Дидро мен Лессингтың әдеби көзқарасынашыңыз

Фабуланы Лессинг шығарманың “табанындатұтасыпжатқанаркау” дейді.Лессинг өзінің әйгілі “Лаокоонында” кескін өнері мен сөз өнерін салыстыра келіп, біріншісі денені суреттеу арқылы қимылды елестетсе, екіншісі қымылды суреттеу арқылы денені елестететінін дәлелдейді де, мынадай түйін шығарады: “Бір тұтас түбегейлі мақсатқа бағытталған бір алуан қимылды әрекет дейміз”.Әдебиет теориясы мен эстетикалық ойлардың одан әрі дамуына айтарлықтай үлес қосқан Ағарту дәуірінде жасаған француздың аса көрнекті материалисі Дени Дидро (1713—1784) болатын. Мүның әдеби-эстетикалық көзқарастары сарай аристократиясының талғамы мен талабына қарсы, Франциядағы буржуазиялық революция -қарсаңындағы бұқара рухын танытты. Философ-материалист суреткерге тура “сен әрбір іс-әрекеттегі ұлылық пен сұлулықты мәңгіге дәріптеуің керек, талайсыз-бақсыз қор болған ізгіліктің абыройын сақтауың қажет, рақат пен қурметке бөленген кеселді кескілеуің керек, мейрімсіз жуандардың зәресін ұшыруың қажет”* деп ап-анық ашып айтты. Дидро әдебиет пен өнердегі шыншылдық үшін күресе отырып, теория мен эстетикаға реалазм ұғымын енгізді, онық қиялға, ойдан шығару мен көркемдік жинақтауға қарым-қатынасын белгіледі. Ал оның Сараң мен Тартюф бүкіл жер үстіндегі шық берместер мен екі жүзділердің жиынтық тұлғалары екенін айтуы тіпті бір терең теориялық пікір еді.Абсолюттік идеологияға қарсы, классицизмге қарсы қатал күрескерлердің бірі — немістің ұлы ағартушысы Лессинг (1729—1781). Ол да, Дидро секілді, “мен қашаннан ақынның табиғат зерттер орны — Сарай емес деген пікірдемін”* деп, турасын айтты.