Гердер эстетикасының ерекшелігін сипаттаңыз

Гердер Иоган Готфрид (1744-1803) - неміс ойшылы, философ, теолог, филолог, лингвист. Гердер адамзат тарихын біртұтас үдеріс деп біледі. Ол алғашкы рет мәдениет дамуының сабақтастығы туралы мәселені қойды. Тарих философиясын бастаушылардың бірі ретінде белгілі.Абсолюттік идеологияға қарсы, классицизмге қарсы қатал күрескерлердің бірі — немістің ұлы ағартушысы Лессинг (1729—1781). Ол да, Дидро секілді, “мен қашаннан ақынның табиғат зерттер орны — Сарай емес деген пікірдемін”* деп, турасын айтты Дәл осы піқірді Гельвеций (1715—1771), Винкельман (1717—1768), Гердер (1744—1803) қуаттаған. “Жекелеген жұпыны жертөлелерде,— деп жазды Гердер,— салтанатты сарайлардағыдан әлдеқайда сұлу талғам бар”.