иса пайғамбардың туған күнімен байланыстырады. Ал Мұрат Әджін және Ақселеу Сейдімбек қатарлы тарихшы, этнограф ғаламдардың пікірінше ол көшпенді түрік тектес халықтардың төл мерекесі. Мейлі қалай болмасын қазіргі таңда халықаралық деңгейде тойланатын ең ірі мерекелердің бірі. Тіпті кейбір араб елдері де тойлайды. Ал елімізде бұл мерекенің кеңестік билік дәурендеп тұрған 1937 жылдан бері үздіксіз тойланып келе жатқаны белгілі. Алайда, мен бұл мақаламда жаңа жыл немесе шыршаға қатысты айтайын деп отырғаным жоқ. Айтпағым осы мерекеде атылатын отшашуға байланысты. Қалыптасқан қағида бойынша мереке мен қарсаңында халықтың, қала берді қалалық әкімшіліктің бір-бірімен бәсекелескендей, бір-бірінен асып-түсіп, қызылды-жасылды, алуан түрлі отшашуларды ойқастатып шашатыны бар. Ой жүгірткен адамға осыдан түсер еш пайда жоқ екені анық. Керісінше экономикалық, экологиялық және қауіпсіздік пен саулық пен салауаттылық тұрғысынан аса залалды. Оның үстіне ұлттық дәстүріміз мен дінімізде де ондай салт- пен сана жоқ. Арғы-бергі
тарихымызға үңілсек ешбір мерекемізді тарс-тұрс атыспен қарсы алмағанымыз анық.
Олай болса бұл үрдіс қайдан келді, кімнен үйрендік? — деген заңды сұрақ туады. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне көз жібергеніміде ең алғаш болып қытайлардың оқ дәріні ойлап тапқанын білеміз. Қытайлар адамзат өркениетіне компасты, оқ дәріні, қағазды және баспа машинасын тапқырлау арқылы үлес қосқан халық. Олар селитра, күкірт және ағаш көмірін қосып жарылғыш затты өмірге әкелді. Бұл заттардың барлығы да кезінде адам емдеуге қолданып келгендіктен әрі атылғанда от шашатындықтан «оқ дәрі» деп аталып кеткен. Оқ дәрінің басқа емес Қытайда пайда болуы сол елдің салт-дәстүрімен де байланысы болуы мүмкін. Өйткені қытайлардың өзінің ұлттық күнтізбесі бойынша жаңа жыл меркесін қарсы алғанда (әр жылы ақпан айының ішінде атап өтіледі, тек он күн ілгері немесе кейін келеді) және әлем елдерімен бірге желтоқсанның қаңтарға қараған күндері отбасы мүшелерінің жиналып жылы-жұмсақты алдарына алып таң сыз бергенше мерекелейтін салты бар. Міне сол кезде торсылдақты топырлатып ату басталады. Торсылдақтың дәл осы кеште атылу себебі қытай халқының көптеген аңыз-ертегілерінде баяндалған. Оларды бір жүйеге келтірсек мынадай қызықты оқиғаларды кездестіріеміз. Ертеде «Қарсаң» деген өте жыртқыш және өте үрейлі мақұлық өмір сүріпті. Ол адамдар мен үй жануарларына ауыз салып елдің берекесін алыпты. Жүйеден әр жылы жаңа жыл қарсаңында ауыл-ауылды аралап әдемі қыз-кедіншектерді «аулайды» екен. Халықтың оған көрсетер қайраңы болмапты. Адамдар біртіндеп оның
тек қана қызыл түс пен тарсылдаған дауыстан қорқатынын сезіп жыл қарсаңында от жағып, барабан, керней шалып үрейлі мақұлықтан сақтана бастапты. Осы үрдіс дами келе өзінен әрі от әрі дауыс шығаратын торсылдақтардың жасалуына негіз болыпты. Кей бір аңыз желісінде ертедегі сол мақлұхтың аты «Қарсаң» емес, «Жыл» деп те аталды екен адамдар осы «Жылдың» келіп-кеткенінен аман қалғандары үшін бір-бірін «Жылдан аман өткеніңізбен» деп құттықтайтын болыпты. Күні бүгінге дейін қытайлар жаңа жылда бірін-бірі «Жылдан өтуіңізбен» деп құттықтап жатады. Біздің «Жаңа жыл құтты болсын» дегеніміздің керісі. Қай халық болса да жақсылықтан үміт күтетіні анық, содан болар аңыз-әңгімелерінің соңы жақсылықпен аяқтап жатады. Бұл аңыздардың да соңы солай, бір батыр аңщы жігіт әлгі қорқынышты жыртқыштың ізіне түсіп жүріп ақыр-соңында жер қаптырады.
Аңыздың кедесі бір бұтағы дәстүрден гөрі дінни сенімге жақындау, ол аңыз бойынша ертеде бір патшаның ерке-шора бір қызы болыпты, ол ел аралап сауық-сайран салуды жаны сүйеді екен. Сол қыз бірде шеткері бір қалаға келіп қонақ үйде ұйықтап жатқан жерінде сол қала маңын мекендеп жүрген бір албасты қыздың жүрегін суырып әкетіпті. Қыздың жұмбық жағдайда өлуі патшаға аса ауыр тиіпті, қанды қол қарақшыны ұстауға қанша күш жұмсаса да нәтижесіз, аяқсыз қала беріпті. Ел құлағы елу дегендей бұл оқиға ел-жұрт арасына тарай бастаған соң әлгі қонақ үйге келушілердің аяғыда саябырлапты, күндердің бірінде алыс аймақтан бұл қалаға бір бекзада мен бір шәкірт бала сапарлай келіп осы деңге қонуға түседі, көптен қонақ келмей көңілі жабырқап жүрген қожайын оларды жылы қарсы алып ең тәуір
деген бөлмесіне орналастырады. Бұл бөлме кезінде қыз өлген бөлме еді, кәперінде ештеңе жоқ екеуі төсек салып жатып қалады, түн ішінде бөлмеден жылаған қыдың дауысы щығады, бекзада орнынан тұрып балауыз щамды жағып қараса әдемі бір жас қыз егіліп отыр екен. «Сен кімсің»- деген жігіт сұрағына қыз болған оқиғаны айтып береді және өзін әкесіне кездестіруін сұрайды. Ол үшін ұйықтап жатқан шәкірт баланың жүрегін алып албастыға беріп, албастыдағы өз жүрегін қайтарып сол арқылы тіріліп әкесіне жолығып болған істі баяндап болған соң қайтып келіп шәкірт баланың жүрегін өзіне қайтарып беретінін айтады. Бұл ұсынысқа бекзаданың басы әпден қатады. Қызда өтінішін жылап-еңіреп қайталап айтудан шаршамайды. Не керек соңында жігіт келісім береді. Қыз тіріліп, шәкірт бала өледі. Ертесі қыз бен жігіт екеуі патшаға кездесуге жодға щығады, әрі шәкірт баланың уақытша өлгенін басқалар бұлар қайтып келгенше сезіп қалмасын деген оймен есікке қызыл шырақ іліп кетеді.
Міне осылайша қытай халқының жаңа жыл кешінде торсылдақ атып, есік маңдайшаларына қызыл шырақ іліп қою салты қалыптасып бүгінгі күнге жетіпті.
Қытай халқының торсылдақты пайдалану тарихында жын-шайтандар мен аруақтардан сақтану ұғымы бар. Себебі олар аруақтардан аулақ жүруді қалайды. Кім өлсе де оның барлық керек-жарағын мүмкіндігінше табытымен бірге көму дәстүрі бар. Егер бір заты қалып қойса артынан аруақ іздеп келіп мазамызды алады деген түсінік сақталған. Сондықтан болар өлік шыққан үйге отырмайды мүмкіндігінше басқа орынға қоныс аударуды қалайды. Бұл
жағынан аруақты силайтын, тіпті көмек сұрап басына түнейтін біздің халықпен дәстүр алшақтығының үлкен екендігін көруге болады. Егер шындығында отшашу ату аруақтармен «атыстың» бір түрі болса, осы біздер ата-баба аруағын үркітіп, содан жолымыз болмай жүрген жоқ па? Деп те ойлаймын. (Бұл сөзімді әзіл деп қабылдаңыз).