Смартфондар адам миымен жұмыс жасайды.
Сарапшылар сенсорлы телефондарды күнделікті қолданатын адамдардың соматосенсорлы қабаты ұлғайғандығын анықтады. Бұл — мидың қол саусақтарының қозғалысын бақылайтын бөлігі.
Швейцариядағы Цюрих университетінің неврологтары ұялы телефонның адам денсаулығына әсерін зерттеп, жеке ұялы гаджетті пайдалануда оған құлай берілу мидың өзгеруіне әкелетіндігін анықтап отыр.
Адам миының жаңа жағдайларға бейімделу қабілеті бұл өзгерістердің созылмалы аурудың пайда болуы мен қозғалтқыш мүшелердің қалыпты жұмысының бұзылуына соқтырады.
Ғалымдардың пайымдауынша, қарапайым тетіктерге қарағанда тачскриндермен жұмыс қол саусақтарының әлдеқайда күрделі қозғалыстарымен байланысты.
Сенсорлы экранға жылдам қол тигізу мидың белсенді жұмыс істеуіне әкеледі. Зерттеушілер соматосенсорлы бөліктегі форманың өзгеруі ағзаны шаршататынын ескертіп отыр.