И.Кант эстетикалық қасиет туралы анықтамасын сипаттаңыз

Иммануил Қанттың (1724—1804) субъекгивті-идеалистік эстетикасының негізгі тұжырымдары оның “Байыптау қабілетіне сын” деген еңбегінде жүйеленіді. Канттың күллі дүниені “өзіндік затқа” және “біздік затқа” бөлгені, ал “өзіндік зат” дегенді тірі пенде біліп бола алмайды деп түйгені мәлім. Сөйтіп, ол эстетиканы да, өнер мен әдөбиетті де “өзіндік затқа” сайып, бұлардың сыр-сипатын әшейін долбар (априори) арқылы ғана байқамаса, кез келген кісі дәл түсіне алмайды деп қорытты. Өйткені, Канттың ойынша, ақын-жазушы — “артық жаралған” айрықша тұлға. Ал өмір мен өнердегі сұлулық — “адамдарға ешқандай шартсыз ұнаған нәрсе”; оны “суреткер ешқандай мақсатсыз жасайды”. “Таза санаға сынында” ол тура: “Сұлулық — жалпы жұрттың ешқандай ұғым-түсініксіз рахаттану құралына айналған нәрсе”,—деп жазды; ол “жұрттың бәріне еш-қандай мақсатсыз, тап-таза түрімен ғана ұнайды”.
Сонымен, Қант зстетикасының негізгі сипаттары: субъективті идеализм, бейтарап бақылау, өнер мен әдебиетті қоғамдық қатынастар тәжірибесінен сырт қалдыру, формализм, агностицизм, сұлулық жөнінде ғылым жасау, көркемдік талғам мен толгам заңдарын белгілеу “мүмкіндігінің жоқтығын” уағыздау. Демек, Канттың эстетикасы “өнер—өнер үшін”,_“таза өнер” деген ғылымға жат теориялар мен күллі декаденттер тәжірибесіне ту болғаны тегіннен-тегін емес.