Ақұштап Бақтыгерееваның «Ақ шағала» жинағына тән ерекшелік
А. Бақтыгереева Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының Ақжайық ауылында 1944 жылдың 28 тамызында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының филология факультетін (1966ж) тәмамдады. Облыстық «Орал өңірі», «Октябрь туы», республикалық «Қазақ әдебиеті» (1966–1971), газеттерінде әдеби қызметкер, «Қазақфильм» (1971–1972), киностудиясында редактор, «Жулдыз» (1972–1975), журналында әдеби қызметкер, «Жазушы» (1975–1981) баспасының аударма бөлімінде редактор қызметтерін атқарды. 1981 жылдан бері таза шығармашылық жұмыспен айналысудаАқұштап Бақтыгерееваның алғашқы «Өрімтал» өлеңдер жинағы 1967 жылы жарық көрді. Одан кейін «Наз» (1969), «Қанышым-інқәрім» (1971), «Сені ойлаймын» (1973), «Ақ қанат» (1975), «Бақыт әні» (1978), «Жайық қызы» (1980), орыс тілінде «Белокрылая» (1981) — , «Ақжелең" (1985), «Сүмбіле» (1990). өлеңдер жинағы мен жеке кітаптары шықты. 2001 жылы оның таңдамалы «Ақ шағала» шығармасы жарық көрді. С.Капутикян, В.Тушнова, А.Ахматовалардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Ол көптеген өлең-жырлардың авторы.Ақұштаптың шығармашылығымен көптен бері таныс болғандар, ақынның өлеңдерінде екі тақырыптың басым екеніне назар аударады. Ол туған жерге деген шексіз махаббат пен жер жүзіндегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылыққа төзгісіздік.А.Бақтыгерееваның лирикасы ол бөлек бір тақырып. Одан тазалық пен пәктікті байқайсыз, сол жырларды оқи отырып, өзің де рухани тазарғандай боласыз. Поэзияны сүйетін қалың оқырмандар үшін, Ақұштап апамыз баяға қаз қалпындағы, Ақжайықтың ақ толқынында шомылып жүрген аппақ қыз секілді болып көрінеді-де тұрады. Ақын үшін тақырыптың өзі өмір, оны қоршаған құбылыстар мен өмірде болып жатқан оқиғалардың өзі, ақынды жыр жазуға итермелегендей болады. Қуанышына сүйсініп, көлеңкесіне күйінетін кездерде А.Бақтыгереева қолына өмірлік серігі қалам алады. Өз халқының болашағына зор сеніммен және жауапкершілдікпен қарайтын, ақын қаламынан «Тарихи тұлғалар» жинағы «Алматыкітап», 2007ж. жарық көрді Ақұштап ақын дүниенің барлық құбылысын өлең етіп ұйқастыра бермейді. Ол тек өзінің кішкене жүрегін дір еткізген нәрсені сезеді, көреді. Сол сезімі өлең болып өріледі. Ақын өлеңдері жанры жағынан лирикаға құрылған. Лирика – әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезімін астастыра суреттейтін терең психологиялық шығарма. Көбіне өлеімен жазылады, сюжетке көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. . Сонау кеңес заманының қытымыр кезеңінде қаршадай қыз осындай өмір шындығын батыл қозғай білген. Адамнан кеткен сол мейірім қазір бізге қайта оралды ма? Міне, бұл өлеңді қайталап оқысаң да осы сүрақ кесе-көлденеңдеп алдыңнан шыққандай болады. Астарында ақынның бүгінге, келешекке қабырғадан қойған осындай өткір сұрағы тұр. Қоғам өзгерді. Бірақ Ақүштап ақын көзге шүқып айтқан "адамнан мейірім кеткен" заман таз кепешін әлі шешкен жоқ. Тіпті, бұрынғыдан бетер болып, араздық меңдеп, бақастық билеп, жүрт бір-біріне қаскөй қасқырша қарай бастаған сыңайлы. Тіршіліктегі осыншама ащы запыранның, ұлы қыжылдың түп-төркіні неде? Бүл ұлы Абай атам айтып тауыса алмай, бетін қайтара алмай түңілген түпсіз ыза еді ғой? Көңілдер неге киізге, жүректер неге мүйізге айналады? "Қолайлы жағдай? Суреткерге ол жоқ. Өмір дегеніміздің өзі қолайсыз жағдай", — деген Марина Цветаеваның сөзі де бүған жауап бола алмайды... Өйткені "өмірмен диалогта оның сүрағы емес, біздің жауабымыз маңызды" (бұл да М.Цветаева). Ақұштап Бақтыгерееваның жырларының өзіне тартар жұмбақ магнитизмі бар. Ол махаббат мақамын да өзгеге үқсатпай, өзінше, Ақұштапша жырлайды. Ақ ерке Ақжайықтан қанат қағып ұшып шығып, бүгінде бүтін қазақ поэзиясы айдынының ақ шағаласы атанған Ақұштап Бақтыгерееваның есімі өлең сүйер қауымға жақсы таныс. Жүрек тебірентер жырлары оқырманның көңіл пернесін басып, адалдық, пәктік, іңкәрлік, сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерге жетелеп, сарғайған сағыныштың ауылын аралатып, жүректің назды үнімен, көңілдің сазды әуенімен өзге бір әлемге жетелейді. Ақын толғанған, күй ақтарып, сыр шерткен тақырыбы сан түрлі. Сыршыл ақын жан дүниесіндегі тылсым сезімді бүкпесіз ашып, толқытқан ойларын оқырманға жолдайды. Тұңғиығына үңілгендердің рухани дүниесімен астасып, сезім қылын шертеді Ол ақын да, ана да бола білген асылдардың санатынан.Анамын бөбегін сағынған,Ақынмын жыр болып, ағылған.Көңілмін екіге бөлінген,Жүрекпін екіге жарылған.Осы өлеңді оқи отырып сүйсінесің, оқи отырып ерисің. Ақындығына тәнті боласың, аналығына басыңды иесің. Бұл да болса өлең-сөздің қүдіреті. "Әйел адамға 18 жасқа дейін жақсы ата-ана, 18-ден кейін жақсы көрік керек, 35-тен кейін жақсы мінез, 55-тен кейін жақсы ақша керек" деген екен атақты американ актрисасы Софи Такер. "Ал ақын әйелге ше?" — дейді біздің бір ойымыз. Меніңше, Аллаға шүкір, Ақұштап апайға осының бәрі де бұйырған. Бірақ нағыз ақынның көңілі бәрібір байыз таппайды, дүниенің бәріне алаң. Өйткені ол мынау мазасыз әлемге, азаттықтың асау арнасына, қоғамдағы қалтқымалы ахуалға, ауылдағы жадау түрмысқа, ұлттың тілі мен ділінің болашағына ақындық жауапкершілікпен, аналық жанашырлықпен қарайды. Сондықтан да ол: Ақ айдын айырбас боп тас қалаға, Тұрсам да жанға жайлы баспанада. Парлатып көздің жасын Жайыққа ұшқан, Мен, апа, секілдімін ақ шағала, — деп арыз-арманын жазса, шүбәсіз иланамыз — иланамыз да, ортамызда осындай арзу ақынның барына мың да бір тәуба айтамыз.