Шетелдік ЖОО қалай таңдау керек?
Шетелдік оқу орындарына құжаттарыңызды тапсырар кезде, олардың дұрыс әзірленуіне көп көңіл бөлу қажет. Оқуға түсу-түспеу студенттің өз қабілеттері мен біліктілігін, аналитикалық және сыни ойлау деңгейін, тұлғалығын көрсете білуіне тікелей байланысты. Өзіңіздің жетістіктеріңіз бен ғылыми қызығушылықтарыңызды сипаттау сіздің мүмкіндігіңізді одан да әрі күшейтеді. Сонымен қатар, құжаттарыңыздың бәрін жақсы рәсімдесеңіз, сіздің бағдарламаға мейлінше сай келетін үміткер ретінде танылуыңызға жол ашылады.
Құжаттарды даярлау процесі көп уақыт пен күш салуды қажет етеді. Бұл процедураны соңғы күнге қалдырмаңыз. Мысалы, егер құжаттарыңызды қыс кезінде жіберуді көздесеңіз, қыркүйек айынан бастап дайындалыңыз. Құжаттар пакетін әзірлеуде қабылдау комиссия талап ететін барлық құжат пен ақпараттың бар екеніне көз жеткізіңіз. Егер қандай да бір ақпарат жетіспейтін болса, комиссияға қайта жібермейінше, сіздің өтініміңіз қарастырылмайды. Мұндай жағдайда бағалы уақытыңызды қатты жоғалтасыз. Құжаттарды жібермес бұрын оларды тізім бойынша тексеріп шығыңыз. Университеттердің басым көпшілігі келесідей құжаттарды талап етеді:
ілеспе хат;
толтырылған анкета;
диплом/дар мен қосымшаның/лардың көшірмесі – оригинал тілде және ағылшын тіліндегі немесе университет орналасқан мемлекет тіліндегі аудармасы;
негіздеме-хат немесе мотивациялық хат;
түйіндеме;
құжаттыру қарастыруға төлегенгенін дәлелдейтін чек;
TOEFL және SAT, GRE немесе GMAT емтихандарының нәтижесі. Нәтижені күтіп отырған студенттер ілеспе хатта осы туралы жазып, кейіннен арнайы конвертпен жіберу керек.