Ырым-тиымдар
Жас келіндерге мен дүниеге келген сәбилерге катысты ырым-тыйымдар
Ене келін түскен кезде ұл немерелі болу үшін оған ырымдап алғаш сойылған малдың ұлтабарын жегізеді.
* * * * * * * *
Жүкті әйел болса, біреудің үйне өз дастарқаннынан апарған дәмді «қыз тауып қоям» деп жемейді..
* * * * * * * *
Жүкті әйел шашын кеспейді. Өйткені мұндай қылықтан бақ таяды, іштегі баланың бақыты кемиді, кемтар туылады, қол-аяғы қысқа болады деп ырымдалады.
* * * * * * * *
Үлкен кісілер қонақта болған үйден келініне дәм әкеліп береді. Өйтпесе, дәметкен балалы жас келіншектің төсі ісіп кетеді.
* * * * * * * *
Ер баланың кіндігін ырымдап, «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырып жібереді, ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген оймен от басы, ошақ түбіне көмеді.
* * * * * * * *
Ұзақ жолдың азабын тартып келген жолаушыны жаңа босанған әйелдің үстіне кіргізбейді. Ол өте жақын туыс болса ғана біраз тынығып, жуынып-шайынып, сыртқы киімдерін шешіп, жеңілденгеннен кейін барып кіруге тиіс. Өйткені, жол азабын тартып келген қонақтың түрі сұсты, қабағы қатулы,өңі шаршаңқы болады. «Дүние есігін жаңа ашқан сәби мен бар сүйегі босап, әлсіреп жатқан ана шошып қалмасын, секемденбесін, сырттан кірген қонаққа ілесіп келіп, жын жабыспасын» деп ырымдаған.
Үйге кіріп келе жатқан қонақ абайсызда сүрініп кетсе, үй иесі марқайған түрмен төрінен сыйлы орын ұсынады. Мұның түп төркіні «үйге күтпеген жерден байлық келеді, бақ дариды» деген ырымды білдіреді.
* * * * * * * *
Қонақ болып барған үйінде қызды төрге отырғызады. Себебі, «қызда қырық шырақты бақыт бар» деп білетін халқымыз, «сол бақыттың жұғыны қыз отырған төрде қалады» деп ырымдайды. «Қызда қырық періште бар» деген наныммен де қызды төрге шығарады. Өйткені, сол періштелер қонақ күтуші үйге қонады. Сондай-ақ «қызда оттай ыстық мейір бар, қыз қонақ боп барған үйінде төрде отырса -бойындағы мейірі сол отбасына сіңеді» деген ырымды кез келген қазақтың біле жүгені жөн.
* * * * * * * *
«Қызда қырық қырсық та бар» деген халық сөзін естіп пе едіңіз? Ендеше, қыз қонаққа барған үйінде бойындағы қырсық сол үйде қалады-мыс. «Қызда мұздай суық ызғар да бар». Яғни, қыз қонаққа барғанда, сол шаңырақты есік жағынан орын алса, сол үйді ызғар шалады екен. «Қызда қырық сайтан дабар» деген ырыммен қонақ күтуші үй иелері қызды есік жаққа отырғызбайды. Әйтпесе, сайтандар сол үйде қалатын көрінеді.
* * * * * * * *
Жолаушылап келе жатқан адам бір үйге сусын ішуге түсетін болса, сол үйдің есігіне тура беттеп келіп, аттан түспейді. Үй иесі сыртқа шыққанда, амандық-саулық сұрасқан оң, атының оң жағынан түседі және үйді айналмайды. Өйткені, жау адамдар бөгде үйдің жай-күйіне қарамайды, баса-көктеп кіреді және өлімнің суық хабарын естірткелі келген адам да күй таңдамастан бірден үйге кіреді. Сол себепті, бұл «жолаушының жүрісі жаман ырымға ұқсамасын» деген мағынаны білдіреді. Досжаран, ағайын-туыстар да оң тілеумен үйдің оң жағынан келіп, үйге оң аяқпен кіреді.
* * * * * * * *
Қыдырып, қонаққа келген жас баланы үйден құр қол қайтармайды. Бұл –«сәбидің меселі қайтпасын, көңілі қалмасын, жүрегі суымасын, келер бақытының беті қайтпасын, үйде оттай ыстық ықыласы қалсын» деген ырымнан туған ежелгі салт. Егер сәби үй иелерінен суық рай көріп, кейіген кейіппен қайтса, «бұл шаңырақтан – бақ, төрден – бақыт, дәннен – ырыс кетеді» деп ырымдалады.
* * * * * * * *
Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды. Малды, қолға түскен тұтқындарды ғана саусақты шошайтып санайды.
* * * * * * * *
Үлкен тойда, аста немесе салтанатты мерекелерде сыйлы қонаққа көк қасқа тай, ақ сары бас қой, аттан түйе, дөнен өгіз сойылады. «Сонда барлық тілек қабыл болып, зор бақыт қонады» деп ырымдайды.
* * * * * * * *
Қонақ қонған түні мал төлдесе, қонаққа киіт кигізіп, «ақжолтай қонақ» деп, құрметпен шығарып салады. «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» деген сөз осындайдан шықса керек.
* * * * * * * *
Дастархан қос қабатталған болса, қонақ келгенде оның тұйық жағын төрге қаратып, оң бетін келтіріп жаяды. Бұл «дастархан оң болмай, ісіңде жол болмайды» дегенді білдіреді.
* * * * * * * *
Қонақ келгенде есікті үй иесінің өзі ашады. Ал қонақ шығарда, есікті қонақ өзі ашып шығады. «Қонақ үйге келгенде-құт бірге кіреді, қонақ кетерде үй иесі есік ашып берсе, құт та әлгі кісімен бірге ілесіп кетеді» деп ырымдалады.
* * * * * * * *
Қазақ қыздары үйдегі қонақтың қарсы алдына келіп, талтайып отырмайды. «Мұндай қылық қызды ұятсыз іске ұрындырады, бақытсыздыққа душар етеді» деп ырымдайды.
* * * * * * * *
Қонақтың пышағы немесе бәкісі дастарханмен бірге жиналып кетсе, қайтарып берілмейді. Қонақ ет тураған соң, пышағын өзі сүртіп, қынына салып алуы керек. Егер дастарханмен бірге жиналып кетсе, пышағын сұрамайды. Сұраса, «қырық пышақ боп өштеседі» деп жориды.
* * * * * * * *
Қонаққа беретін тамақ «қонағасы» деп аталады. Қазақ үйіне келген қонақтың қайсысын болса да тойғызбай аттандырмайды.
* * * * * * * *
Сый табақпен екі кәрі жілік бірге тартылса, қонақ қуанады. «Оң жол болады, байлық келеді, бақ дариды» деп ырымдайды. Қонақ жіліктерді еттен тазалап, мүжіп, өзі алып кетеді де, үйінің босағасына іліп қояды.
* * * * * * * *
Қазақта кетік, сынық ыдыспен қонаққа ас бермейді. «Ыдыстың кетігінен шайтан қосарлана ас ішеді, қонақ қорланады, қонақтың жебеуші иесі шамданып, кәрін төгеді» деп ырымдайды.
* * * * * * * *
Қонақты сыйламас бұрын үй қожасының өзі астан ауыз тиюі керек. Бұл ырым арқылы астың адалдығы, үй иесінің қонақжайлығы танылады.
* * * * * * * *
Халқымыз үйге келген кісіге астан дәм татырмай жібермейді. Ертеде қазақтар бар болса, ол болмаса, айран, ірімшік, құрт сияқты тағамдар ұсынатын болған. Асты қадірлейтін қазақ «дәм-тұзымды тат, расынды айт» дейді. Қастандық қылған біреу жайлы «дәм-тұзыма тапсырдым» дейді. «Татқан дәмге қас қылған жігіт оңбас» деп өлеңдетеді.
Қазанды есік жаққа қаратып қисайта аспайды. Ол құласа: «Несібе төгіледі, ырыс далаға қашады. Отқа төгіліп, дән куйеді. Қазан шайқалса, ырыс шамданады» деп ырымдайды.
* * * * * * * *
Шәугімнің шүмегін ошақтың аузына қаратып аспайды. Шай тасыса - үйдегі қыз ащы азап арқалайды деп ырымдалады. «Тұз астың иманы, қыз - үйдің көркі». Дәм-тұз ауыспақ қыздан. Тұз шамданса - қыз шамданады. Дәм-тұз атқан адам өмір бойы оңбайды деп, сол ырымға нанады.
* * * * * * * *
Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып шығарып жібереді. Себебі, кейбір кездерде періштелер жылан бейнесіне кіріп, жер бетін шарлайды екен. Жыланды сол періште болар деп ойлайды. Ал даладан жылан көрсе - қуып журіп өлтіреді. Себебі, оны қастық жасайтын қара бас, шубар төс дұшпан деп қаралайды.
* * * * * * * *
Қорада тұрған ат иесін көргенде құйрығын көтеріп, борт- борт жел шығарса - сапар нышаны деп ұйғарылады. Ал аузын ашып есінесе - жақсылық нышаны. Жолға жургелі тұрған ат құмалақ тастаса - жолдың оңга бастағаны, олжалы болмақ. Қуаныш сыйлайды деп ырымдалады. Сүрінген атты ұрмайды. Қайта көзін оң қолмен сүртіп тазалайды. Онысы - сайтан аттың көзін басып тұрса, қашып кетсін дегені. Жолаушы келе жатып, атының сауырынан ұрмайды немесе қамшы салмайды. Себебі, жапанда жалғыз өзі келе жатқан жолаушыны қолдап, жебеген Қызыр пайғамбар аттың сауырында отырады деп жориды.
* * * * * * * *
Әдетте бұта, бүрген, ши түбіне саритын ит үй іргесіне сарыса «кұт кұйды» деп ырымдайды. Қазақ ырымында ит опадар саналады. Жеті қазынаның біріне косылады.
* * * * * * * *
Ит аспанға қарап ұлыса - сол шаңырак иесінің өіміне көрінеді, деп жаман ырымға жорылады. «Пәле өз басыңмен кетсін» деп итті карғайды. Қуып жүріп ұрып өлтіреді. Қара жерді терең казып көміп тастайды. Үстіне жеті адам кара тасты бастырады да, түкіріп безінеді. Онысы - иттің нәлесі өзімен бірге кетсін дегені.
* * * * * * * *
Ит адамға опадар саналады. Малды күзетіп, ит-құстан корғайды. Жаугершілік кезінде сактыкка себін тигізеді, жаудың келіп калғанын сездіреді. Осыған орай аңыз да бар. Мысық: «Күлден баска бермеді, тозақ отына күйдір» деп, иесіне опасыздык етеді екен. Аи ит кұйрығымен отқа су сеуіп, адамды тозақ азабынан құтқаруға ұмтылады деген сөз бар.
* * * * * * * *
Күн күркіреп, нөсер жауын, найзағай жаркылдаса - үйдің іргесі отпен аласталады. Адамдар «бисмилла, бисмилла!» деп, тәуба қып, иман келтіреді. Қазак ұғымында найзағай - алланың жын-шайтанға атқан оғы. Үй іргесін отпен аластаудың мәні - құдай тағала даладағы жын- шайтанды атқылағанда, олар қашып келіп үйдің іргесіне тығылмасын дегені. Сондықтан оларды отпен қоркытып қуу керек. Іргені отпен аластамаса үйге жасын түсүі ықтимал. Адамдардың сәл пәледен шошып, зәре-құттары қалмайды.
* * * * * * * *
Жайшылықта мініс атының жал-құйрығы күзелмейді. Себебі ат иесі өлсе- оның мініс аты тұлданып, жал-құйрығы күзеледі, қаралы күйге келтіріледі. Сондықтан жайшылықтағы мініс ат сондай күйде көрінбесін дегені.
* * * * * * * *
Аулдан атқа мініп аттанғанда артынан ит ере шықса, қуалап зорлықпен кері қайтармайды. Өйткені ит иесіне опадар. Мүмкін жолы болар деп, жақсылыққа жориды.
* * * * * * * *
Қазақ қыз баланы қорламайды. «Қыздың қабағында құт бар. Қыз қабағы күрен тартса – ел жұртқа шалдығады. Қыздың қабағы күлімдесе – құт қонады. Қызды жылатқаның қырсығы қырық есекке жүк болады» - деп ырымдап, қыз баланы адамның бақытына балайды.
* * * * * * * *
Адамның алақаны қышыса – ақша ұстайды, табаны қышыса – жол жүреді.
* * * * * * * *
Адам түшкірсе «жәрікімалла» дейді.
* * * * * * * *
Мойын құяңның салдарынан қарысып қалғанда, кербез кісінің сыртынан сәлем жасаса, жазылады.
* * * * * * * *
Қолынан іс келмейтін адам бір шаруа жасаса, жерден шөп алып сындырады.
* * * * * * * *
Тамақ ішіп отырған адамның ыдысына шыбын, көбелек т.б. жәндік түсіп кетсе, оның несібесі көп болады.
* * * * * * * *
Жаяу аттылы немесе көлікпен келе жатқан адам жығылатын болса, тұрғаннан кейін оны сол жерде «ұшық-ұшық» деп ұшықтайды.
* * * * * * * *
Адам құлағы шуылдағанда жанындағы кісі қай құлағы екенін дәл тапса, оны біреудің мақтағаны, ал таба алмаса, жамандағаны болып шығады.
* * * * * * * *
Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.
* * * * * * * *
Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бұл – қолы байланған тұтқынды еске салатын жаман ырым.
* * * * * * * *
Тізені құшақтамайды. Бұл –«Ұрпақсыз қалдым», «қу тіземнен басқа құшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді.
* * * * * * * *
Жуған қолды сілкісе, ырыс несібе кетеді.
* * * * * * * *
Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болып саналады.
* * * * * * * *
Саусақты, қолды, орынсыз ауызға салуға болмайды, бұл да әдепсіздік белгісі.
* * * * * * * *
Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы-қасірет түскен адам ғана төбесіне қолын қойып отырады.
* * * * * * * *
Мықыныңды таянба. Бұл қайғы-қасірет шақырады деген жаман ырымды білдіреді.
* * * * * * * *
Есікті керме. Үйге ешкім кірмесін деген белгісі.