Тәуелсіз Қазақстан

Көк туымыз желбіреп көгімізде,
Тәуелсіздік тағы жетті бүгін бізге,
16 желтоқсан бақытты күн,
Нұр ойнайды,жарқылдап көзімізде.
Тарихқа үңіліп бір көрейікші,
Жырменен бар сырларды төгейікші,
Тігілген бұл шындықтың бұрыштарын
Тағы да бір ақтарып,сөгейікші.
Біз қазақпыз,қазақтың тарихы көп,
Бұл қазақтың көрмеген азабы жоқ,
Сонда да қажымады менің елім,
Жауына қарсы шапты тажалы боп.
Жоңғарға қарсы шықты мына қазақ,
Қабанбай,Бөгенбайлар көрді азап.
Алайда нәтежиесіз болғаны жоқ,
Әйтеуір,бір етті ғой елді азат.
Орыстардың қол астына өтті бір кез,
Жоңғардан жері босап қалды сол кез,
Алайда тәуелді боп қалды-ау тағы,
Орыстың байлауына тағы бір кез.
Бұл қазаққа не қорлықты көрсетпеді,
Ашаршылық,соққыдан бас кетпеді,
Бұл тағдырмен қазағым арпалыста
Тізерлемей,ешқашан селт етпеді.
Жазықсыздан жазықсыз өлді-ау қанша
Қазақтың зиялысы атылғанда,
Тұтқында отырды екен неше қазақ,
Залалы тиді неше ақындарға?!
Одан кейін беріге жылжығанда,
Қазақтың өмірі бір тыншыған ба?
Қанды соғыс келді тағы қазағыма,
Жау-дағы жағадан ап,шымшыған ба?
Бұл соғыста неше қазақ көз жұмды екен,
Зарына құлақтарын кім түрді екен,
Жеңіске осы қазақ жеткізсе де,
Қадірін бұл халықтың кім бідді екен?
Қайрат,Ләззат тағы да ер жастар бар,
Олар үшін жазылар жыр дастандар,
Риза оған бар қазақ өкілдері,
Жұлдыз риза,ай риза,риза аспандар.
Осылай біз тәуелсіздік алдық кеше,
Қорлықты көрді екен қазақ неше?
Алысты білдіреміз біз оларға,
Қайтты бізге еңбегі мың боп есе.
Ал,қазағым,мейрамың құтты болсын,
Шаңырағыңа қуаныш шаттық толсын,
Жайдарлы қазағымның әр үйінде
Үзілместен осындай тойлар болсын!