“Гелендвагендегі” абзал жан…
Бүгін менің өмірімде атап айтарлықтай ерекше жағдай болды. Автобус күтіп, аялдамада тұрғанымда бір қап-қара «Гелендваген» келіп тоқтады. Рөлде отырған ересек адам. Менің үй жағымды айтып, ол жерге қалай жетуге болтындығын сұрады. Мен түсіндіріп айттым, ал ол:
– Менімен бірге жүр, бір жолата жолды да көрсетесін деді.
Үй жағыма келіп, түстім. Қарасам бұрынғы қызым қазіргі жігітімен серуендеп жүр екен. Мені көре сала бірден қалың қалай? Қайдан жүрсін деген секілді сұрақтарды жаудыра бастады. «Гелендегі» адам ол сәтте қасымыздан ұзай қоймаған. Мән-жәйді бірден түсініп, бұрынғы қызымның көзінше:
– Шеф! Сізді күте тұрайынба, әлде өзіңіздің шаруаларыңыз барма деп, көліктің кілтін лақтырды.
Мен оның рөл ойнап тұрғанын бірден түсінбей, абдырып қалдым. Бұрынғы қызым ұялғанынан қашып кетті, жігіті оның артынан жүгіріп жөнелді. Ал, мен екі көзім «Лупариктің» фаріндей. Жанағы «Гелендегі» жігіт қыран топан күліп жатыр.
Адамдардың затқа деген қарыма қатынасын енді түсінгендей болдым
Мораль – жүрген жерде адамдарға көмектесіп жүрейік!