Алдан Смайылдың «Тамұқтан келген адам» романындағы қайғылы к
А. Смайыл 1946 жылы 3-қазанда Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Ақтау кеңшарында туған. Жазушы, публицист, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2007ж), 1965 жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Еңбек жолының 35 жылын бұқаралық ақпарат саласындағы қызметке арнаған. 1997-2002 жж. Қазақстан телерадиокорпорациясы Астана студиясының бас директоры, 2002-2007 жж. Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры, «Астана жазушылары кітапханасы» сериясының бас редакторы, 2007 ж. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты. А.Смайыл есімі республикаға белгілі қаламгер, тұңғыш көркем шығармасы «Тамыздың таңы» 1979 жылы жарық көрді. «Ақ жалын (1982)», «Найзақара» (1985) , «Сағынтып келген көктем» (1987) , «Арқаның Бетпақ деген даласы бар» (2000) повестер жинақтары мен «Тамұқтан келген адам» (2004) романында адам мен қоғам , өмір мен өлім жайлы толғайды.Жазушы Алдан Смайыл “Тамұқтан келген адам” атты романында адам мен адам, табиғат пен адам, өткен және жаңа қоғам арасын әңгімелей келе, өлім мен өмірдің психологиялық және адамдық фило¬со¬фиялық құдіретін айқындауды мақсат тұтады. Шығармадағы қаны тамған сұрапылдар мен тұла бойды түршіктіретін қаталдықтар арқылы сені де толғантады, әлгі қиын сұрақтардың соңына қаламгермен бірге түсесің.Ғылым тілімен сөйлер болсақ – романда психо¬трагизм әдісі пайдаланылған.Роман кейіпкерлері (олар бас-аяғы бес-алты адам) толарсақтан қан кешіп жүріп, бауыр еті ба¬ла¬дан, кіндігі бір ағайыннан бірде өлі, бірде тірі айы¬рылып жүріп, осынау қиын күрмеулерге сан шырмалады.Шығарма кейіпкерінің бірі Арыстан ойлайды: уа¬қыт алға озған сайын адам да, қоғам да ажарлана тү¬суі керек еді. ХХ ғасыр бәрін кері кетіре келді. Неге?Әлемде мемлекеттік деп аталатын құрылым пай¬да болғаннан бері үзбей жасалып келе жатқан, адам¬зат тарихындағы ең ауыр саяси қылмыс – ха-лық¬ты санасыздандыру қылмысы. Сондықтан да халық – ұдайы тарихи құрбандық. Олар ұрандармен қырылады, ұрандармен тіріледі.Шығармаға өткен ғасырдың 30-шы жылдары негізге алына отырып, адамзат ниетінің құбылу эволюциясын берсем деген мұрат бар. Сол мақсат көркем де ақиқат көріністерден өрілетін филосо¬фиялық һәм психологиялық түйіндер арқылы ойдағыдай орындалған.Жазушыға терең қоғамдық ойларды мөлдір жеткізу үшін бәрі де оңтайлы: жел қуған бұлт та мұңлы, мұнарлы таулар да, зорлық-зомбылық ақылынан адастырған қарияның аңсар-армандары да, тіпті пеште жанып жатқан қайың кесегі де.Оқып отырып ойға шомасың, сені қазақ деген дара ұлт екендігің жайлы түсініктен азат еткісі келген қитұрқы қоғамның ақшамы жамырап жатыр. Исі ұлттықтың бәрін отқа орап кетті. Енді жалпыадамзаттық ортақ әлеуметтік-рухани игілік¬тер¬дің иірімінде дөңгелеткісі келетін ғасыр шыр айналдыруда. Батыстың саяси ұстанымдары мен наным-сенімдері жаһанға үлгі дегізуге итермелейтін идеологиялық майдан ашылғалы қашан. Респуб¬ликада қаптап кеткен діни миссионерлік топтар мен демократияның атын жамылған түрлі ұйымдар, мемлекеттік емес қоғамдар, шығарманың тілімен айтсақ “қайыңдығыңнан айырылып, Миссисипидің жағасында көктеген бамбукке айнал” дейді. Бамбуктің сар далада қанша мәпелесең де жапырақ жая алмай қурап қалатындығында шаруасы жоқ.Әмбебаптанудың соңы ұлттық негізден айырылумен тынатынын білсе де солай дейді.Азаттық жайлы көп ойдан қажы¬ған, толық азаттық түгілі, қарапайым пенделік тәуел¬сіз¬діктің өзі қысқа күнде қырық рет сөніп, қырық жа-на¬тынына әбден көзі жеткен Смайыл рух мәңгілігіне ұйыйды. Оның ұғымында жұмыр жердің өлімге еті үйреніп кеткен. Өлімсіз таңы атып, күні батпайтын жалған өмірді өгейсуден әбден тұралаған. Сондықтан мәңгілік рух жайлы ой өлім туралы сары уайымды сарната бермеу үшін керек. Ал мәңгілікке өлім арқылы жетесің.“Мәңгілік жайлы сұқсыр ой тағы да мазалай бастады, жаны күйзелген жалғанда мәңгі жалғыз қалатындай үрейленді, о дүниеге зар еңіреп көшкендердің бүкіл қайғы-мұңын арқалап, мәңгілік сенделетіндігіне сенгісі келді. Өлім туралы алғаш рет құлшына тебіренді, өлімсіз рахат жоқ екендігіне егіле иланды”.Оның ұғымында өлім “араша” категория. Қатыгездігі асқынып кеткен өмір мен мәңгіліктің ымыраға келуі, адамды қатал тірліктің азабынан азат етіп, рух патшалығына, тыныштыққа бастаушы.Романда әлеуметтік ақиқаттың туын желбіретіп жүретін, өмірдің бәйкүнә тамыршысы бола алған диуана Әлмағамбет те осылай толғанадыЖаңа роман әлем жайлы, ел жайлы, өмір жайлы, өмірдің азаттық жайлы пікірі өзгерген кезі туралы қызу ойларға толы. Мен бәлкім оның пси¬хо¬трагизмдік сарындағы бір қырын ғана баяндаған болармын, шығарма көп астарлы. Ол әдебие¬т¬шілердің де, саясаттанушылардың да, ойшылардың да зерттеу объектісі болуға әбден лайық. “Тамұқтан келген адам тамұқтан оралған жалғызымен қауышқан соң өлім жайлы ойламайтын болған-ды, – дейді жазушы романның соңында. – Өлім туралы рухтар да жақ ашпайтын, тек әредікте біздер таптап жүрген көнбіс жерде бір кездері тозақ оты жаланғанын ұмытпау үшін үнсіз еске алатын. Ал өмірді осы күнге дейін ешкім түсінген жоқ”.
Өмір жайлы ойлана-толғана жүру, сірә, әрбіріміз үшін міндет емес пе!
Міне, роман осындай философиялық ой түюімен құнды, психологиялық астарымен мәнді, трагедиялық ауыр да ащы ойларымен маңызды.
Қорыта келгенде, А.Смайылдың аталған романы бүгінгі қазақ прозасындағы шоқтығы биік туындылар қатарына қосыла алады. Бұл туындыны әдеби орта елеусіз қалдырмай, тиісінше бағасын беріп жатса, нұр үстіне нұр болар еді.