Британдықтар селфиге түсуден “екі” деген баға алды

Таяуда өнер саласындағы сарапшылар әлемдегі ірі қалалар халқының селфиге түсудегі ерекшеліктерін зерттеді.
Сөйтсе, Жер бетіндегі «менмін» деген шаһарлардың тұрғындары өздерін суретке түрліше түсіреді екен. Олардың арасында Берлин, Нью-Йорк, Мәскеу, Сан-Паулу, Лондон мен Бангкок бар.

Осы ретте құрылған Selfie City жобасының аясында 150 мыңнан астам сурет зерделеніп, олар Somerset House музейіне қойылған. 5 шаршы шақырымды алған бұл көрмеде лондондықтардың селфиі көзге түсті.

«Британдықтардың суретке түсу мәнеріне қарап, «оларды үнемі көңілсіз жүреді» деп ойлап қалуға болады. Бірақ, селфилерге терең үңіле отырып, олардың бойынан бір қырды байқайсыз. Лондон халқының бойында жасырса да, көрініп қалатын тәкаппарлық бар. Олар қалта телефонның камерасына қарап тұрып, осы үшін тіпті езу тартпасам да болады деп ойлайды», – дейді Somerset House музейінің директоры және зерттеуші Клэр Каттерол.