Таңбалар жүйесі және әдебиет туралы баяндаңыз.
Семиотика (гр. semeion - белгі, танба)-таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегікоммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. "Таңбалар жайындағы ғылым" ретінде семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары табиғи тілді байкауға байланысты Ч. С. Прис пен Ф. де Соссюрдің еңбектерінде айтылған. "Семиотика" термині алғашкы кезде формалды логика-математика саласы үшін қолданылған, ал оның заттық-мазмұндық жағы Еуропа дәстүрі бойынша семасиология деп аталған, кейін бұл екі термин синоним ретінде қолданылатын болды. Семиотиканың көлемді объектілерінің ішінде неғұрлым ортақ сипат тіл мен көркем әдебиеттің арасында айқын байкалады. Сол себепті тіл мен әдебиет семиотикасы гуманитарлық семиотика сының өзегі болып табылады. Семиотиканың тағы бір саласы формалды логика-математика деп аталады.