Таразы жұлдызымен туылғандар қандай жандар?
Әр адамның өзіне тән қасиеттері мен мінезі бар. Олар әрқайсымыздың жұлдызымызға да байланысты. Ендеше, Таразы жұлдызымен туылған жандардың бойынан қандай мінезді аңғаруға болатынын көрелік.
Артықшылықтары қандай?
Таразы жұлдызымен туылғандар әңгімелескен адамына жақсы әсер қалдыра алады. Олар – табиғатынан бітімгер жандар, десе де, тым күдікшіл келеді. Сондай-ақ сезімтал, романтикаға берілген. Олар үйлесімділікті қалайды, ортаға оңай бейімделеді. Алайда айналасындағылардың емес, олар өзінің дегенімен жүргенін ұнатады. Жауапкершіліктері жоғары, кез келген істі сеніп тапсыруға болады. Өйткені олар жаманатты болудан қорқады. Сонымен қатар әрдайым көпшіліктің назарында болуды қалайды. Десе де, оған Таразылардың бас ауыртпай-ақ қоюларына болады. Өйткені олар онсыз да табиғатынан тартымды келеді. Сондай-ақ бұл жандар кез келген адаммен ашық-жарқын сөйлесіп кетпейді. Әңгімесі жараспайтындардан аулақ жүреді. Таразылар өздерін қатты жақсы көретін және жоғары бағалайтындардың қатарында. Десе де, олар кез келген өмірлік жағдайларда жақсы жолдас бола біледі.
Кемшіліктері қандай?
Олар кез келген нәрсеге өте мұқият қарайды, жан-жақты зерделеп, зерттегенді жөн санайды. Бір қарасаң, бұл адам бойындағы жақсы қасиеттің бірі. Алайда Таразылардың дәл осы мінезі оларды қызметте де, достар арасында да бір байламға келе алмайтын, ынжық және тым күдікшіл етіп көрсетеді. Сонымен қатар бұл жұлдызбен туған жандар өте жайбасар болып келеді. Олар жанына серік ететін адамды, достарды ұзақ таңдайды. Сондықтан да кейбір Таразылардың достары аз болады. Қолға алған ісін жеті рет өлшеп, тым ұзаққа созады.