Әдебиеттанудағы компаративизм мектебі туралы баяндаңыз.

Компаративистік әдіс 19 ғасырдың соңғы жалдарында А. Веселовскийдің зерттеулерінен белгілі болды. Көптеген халықтардың факльклеры мен әдебиетіндегі формулалар мен мотивтерді салыстыра қарап, әдеби, тұрмыстық, әлеуметтік элеметтердің қайталанып отыратынын байқаған ғалым олардың арасындағы қатынастарды генетикалық ж\е типологиялық тұрғыдан зерттеу барысында өзінің «Тарихи поэтик» атты атақты еңбегін жазған. Алғашқы кезде А.Веселовский өзінің мәдени-тарихи мектепке жақын екендігін айтып, әдебиет тарихи – образды –поэтикалық түрде берілген қоғамдық ойдың тарихы деген тоқтаға келеді. Әр мәдениеттің өзінің даму ерекшеліктері бар, сондықтан мәдени өмірде «менеушәләк» пен «артта қалушылық» деген ұғымдардың ғылыми орынсыз екендігін қадап айтқан ғалым «ұқсас фактілердің параллель қатары», «типологиялық түйәсу» сияқты түсініктер арқылы типологиялық сәйкестіктер мен ұқсасытқтарды түп төркінін өзінше сараптаған. Оның ойынша, көркем әдебиеттегі ұқсас деректер қатарының ұай дәрежеде көрінетіндігін анықтап алу керек екен.
Крпаративистер 2 көркем мәтінді салыстыру зерттеу кезінде алдымен олардың жанырлық сипатын, баяндау тәсілін, тақырыптарын, мотивтерін есепке алуды ұсынады. Әрі қарай стиль мен әдеби тіл мәселесіне кошу қажеттігін айтады. Мәтінаралық байланыстарды анықтау жұмысы аллюзия, пародия, цитатция, вариация, коллаж, монтаж, патиж, филиация,реминсценция сияқты құбылыстарды қарастыру арқылы жүргізіледі. Автордың бұл түсініктерді өзінше қорыту, ыңғйлау, бейімдеуіне компаративистика баса назар аударады.