А.Бақтыгерееваның туған жерге арналған топтамаларына сипатта

Ақұштап Бақтыгерееваның алғашқы «Өрімтал» өлеңдер жинағы 1967 жылы жарық көрді. Одан кейін «Наз» (1969), «Қанышым-інқәрім» (1971), «Сені ойлаймын» (1973), «Ақ қанат» (1975), «Бақыт әні» (1978), «Жайық қызы» (1980), орыс тілінде «Белокрылая» (1981) — , «Ақжелең" (1985), «Сүмбіле» (1990). өлеңдер жинағы мен жеке кітаптары шықты. 2001 жылы оның таңдамалы «Ақ шағала» шығармасы жарық көрді. С.Капутикян, В.Тушнова, А.Ахматовалардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Ол көптеген өлең-жырлардың авторы.Ақұштаптың шығармашылығымен көптен бері таныс болғандар, ақынның өлеңдерінде екі тақырыптың басым екеніне назар аударады. Ол туған жерге деген шексіз махаббат пен жер жүзіндегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылыққа төзгісіздік.А.Бақтыгерееваның лирикасы ол бөлек бір тақырып. Одан тазалық пен пәктікті байқайсыз, сол жырларды оқи отырып, өзің де рухани тазарғандай боласы:Ән қажет гүлге қырларды жапқан көктемде,
Ән қажет шыңға сәулесін, ақ таң төккенде.
Не жетсін шіркін, ғажайып мынау өмірде
Бір рет нағыз бұлбұлша сайрап өткенге, — деп жүректің нәзік қылын шертіп, сырлы өлеңдерімен жүрегімізді жыр бесігінде тербетіп жырлайтын, Ақұштап апамызды аналар жасына келді деп кім айтар. Поэзияны сүйетін қалың оқырмандар үшін, Ақұштап апамыз баяға қаз қалпындағы, Ақжайықтың ақ толқынында шомылып жүрген аппақ қыз секілді болып көрінеді-де тұрады. Ақын үшін тақырыптың өзі өмір, оны қоршаған құбылыстар мен өмірде болып жатқан оқиғалардың өзі, ақынды жыр жазуға итермелегендей болады. Қуанышына сүйсініп, көлеңкесіне күйінетін кездерде А.Бақтыгереева қолына өмірлік серігі қалам алады. Өз халқының болашағына зор сеніммен және жауапкершілдікпен қарайтын, ақын қаламынан «Тарихи тұлғалар» жинағы «Алматыкітап», 2007ж. жарық көрді.Ақұштап Бақтыгерееваның қазақ әдебиетін, поэзиясын дамытуға, мемлекеттік тілді нығайтуға қосқан үлестері және белсенді қоғамдық қызметі ҚР Мәдениет және, ақпарат Министрлігінің Құрмет белгісімен аталды, «ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» құрметіне мерекелік медалімен марапатталды.