Г.-В.Гегельдің өз дәуіріндегі әдебиет пен антикалық әдебиетк

Немістің атақты идеалист-философы Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770—1831) эстетика мәселелерін де өзінің жүртқа мәлім “абоолютгік идеясы” тұрғысынан, атышулы триадасы (тезис — антитезис — синтез) тұр-ғысынан байыптаған. “Айуанның өсімдіктен өрбімегені секілді, адам да айуаннан өрбіген жоқ;—дейді Гегель.кез келген тірі жан қазір қандай болса, дәл сондай қалыпта түп-түгел және бірден пайда бола қалған” *. Бұл ретте де филосфтың күллі ой-пікірі өзінің әлгібір “абсолюттік идеясына” келіп құйылып жатыр. Дәл осы секілді, Гегельдің “Эстетика” атты арнаулы трактаты да сол өз философиясы _тұрғысындағы “идея” мен “құбылыстың”, пішін мен мазмұнның ара қатынасына талдау жасаудан туған. Оның эстетикалық жүйесі бойынша бұл арақатынастар диалектикасы өнердің үш сатысына, яғни үш түріне сай келеді:
1) Символикалық түр. Мұнда идеал әлі анық емес, ал “құбылыс” тек қана “идеяның” образды түрге айналу мүмкіндігін ғана танытады.
2) Классикалық түр. Бұл тұста “идеал” анық, өйткені ол құдайлардың бедерлі бейнесіне толық айналып, рухани ұғымды көзбен көріп, қолмен ұстар нақтылық пен заттылыққа жеткізген.
3) Романтикалық түр. Енді келіп рухани “идеал” сыртқы тұлға емес, адамның ішкі дүниесіне — сезімге, күйініш-сүйінішке, көңіл күйіне — айналып кеткен; сондықтан ол филооофияға жақын келген, яғни философияға айналған.Гегельдің тұжырымынша, жалпы адам баласының көркемдік дамуындағы жаңа кезең — романтикалық түр болып табылады. Гегельдің түсінігінше: өнердің предметі — әдемілік, ал эстети-каның предметі — өнер, демек, эстетиканың предметі — ұшы-қиырсыз мол әрі жан тебірентер ғаламат әдемілік әлемі. Жалпы өнер атаулының бәрін Гегель абсолюттік рухтың өзіндік дамуындагы, өзін-өзі тануындағы белгілі бір кезең ғана деп түйді. Өмір мен өнердегі әдемілік дегеннің өзі, Гегельдің ұғымынша, абсолюттік идеяның, “жалпыға бірдей рухтың” неғұрльш толық, айқын және еркін көрінуі болып табылады. Әрбір өнер туындысының эстетикалық құнын да Гегель осы тұрғыдан бағалаған.Гегель өзінің данышпан диалектик болғанына қарамастан, осындай шым-шытырық эстетикалық жүйесін дәлелдеп, идеализм батпағына өзі де батты, өзгелерді де малтықтырды. Сөйте тұра, оның эстетикалық ілімі XIX ғасырдағы өнер теориясының одан әрі дамуына үлкен ықпал жасағанын жоққа шығаруға болмайды.