Таяу күндері елімізде ауа райы бұзылады
Таяу күндері елімізде ауа райы бұзылады. Синоптиктер 8-10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, Исландияда 5 желтоқсанда қалыптасқан күшті циклон Ресейдің солтүстік аудандарына жетті, енді шығысқа қарай жылжып келе жатыр. 8 желтоқсанда циклон Батыс Сібірді және Қазақстанды қамтиды.
"Осы циклонның әсерінен солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауады, боран соғады, батыс желінің жылдамдығы кей жерлерде секундына 18-25 метрге жетеді, екпіні секундына 28 метр болады деп күтіледі. Республиканың батысында және оңтүстігінде циклонмен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, жаңбыр, сулы қар, тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Мұнда кей жерлерде жел секундына 15-23 метрге дейін күшейеді, Жамбыл облысында секундына 25-28 метр болуы мүмкін", - деді синоптиктер.
Дереккөз