хат жазу мысал

хат жазу мысал
Қыз бен жігіт жүріп жүрген кезде ерлі-зайыптылар сияқты оларда да ұрыс-керіс болып тұрады. Сондай кезде көбісі шыдамай бірін бірі тастап кетеді. Бір-бірі туралы неше түрлі сөздер айтып, ұмытуға тырысады.



Мәселені шешіп көруге тырысу керек менің ойымша. Біз де жас болдық, біз де қателіктер жібердік. Мен мәселелерді хат арқылы шешуге тырысушы едім.

Ренжіскен кезде хат жазуды ұсынатынмын. Хат болғанда кәдімгідей хат, қағазға жазылған хат. Адам табиғаты кішкене менмен, тәкаппар ғой. Төмен түскісі келмейді, жол бергісі келмейді. Ондайды жеңе білу керек.

Адам айта алмаған сөздерін қағазға түсіре алады. Бар ойын жинақтап жақсы жеткізе алады. Және хатта жазылғандар айтылған сөздер сияқты тез ұмтылмайды, бір құжат сияқты сақталып қалады.

Ренжіп жүрген болсаңдар бір біріңе хат жазып, алмасыңдар. Тексерілген, жақсы амал. Сәттілік!

Десертке мына әнді ұсынамын:

Менің сүйікті әншілерімнің бірі Рафет Эль Романның «Соңғы хат» деген әні.



Сүйіктім, әр таңым мұңмен басталар
Әр түнім ұзын және суық, тоңамын
Қашан бітеді бұл қасірет
Қашан бітеді бұл сағыныш, оралшы енді

Дәл қазір соңғы хатың қолымда
Көз жастарың да бар екен үстінде
Жазарда жылапсың сүйіктім
Шыдай алмас бұған жүрегім

Есімде соңғы қоштасу күні
Тұрысың, маған қарағаның
Көздеріңнен, еріндеріңнен
Сүйемін сені, сүйемін

Сол тәтті һәм ащы сөздерді, жолдарды
Оқыған кезде жыладым, жүрегімде сақтадым
Мұңаймашы, міндетті түрде ораламын
Махаббатымыз үшін өмір сүремін, өмірдемін