М. Мақатаев шығармашылығындағы М.Жұмабаев пен Қ.Аманжолов са

М.Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның туған ауылына, Алатау табиғатына, сүйген жарына, аяулы әжесіне, балаларына, достарына, сағынышты махаббатына – баршасына арналған өлеңдері де шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған жырлар. Олардың бояу әлемі мен әуен-сазы да ақын көкірегінің толғаныс-тебіреністен жасаған; бәрі де адамның өз дем, өз тынысындай шынайы, табиғи.
Райымбек, Райымбек поэмасында тарихи мәлiметтер мен халық арасында сақталған деректердi екшей отырып, Райымбек өмiрiнiң кезеңiн сол уақытқа, сол кезеңге тән оқиғамен баяндаған:
«Қара таудың басынан көш келеді».
Қара жорға шайқалып, бос келеді.
Қара күнді жамылып, қара қазақ
Қара түнді басынан кешкен еді. [2.284]
Мұқағалидың Райымбек,Райымбек поэмасы сынды жырларымен мәңгіліктерге құлаш сермеген Мағжан атамыз «Батыр Баян» поэмасының кіріспесінде былайша күңіренеді:
Жүрегім, мен зарлымын жарлыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанамын да, . [1.288]
деп ел тағдырын жан, тәнімен сезініп сұм өмір сұрқия мергендерінің қаһарынан қаймықпай қос ақын жырлаған еді.
М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмірмен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.Туған жер өлеңінде :
Жаралған жан емеспін басы бөтен,
Туған жер, топырағыңды басып өтем.
Кеудемде қатып қалған бірдеңе бар,
Кім білсін, туған жердің тасы ма екен?! Ақынның ойы да, сезімі де еркін, сыршыл, нәзік мұңды көңіл-күйі аралас жүреді. Ақын көлгірсімейді, ағынан жарыла шынын айтады. Сезім мөлдірлігін, үлкен шеберлікті, суреткерлікті танытатын мұндай өлеңдер Мұқағалида мол. Мүбәда қара жерден бауырын айырмаған арзан тастың ақын ойында соншалықты бай, қымбат болағанын өлең өрнегінен көреміз.
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы әлеуметтік, эстетикалық талғам, талабымен айрықша жаралған дүние.Ақын туған жер өлеңінде:
Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбiм.
Жалғаны жоқ, бәрi сенен жан-тәнiм.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен -Күнiм деп кіндік қаны тамған туған жерін маржан жырмен әсемдеп көмкереді.
Мұқағали күрескер ақын. Бұған көз жеткізуге айқын дәлелдер бар. Келтіре кетейік:
Ояту былай тұрсын рұқсат жоқ,
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге, – дейді. [3.7]
Бесік тәрбиесі-бүкіл ұлттық тәрбиенің негізгі арқауы. Халқымыздың атадан әкеге,әкеден балаға мұра болып келе жатқан қасиеттің бірі – бесік. Бесікті киелі деп есептеген. Оны өзге жанның ұстамақ түгіл қол тигізуге дәті бармаған.Осы ұлы күрескерлік жолдың көш басында тұрған ұлт қамын ойлап шырылдаған боз торғайдай болған, кер заманның кездігі пәк жүрегіне қадалған М.Жұмабаев: Жұрттың қамын көп ойла,
Уайым-қайғы жеп ойла!
Артта қалған сорлы жұрт
Алға бассын деп ойла.[4.63] Тұтасымен алғанда Мағжан өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа, соны әлем әр сөзінен айшықты мағына, тың образ, ашты шындықты дәл нақты айта білгендігін мұндай қасиетті М. Мақатаев поэзиясынан да байқаймыз.
Қолына қалам ұстап қара сөзді қиыннан қиыстырған ақындардың өзіндік бір ерекше екінші жағынан танытатын ол лирикалық өлеңдері Мұқаңның сен бе едің? өлеңінен үзінді келтірейін:
Сен менің көтерілген еңсем бе едің?
Армандадым,өзіңді көрсем дедім.
Бақыт іздеп жүр едім, сол сен бе едің?!
...Арманым жоқ алдыңда өлсем сенің.[3.163]Тулаған тұлпар шабытпен, ақ жүректен арқырап төгілген жыр нөсеріндей мөлдір, кіршіксіз сезімнің өлең болып өріліп сөз құдыретін түсіңген ақын қаламынан туылуы ақиқат шындық еді. Сол шындықтың айғағы іспеттес замана бейнесін, қазақ қыздарының тағдырын жырға қосқан М.Жұмабаев ʻʻЖас сұлуға ˮ деген өлеңінде: Жас періштем сұлу қыз,
Сүймеші,сүйме сұраймын!
Мен ақынмын тұрлаусыз,
Жырлаймын да, жылаймын!-
деп, әйел жанының нәзіктігін, ақын жанымен салыстып, әйел махаббатының тұрақтылығы мен беріктігін құрмет тұтады.[5.370]
М.Мақатаев туралы көптеген ақындар,зиялы адамдар өз пікірлерімен бөліскен. Бексұлтан Нұжекеұлы ақын туралы былай деп жазады: «Ойын сиқырлы сөзбен айта білу, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу – Мұқағали өлеңдерінің негізгі құдіреті. Оның талай өлең жолы қанатты сөз боп халық аузында жүр.Халық айтса қалт айтпайды демекші Мұқағали поэзиясымен мен Қасым шығармашылығы сүрлеуі тамырлас, сарыны өзектес екені баршаға мәлім. Мұқағали Мақатаев – қазақ поэзиясының көгінде кешегі майдангер, ғажайып дарын иесі Қ.Аманжоловтан кейін жарық жұлдыздай жарқ етіп, оқырманды өзіндік сыр-сипаты қайталанбас дарынмен баурап алған ерекше тұлға. Мұқағали Қасымды қай жағынан болсын пір тұтып мақтан еткен.мысалы : Мұқағали ақын Қасым атамызға мынадай өлең арнаған:
Дейсіңдер-ау! Қасымның несі басым?!
Қасым солай болмаса, несі Қасым,
̎̎ Ақынмын ̎̏ деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым. [2.245]
деп Мұқаң қан майданның қас батыры болған Қасым поэзиямен сөз өнеріндегі күндей күліп, жұлдыздай жарқырап болашақ ғасыр белестерімен бірге келер ұрпаққа мұра болатындай жырларын ой таразысына салып салмақтап түсіңгеннен кейіңгі арнауы еді, жалпы әдеби үндестік тіл көркемдігі поэзиядағы сарын ат тұяғын тай басқан сұлу жырға мұрагерлік бейнесін байқаймыз.Мысалы Қасым жалпы өлең ғұмырының басым бөлігін майдан тақырыбына арнаған патриоттық, отаншылдық сезім соғыс жылдарында ерекше күшейді. Соғыстың қатал да ащы шындығы ақынды да, оның жырларын да тың өріс, жаңа биікке самғатты.
Арманым жоқ, өз көзіммен Көрдім бәрін, болды тілек. Қасиетті отты зілмен Көкірегімде қайнаған кек, Төгіл жауға! Тула, жүрек! . [6.42] Қасымның майдан жырларының лирикалық кейіпкері - кеудесі кек пенызаға толы, аса қажырлы жан. Асқар таудай Қасым арқалаған арманды арқалап, қырдағыны қалыт жібермей ілетін қырағы көзбен Алаштың ақиық ақыны атаңған Мұқағалида сұм соғысты бейнелеп жырға қосқан:
Соғыс, соғыс...Соғыс жауы жер-көктің,
Соны біліп, соғысқа жол бермек кім?!
Егер сонау қанды майдан болмаса,
Жүрер еді топай көгі еңбектің. .[2.195]
А.А.Носкова Мұқағали мұрасында омоним, көп мағыналы сөздерден жасалған анафоралық және эпифоралық қайталамалар өлеңге ерекше сипат, жаңа мағыналық рең беріп, өлеңнің көркемділігіне мазмұнына үлкен әсер еткендігі айқындаған.
Арманда, балам, арманда,
Арманға толы жалғанда,
Армансыз, сірә, жан бар ма?
Армандап жүрген жандарға ...
Мұндағы арман сөзі бірнешерет қайталансада өз мағынасын рең мәнін бұзбай соны күйінде сақталып айтайын деген ойды одан әрі көркемдеп түрлендіріп береді. Бұны ақынның асқан шеберлігі десек мұндай қайталау тәсілін Қасым шығармашылығынан да көреміз.мысалы:
Сен тірісің! Мәңгі өлмейсің. Өлім сені басына алмас,
Сен жалынсың лапылдаған, түн түнегі жасыра алмас.
Сен болатсың жарқылдаған, тот та баспас, жерде қалмас,
Сен алтынсың , жүрегінде сақтап келді Кавказ, Парнас.[6.215]
Алдағы болашаққа өміршең тілекпен көз тастап, бұлыңғыр бұлттан жарық етіп көзге түскен қуатты өлең өлкесін мол қазына жырларымен толықтырған қос ақын әр тармақтың басында бір сөзді қайталау (анафора) тәсілін қолдаңған. Қара өлеңнен құйын көтеріп, дауыл тұрғызған Қасым кез-келген тақырықа талғаусыз бара бермеген. Көзбен көріп, жүрекпен сезініп барып қана, күй пернеге қол салған. Әр нарсе азды – көпті тәрбиемен өседі. Қасым алғашқы тәрбиені, сөз жоқ, ауыз әдебиетінен алды, сол ықпалда тұңғыш
жырларын жазды. Абай дәстүріне бірте-бірте келіп, кейіннен Лермонтов, Маяковский дәстүріне ұштасты. Талабы таудай, мұраты биік тауға қарап биігіне жетсем деп талпыңған тарланның Алатау өлеңі судың тұнығын, асылдың сынығын сыйға тартқандай көркем жыр.Мысылы:
Құшақтап Қазақстан астанасын,
Алысқа, Алатауым, көз саласың.
Алатау – айдын дала қариясы
Көтерген төбесіне өз баласын. [6.119]
Құшағына бар жылу мен мейірімді сыйғызған сырықтай өлеңнің сымбатына шек келтірмей ақ басты Алатауға Қасымша жыр арнаған Мұқағали Алатау, ассалаумағалейкүм деп былай жырлаған еді.Мысалы :
Көзінің де, көңілінің

де нұрын алған талайдың
Алатауға тамашалап таңмен бірге қараймын,
Уа, ассалаумағалейкүм, аппақ басты арайлым! [3.31]
Сан ғасырлық сөз өнерінің қазанын өлең дейтін сап таяқпен араластырған әр қазақтың жүрегіндегі сартап болған мұң-қайғыны, жадыраған жаздай қуанышты, бал бақытты шақтармен өкініші өзекті өртеген сәттерді ақ парақ бетіне жазып ізін басар ұрпағына мирас етіп қалдырған бір туар азаматтарымыз Мағжан Жұмабаев, Қасым Аманжоловтар болса жыр керуенін осынау ағаларының сарынымен болашаққа сапрар шегіп заманның ызғарынан қаймықпай отты жырларының жалынымен мұздаған жүрегін жылытқан Мұқағали Мақатаев Мағжан,Қасым ағаларындай әдебиет майданының мәңгілік белгісі боп қалатыны ақиқат шындық.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Қанарбаева Б. Мағжан символист. Зерттеу 2007ж.
2.Мақатаев.М Аққудың қанатына жазылған жыр.2001ж.
3.Мақатаев.М Өмір өзен Алматы.2007ж.
4.Мағжан Ж.шығармалары Алматы. 1995ж.
5.Өмірхан Ә. XX ғ бас кезеңіндегі қазақ әдебиеті Алматы ҚазҰУ 2002ж.
6.Қасым А. Дариға, сол қыз Алматы 2006ж