Әдебиет теориясын қалыптастырудағы әдебиет тарихының орнын с

Әдебиет теориясы көркем әдебиетің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Ә-тің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясынан ғана танып білуге болады. Ал осы теорияны қалыптастыру үшін тарихының маңызы зор. Өйткені оның тарихы жеке алғанда бір елді, жалпы алғанда бүкіл адам баласының тарихында көркем ә-тің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді. Қай халықтың болсын атам замандағы сәбилік шағында, жазу-сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігені, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті туып, дамығаны мәлім. Әр халықтың осындай көркемдік даму сапарын саралайтын да, сын көзімен сұрыптап сарапқа салатын да ә-тің тарихы. Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой-өрісіне байланыстыра зерттейді. Олай етпей, ауыз ә-нің нұсқалары болсын, жеке жазушылар творчествосы болсын әділ бағаланып, әдеби дамуындағы өзіне лайық орын алуы мүмкін емес. Яғни әдебиет теориясын нәзік түсінбей тұрып, тарихы жайлы әңгіме қозғау; тарихын білмей тұрып, сырын өрбіту мүмкін емес. Егер болашақта әдебиет саласында мықты маман болғымыз келсе, оның 3 саласында жетік меңгеруіміз керек. Жетік меңгерушілер деп Белинский, Чернышевский, Добролюбов сынды ғалымдарды айта аламыз.