Гераклит эстетикасының негізін сипаттаңыз.

Пифагоршылар секілді Гераклит те әдемілік дегенде негіз болатынын мойындайды. Бірақ ол – сан емес, сапа деп біледі. Оның ұғымынша әдемілік тек қана нақты, затты нәрсеге тән. Ал осының өзі шартты: әп әсем маймыл адаммен салыстырсақ, - ажарсыз да жексұрын да, ең әдемі адам құдаймен салыстырсақ, - Бұл Гераклиттің әсер, сезім, таным, жалпы эстетикалық таным қабылдау тарапында қатып қалған қасаң абсолют болмайтынын дәлелдеуі, әдемілік туралы ілімдегі догмаға қарсы шығуы еді. Осының негізінде ол жақсы-жаманды, ұнамды-ұнамсызды нақты өз орнында түсіну керектігін уағыздайды. Оның ұғымынша, айталық, теңіз суы әрі таза әрі лас: «балық ішеді, адам ішпейді». Әр нәрсенің әдемілігін тануда дәл осындай сапалық өлшем болатынын аңғартады.