Иран-Ғайып лирикаларының тақырыптық ауқым-аясы.

Иранбек Оразбаев (Иран-Ғайып) Әбітайулы 1947 ж. туылғанақын,драматург.Оның «Жүрекжырлайды»,«Түнніңкөзі»,«Өмірөлең» т.б. өлеңдер мепоэмалар жинақтары жарық көрді. 1970 жылы Қазақ политехникалықинститутының тау-кен факультетін, 1980 жылы М. Горький атындағы Мәдениет институтының (Мәскеу қаласы) Жоғары курстарын бітірген.Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының түңғыш өткен жазба акындар жыр-мүшәйрасының Бас жүлдегері, ¥лы Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған Республикалық ақындар жыр-мұшәйрасының Бас жүлдегері, «Түркістан-1500 жыл» атты халықаралық жыр-бәйгесінің Бас жүлдегері, Қазақстан Жазушылар Одағы сыйлығының иегері, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері, Поэзия фестивальдарының бірнеше дүркін лауреаты, Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулык сактау министрлігінің аса озық драмматургиялық туындыларға жариялаған конкурстарының бірнеше дүркін жеңімпазы. Ақын-драмматург 2003 жыл көлеміндегі айрықша еңбектері үшін, оның ішінде « Махамбет» трагедиясы үшін «Әдебиет» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасы Меценаттар Клубының «Тарлан» сыйлығына ие болды.
Иран-Ғайыптың «Жүрек жырлайды» (1974 ж.), «Жеті қазына» (1977 ж.), «Түннің көзі» (1979 ж.), «Сұлулықпен сырласу» (1980 ж.), «Өмір-Өлең» (1982 ж), «Сұлулық сарасы» (1985 ж.), «Дүниежарық» (1987 ж.), «Батқан Кеменің Бейбақтары» (1990 ж.), «Мұнар, Мұнар, Мұнарым...» (1992 ж.), «Иран бағы» (1995 ж.), «Сөз патшалығы» (1996 ж.), «Жыр әлемі» (1996 ж.), «Қорқытттің Көрі» (2001 ж.) атты көлемді кітаптары жарық көрді. Иран-Ғайып - Республика жыр сүйер қауымының, эсіресе, студент жастар-дың қазіргі таңдағы ең сүйікті ақыны әрі драматургі.
Абай өмірінің соңғы көзеңіне арналған «Мен ішпеген у бар ма?» атты драмалық дастаны театр сахналарында қойылып келеді. Қазаққа Иран-Ғайып болып танылған ақынның шын аты жөні Иранбек Оразбаев екенін біреу білсе, біреу білмес. Оның шығармаларының жүйелі көркемдік ерекшеліктері айырықша зор. Құбылтудың, әрі айшықтаудың тобына жататын көркемдегіш құралдарын қолдану мен көркем сөз-образдарын жасауда ақынның шеберлігі еш ақыннан кем емес, керісінше өзіндік бояуы қанық. Иран-Ғайып шығармашылығының ерекшелігі де, өзіне тән дербестігі де – осынау лирикалық туындылардың бүкпесіз ақтарыла білу, бүкпесіз сырласа білу, бүкпесіз сенім арта отырып, бүкпесіз сендіре білу құдіретінде – талант сиқырында жатқандығын баса көрсеткен ақын. Иран-Ғайып поэзиясының бір ерекшелігі – дәстүрлі қазақ поэзиясының негізгі көзі болған қара өлең жанрынан нәр алып, кең тынысы, серпінмен еркін игеріп көркемдік шеберлікпен соны туындылар берді. Ақынның лирикасы – эпикалық еркін тынысты, ерен құлашты, әрі өрісі кең. Тарихи-философиялық поэмалары мен дастандарының көркемдік — эстетикалық тұтастығы мол. Ақын Абай поэзиясынан нәр алып, жаңа өң беріп, өзінше өлең құпиясын ашуға ұмтылады. Мысалы:
Жақсы да жүр,
Жаман да – назарымда,
Базарым да.
Тірі екем деп қуанам жазарымда.
Жаны сұлу жадында жырым қалса –
Қорқытпайды ауру да,
Ажалың да! — дейді.
Ақын Иран-Ғайып Ұлы Абай поэзиясын, тұлғасын өзіне пір тұтқан.
...Пірім –
Абай! –
Бұдабай!
Шүкір!
Шүкір!(2, 7б.) – деген өлең жолдарынан Ұлы Абайдай өнегелі адамның болғанына шүкірлік етеді. Өлеңдерінің барлығында деп айтсақ, артық болмас. Абайды өнеге етіп жазбаған жол жоқ. Ақын өміріндегі сәтсіздіктерді, әділетсіздікті, өмір қаталдығын, ішіндегі мұңын айтып Абай өмірімен салыстырып, сырласады.Иран-Ғайып өнердегі тазалықты, шындықты қалайтын ақын. Өзіне қойған талапты әр ақында болса деп армандайды. Ақынның тыныс-тіршілігі, арман-тілегі әр өлеңдерінде көрініс тапқан.Ал ақыннның «Абай» өлеңінен ішкі ой-сезімін астарлы шебер жеткізген. Негізінен ақынның қай шығармасын оқысаң да тілі жеңіл, тез оқылады, әрі түсінікті.Иран-Ғайып өз шығармаларында, контекстің ішінде жеке сөзден, сөз тіркесінен тұратын көркемдегіш құралдары арқылы эстетикалық тұтастыққа негіздеп өзгеше бір сәулетті көркем әлем жасайтынын көреміз.
Жыр жазамын жат көзге бұрқыраған,
Жарақатым ішімде, сыртым аман.
Күндіз күліп жүремін көппен бірге,
Түнде сары сүйегім сырқыраған –
Кезін аңсап табысқан, шұрқырағын.
«Дәстүр әрдайым жаңашылдыққа келіп тіреледі, жаңашылдық өзгеше формаға еніп, дәстүрдің қойнауынан шығады да, қайталай дәстүрге айналады» «Әр кезеңдегі жаңашыл қадамдар дәстүр сүрлеуін ұзарта түспек» Дәстүр туралы жалпы ғалымдарымыздың пікірі осыған саятын болғандықтан, дәстүр дегенімізді көркем үлгінің жалғасуы, жаңашылдықты сол көркем үлгінегізінде туындайтын көркемдік ерекшелік деп атауға болады. Дәстүр мен жаңашылдық екі түрлі категория болғанымен де, олардың арасындағы қарым-қатынастың болатынын ескермей және сол байланыстың нәзік желілерін дұрыс сараламай өтуге болмайды. Шығармашылық иесі қашанда дәстүрге сүйенеді. Бұл жерде «дәстүрге сүйену дегенді дәстүрге еліктеу немесе дәстүрді қайталау деп ұғатындар болады. Жаңа дәстүрдің әсерін қабылдап, одан үйрену жолын осы ретпен іздеу жиі кездеседі»