Токиода роботтар көрмесі өтті
Жапония астанасында халықаралық робот техникалар көрмесі өтіп, оған әлемнің әр бұрышынан келген 450 компания қатысты. Қойылған роботтардың ішінде жапон тілінде сөйлейтін Леонардо да Винчиді де кезіктіруге болады. Оған қоса табиғи апат кезінде қауіпті істерді өзі атқара алатын және көңіл көтеру үшін билеп беретін де құлтемірлерде бар. Токиодағы техника көрмесі бүгін аяқталады. Сатоши Кочияма, NEDO компаниясының менеджері: - Бұл роботтар адам істейтін кейбір қауіпті жұмыстарды өздері атқара алады. Мәселен, апаттан кейін есікті ашып немесе кедергілерді алып, баспалдақ арқылы көтерілу қажет болған жағдайда осы функцияларын пайдалануға болады.