Әзербайжан Республикасы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу туралы
ҚР Сыртқы істер министрі, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме комиссары Рәпіл Жошыбаев Әзербайжанға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Жұмыс сапары екі елдің Энергетика министрлері Владимир Школьник пен Натиг Алиевтің жетекшілігімен өткен Қазақстан-Әзербайжан экономикалық ынтымақтастық туралы 12-ші үкіметаралық отырыс аясында өтті.
Бакуде Рәпіл Жошыбаев Әзербайжанның Энергетика министрі, «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі ұлттық секция комиссары Натиг Алиевпен және Әзербайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафовпен келіссөздер жүргізді.
Кездесудің қорытындысында Әзербайжан Республикасының «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуы туралы шартқа қол қойылды.