К.Ахметова лирикаларындағы адамгершілік мәселесі.

Күләш Ахметова (25.4.1946 жылы туылған, Қырғызстан, Талас ауданы Киров ауылы) — ақын. Жамбыл медициналық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1973). “Қазақстан пионері” газетінде, “Жалын” баспасында бөлім меңгерушісі, редактор болып қызмет істеді. Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. “Ақ гүлім менің” (1975), “Сен менің бақытымсың” (1977), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, (1978), “Жапырақ жаздың жүрегі” (1979), “Мейірім” (1981), “Бұлақтағы жұлдыздар” (1982), “Жасыл жағалау” (1984), “Ләйлектер қайтып келгенде” (1985), “Арғымақтар даласы” (1987), “Сен жанымда жүрсең” (1987), “Наурыз нұры” (1991), “Күн шыққанда күліп оян” (1996) т.б. жыр-жинақтары жарық көрген. Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады.[1] Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды. Күләш Ахметова да лирика жанрына өлшеусіз үлес қосып, сезім иірімдерін өлең өрнектеріне сыйғызған ақын.Жазылған жырлар! Жанымның құйттай құстары,
Жайлап жүрсіңдер тірліктің қайса тұстарын?
Ұшырып ем ғой, шартараптарға барсын деп,
Сендерден біреу керегін тауып алсын деп.
Ғимараттардың басына емес, өмірге
Ғашық жандардың кеуделеріне ұя салсын деп.Міне, осылайша киелі сөз өнерінің құдіретін сезіне білген ақындардың өлеңдері жасқа да, жасамысқа да серік болады.
Лирикалық кейіпкердің бар болмысы оқырманды сендіреді. Алыс пен жақынды, ағайын арасын табыстырып жүрген жеңгелеріне сыр шерте ме, өзімен-өзі боп жалғыз кете ме, досына мұң-күйік шерте ме, туған жерді аңсап, табиғатты тілге тиек ете ме – табиғи сезіммен, қарапайым болмыспен баурайды.Ақын жандардың өлеңге өосқан ең бір жандарына жақын тақырып – туған жер. Бал балалықтың елесі қалған, қырында ән салып, бауырында бәйшешек терген туған жерге деген сағыныш еш адамды бейжай қалдырмасы анық. Ал, ойларын өлеңмен өретін сыршыл жүректі ақындардың сағынышын сезінбеу, оқи отырып ерекше күйге енбеу мүмкін емес. Шығармалары: 1)Ақ гүлім менің. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975.2)Сен менің бақытымсың. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977.3)Жапырақ - жаздың жүрегі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979;4)Мейірім. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981;5)Бұлақтағы жұл дыз дар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982;6)Жасыл жағалау. Өлеңдер. А., «Жалын» , 1984;7)Ләйлектер қайтып келгенде. (орыс тілінде). Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985;8)Арғымақтар даласы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1987:9)Наурыз нүры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1991;10)Күн шыққанда күліп оян. «Ана тілі». 1996;11)Өкініш әні (орыс тілінде). Мәскеу, 1997 Бақ. «Атамұра», 2006;12)Құт. «Дәуір», 2006 Махаббат. «Дәуір», 2006.