Сюжет, тартыс және композиция түрлерін сипаттаңыз.

Композиция(лат.-құрастыру, шығарма) -көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция - құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Композиция тектері "орнықты", "айнымалы", "ашық" және "жабық" болып бөлінеді. Композицияның орнықты және жабық тектері Қайта әрлеу дәуіріндегі өнерде басымырақ қолданылды, ал айнымалы және ашық тектері барокко стилінен айқын көрініс тапты; Композицияны түрлері:-сюжеттің басталуы (уақиғаның басталуы),-шығарма ішіндегі уақиғалар байланысы,-уақиғаның шарықтау шегі,-уақиғның аяқталуы (шешімі).
Сюжет (фр.-зат) - өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі. Сюжеттің негізі - өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Ол тартыс, конфликт - әр түрлі адамдардың көзқарасындағы қарама-қайшылық. Мұндай кайшылықтар әр түрлі әлеуметтік топтардың ымырасыз күресі, таласы үстінде қандай айқын бой көрсетсе, сонымен қатар, баяндалған оқиға, жағдайларға кейіикерлердің әр түрлі қарап бағалауынан да жақсы аңғарылады. Кейіпкерлердің қақтығысы қалайда қоғамдық өмірдегі күрес-тартыспен қабысып жатады, жеке адамдардың іс-әрекетінен, тағдырынан оқырмандар заманның, дәуірдің шындығын көріп, әлеуметтік қайшылықтардың сырын ұғады. Шығармадағы қақтығыстартыстың өрістеп дамуы үстінде кейіпкерлердің қимыл-әрекеттері, ой-сезімдері, сөздері арқылы олардың характері ашыла, айқындала тұседі. Сюжеттің жүйелі тұтастығы да, жекелеген сәттері, яғни бастамасы, шиеленісуі, шарыктау шегіне жетуі және шешілу-аяқталуы да өмірлік тартыс, қайшылықтың даму-өрістеу заңдылықтарына сәйкес келіп отырады. Оқиға желісі болған соң, тартыс болған соң оның қандай да болсын бастауы, өрістеп, шиеленісіп, ширығатын кезі, аяқталуы болатыны түсінікті. Және мәселе окиғаның жай аяқталуында емес, көркем шығармадағы қактығыстар, жеке сурет-картиналар арқылы толысып, мағынасы кеңейе түсетін окиға тізбегі бара келе логикалык тиянактылык тауып, негізгі шиеленістің түйіндері шешіліп, бәрі-бәрі бір арнаға құйылып барып тынуы, сол арқылы шығарманың негізгі идеясы өсерлі толық ашылуы аса қажет. Сонымен бірге Сюжеттің беташары ретінде аңдату, ал соңында суреттемелер де беріледі. Олардың болуы шартты емес, тек қажетті деп саналса ғана. Сюжеттің аталған түстары, өз алдына оқшауланып көрінетін болшектері үнемі бір қалыппен жасалмайды, өмірдегі нақтылы жағдайларға орай сан түрлі болып құбылып өзгеріп отырады. Сюжеттің мағыналык мүмкіндігі баяндалатын, оқиғаға катысатын кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінезбітімі, яғни, характерлері бейнеленуі арқылы ашыла түседі. Қалай десек те, сюжет пен кейіпкерлер, олардың характерлері арасындағы тығыз байланыс, сабақтастық бар. Ойткені окиға дегеніміз - адамның басынан кешетін жағдайы немесе бірнеше адамдардың қарым-қатынасының көрінісі. Ал, адамның мінез өзгешелігі, характері оның істеген ісінен, қимыл-әрекетінен айқын танылатыны және талассыз. Ал кейбір шығармаларда кейіпкерлердің характеріне, мінез-құлқына тереңірек бойлап, өмір шындығын ашып көрсетудің орнына, баяндалып отырған жағдайларды ешбір зерлеп, зерттеп жатпай, окиға желісінің өзін қызықтап, соның ізін қуып кету де кездесетінін мойындаумыз керек. Бірак бұл көркемөнердің талабы емес, көбінесе жазушынын талғампаздық, шеберлігінің жетіспеуінен болады. Сюжетті қызықтау, бірыңғай баяндау детективтік жанр шығармаларына ғана болмаса, басқа әдеби туындыларда ұтымды болмайды. Көлемді шығармада оқиға желісі бірнеше тарауға бөлініп, қатарласа өрбіп, бір-бірімен жалғаса келіп, бір арнаға құйылады. Сюжеттің аяқталуы, бітуі дегеніміз - баяндалып отырған оқиғалардың бір арнаға сайып, оз шешімін табуы. Алайда Сюжеттің аякталуы, тиянақтылығы әр шығармада әр түрлі. Көп жағдайда шығармадағы оқиғаларды одан әрі үластырып, жалғастыру мүмкін болса да, жазушы баяндауын сөза бермей, кайырады. Өйткені оқиғаға қатысты кейіпкерлердің өмірін үнемі сарқа баяндау мақсат емес. Неғұрлым кейіпкерлердің мінез-құлкы, бейне тұлғасы дараланып, әсерлі корінсе, солғүрлым шығарманың сюжеті тиянақты аяқталғандай сезіледі.