Үш ғасыр бұрын суға батып кеткен кеме табылды
Колумбия жағалауында осыдан 3 ғасыр бұрын суға батып кеткен испаниялық «Сан-Хосе» әскери кемесі табылды. Оның ішінде үлкен көлемде алтын мен күміс және өзге де асыл тастар болған. Бағалы байлық Америка мен Куба іздеушілерін тіпті араздастырып та қойған еді. Суға батқан асыл тастар бірнеше миллиард долларды құрауы мүмкін. Кеме қалдықтарының табылуы мен зерттелуін ел президентінің өзі тікелей бақылауға алған. Алайда қазынаға қатысты нақты ақпарат жоқ. Хуан Мануэль Сантос, Колумбия президенті: - Осыдан 307 жыл бұрын жоғалған «Сан-Хосе» кемесінің табылғанына қуаныштымын. Су көлігі Кариб теңізінің бізге тиесілі бөлігінен шықты. Бұл адамзат тарихында су астынан табылған ең үлкен табыс болып саналады. Тарихи дүниені сақтау үшін жүргізілетін зерттеу жұмыстарының барлығы мемлекет бақылауында болады.