О.Сүлейменовтің кітабы итальян тілінде жарық көрді
Қазақтың көрнекті жазушысы Олжас Сүлейменовтің 17 жыл бұрын жарық көрген «Жазба тілі» атты кітабы итальян тіліне аударылды. Ғылыми туындысын ел астанасы Римде өткен жазушылар мен баспагерлердің дәстүрлі жәрмеңкесінде оқырмандарына автордың өзі таныстырды. Ал кітаптың идеясы Олжас Сүлейменов Қазақстанның Италиядағы елшісі болып тағайындалған кезде, сонау 90-жылдары туындаған екен. Жас дипломат ежелде осы түбекті мекен еткен халықтың тарихына үлкен қызығушылық танытып, ұзақ ізденіс жасапты. Кейін осы кітап арқылы жазушыдүниеге сөз бірінші келді ме, әлде белгілер ме? деген сұраққа жауап береді. Олжас Сүлейменов, жазушы: - Мен тіл білімдерімен бұрын да айналысқанмын. Ежелгі этрусктардың құпиясы ашылмаған жазуларын көріп, қатты қызығып кеттім. Зерттеуге біраз уақыт жұмсадым. Осылайша, этрусктар туралы, яғни сөздердің жазумен байланысты тарихы баяндалған кітапдүниеге келді. Сандро Тети, баспагер: - Кітаптың тұсаукесері өте сәтті өтті. Мен мұндайды күтпеп едім. Бірақ өте көп адам жиналып, сұрақтарын жаудырды. Меніңше, туындының келешегі зор болады.