Қазақстанда автокөлік бағасы қашан арзандайтыны белгілі.
Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов мырзаның айтуынша, Кеден салығы Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін үш жылдан соң арзандайды 5448-1
«Дәл қазір бізде жеңіл автокөліктерге 30 пайыздық импорттық мөлшерлеме жұмыс істеп тұр. Ол жыл сайын кезеңмен ақырындап түсуде. Үш жылдан соң авто бағалары айтарлықтай арзандайды деп сенеміз»деді ол.
Алайда, халық арасында «Қазақстан ДСҰ-ға мүше ретінде қабылданып кірер болса, онда ішкі нарықтағы өзімізде құралатын көліктерді ешкімнің де алмасы анық. Оны үкімет біліп отыр. Кім өз қолын өзі кесіпті?» деген пікірлер де аз емес…
Мүмкін импорттық автокөліктер арзандаса Қазақстан сауда нарығында нағыз бәсеке пайда болатын шығар. Ал, бәсеке бар жерде сапа да бар екендігі бәрімізге белгілі…