Ресми хат жазу үлгісі
Хат – пошта арқылы салынатын, мазмұны әртүрлі құжаттардың жалпы аты. Ол мекемелермен, жеке тұлғалармен хабар алысу құралы қызметін атқарады, әртүрлі мәліметтер жіберуге, оқиғалар туралы құлақтандыруға мүмкіндік береді. Хат мәселені басқа құралдар арқылы (жеке әңгіме, телефон арқылы сөйлесу) шешу мүмкін болмағанда қолданылады. Хаттың көптеген түрі бар: жауапты талап ететін өтініш, ұсыныс, шағым, сұрау салу хаттары т.б. Хабарлама, ақпарат, бас тарту, ескерту т.б. мазмұндағы жауапты талап етпейтін хаттар да кездеседі.
Письмо – обобщенное название различных по содержанию документов, пересылаемых по почте. Оно служит средством общения с учреждениями, частными лицами, позволяет сообщать различные сведения, уведомлять о событиях. Письмо используют в том случае, когда невозможно решить вопрос другими средствами (личная беседа, телефонный разговор). Существует много видов писем: письма, содержащие просьбу, предложение, претензию, запрос, требующие ответа и т.п. Есть письма, которые содержат извещение, информацию, отказ, напоминание и не требуют ответа.
Телефонхат – жедел мәселелер бойынша телефон арқылы берілген және алушы жазып алатын құжат. Ол отырыстар, мәжілістер, іскери кездесулер, жоспарланған іс-әрекеттердегі қандай да бір өзгерістер, іс-шаралар туралы жедел хабарлар жіберу үшін пайдаланылады.
Аудан әкімдеріне
ТЕЛЕФОНХАТ
Осы жылдың (күні)(айы)күні, сағат (сағат)-де(да,та,те), № (номер)залда (қала)қаласы әкімдігінің кеңейтілген отырысының өтуіне байланысты жеке өзіңіздің, орынбасарларыңыздың, аппарат басшысының, бөлім бастықтарының қатысуын, сондай-ақ ауданыңыздан (50)адамнан тұратын өкілдерді (ардагерлерді, кәсіподақ қызметкерлерін, шағын және орта бизнес өкілдерін, «Мәдени мұра»бағдарламасына қатысты ҒЗИ, мұражай, қоғамдық қор басшыларын) шақырып, тіркеуді ұйымдастыруды өтінемін.
Тіркеудің басталуы сағат: (сағат).
Күн тәртібі:
1. (қала) қаласының тұрғындарына (жыл) жылдарға арналған (алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру мен дамыту бағдарламасының) жүзеге асырылу барысы туралы;
2. «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының (жыл) жылғы жүзеге асырылу барысы туралы;
3. (қала) қаласы әкімдігінің «(қала) қаласының сақталуға тиісті құжаттардың сақталынуын қамтамасыз ететін кәсіпорындармен, ұйымдармен мұрағат қызметінің жұмысы туралы» (жыл) жылғы № (номер) қаулысының орындалуы туралы ақпарат;
4. Аудан әкімдерінің «Аудандарды дамытудың болашағы туралы» есебі.
(лауазымы) (аты-жөні)