Әдеби- тарихи мектеп туралы баяндаңыз.

Өркениет, нәсіл, орта, сәт, ұлттық мінез, халық рухы, әдеби дерек сияқты жетекші ұғымдары бар мәдени-тарихи ғылыми бағыттың негізін 19 ғасырда фр. ғалымы И. Тэн қалаған, ол адам табиғатын физиологиялық, әлеуметтік, тарихи факторлардың тоғысуы арқылы түсінгісі келді. Оның іс-әрекетінің жалпы идеясын табуды армандайды.позитивизмнің жақтасы болған Тэн натуралистік идеяға жақын болды. Сент-Бевтың теориясына сүйенеді.
Көркем әдебиеттің сипатын анықтайтын 3 негізді И.Тэн былайша белгілейді: Нәсіл, Орта, Сәт. Нәсіл деген ұғымды ғалым жалпы халыққа тән табиғи темперамент сипаты есебінде түсіндірген, нәсіл әр елде өмір сүріп, түрлі континеттерге таралып кеткенімен бәрібір өзінің ортақ рухани дүниелерін ұмытпайды, ғни нәсіл Тэн үшін тұрақты ұғым, оны ұлттық мінез бен ұлттық ділге барабар мәнде өолдануға болатындығын ғалым қадап айтқан. Нәсілдің рухани құрылымын осылайша анықтап алған соң ғалым нәсіл өмір сүретін «оратны» зерттеуге ден қояды, нәтежиесінде географиялық, әлеуметтік, тарихи орталардың өзгеруі, ауысуы мәдениет пен әдебиетке әсер етеді деген қорытындыға келеді. И.Тэн «Сәт» түсінігін мәдениет пен дәстүрдің тарихи деңгейі деп қабылдаған.
Мәдени-тарихи әдіс көркем әдебиетті халық тарихының кезең-кезеңдеріндегі халықтың рухвн сақтаушы күш деп бағалайды, яғни әдеби кезеңнің мәдени-тарихи құжаты. Аталмыш әдіс өз мүшелеріне қатаң талаптар қойды: жалпы мәдени танымның кеңдегі-зерттеушінің ғылыми интуициясының ғылыми-теориялық мықты негізі.
«Тарихи деркетің» әдеби дерекке айналуының астында үңілуге ерекше назар аударған бқл әдіс ұлттық әдебиет ж\е халықтық әдебиеттің негізгі қорғаушы күтерін саралаудың алуан түрлерін іздеді. Мәдени-тарихи зерттеулер, жалпы алғанда «көркем мәтінді байыпты оқу» әдісі деп есептеледі.