Шаш өру үлгісі: Сарқырама

Шаш сәні қыз балаға қашан да маңызды мәселелердің бірі. Шашқа ерекше күтім көрсетумен бірге, оны аялап, әр күнде әртүрлі үлгіде жинақтап қойған дұрыс. Бүгін сіздерге шаш сәнінен сарқырама үлгісін жасау жолын көрсетеміз.


Құлақ шекеден шаштың кішкене бөлігін бөлектеп аламыз.


Оны екіге бөлеміз де, айқастырамыз.


Төбеден тағы бір шаш бөлігін алып, айқастырған шаш ортасына саламыз.


Оны түсіріп қойып, тағы бір шаш бөлігін алып, біріншісі секілді жасаймыз.



Бірінші алған бөлігімізді айқастыра отырып,
жоғарыдан алған жаңа шаш бөлігін ортасына сала береміз.




Төбедегі шашты алып, екінші құлақ шекеге жеткен соң,
шашты ұшына дейін үш өрім үлгісінде өреміз.





Шашты көтеріп, өрім ұшын шаштың астына қарай саламыз.


Шаштың астыңғы жағынан көрінбейтін етіп қыстырғыш тағамыз.



Осылай қалдыруға да болады.
Ары қарай шаштың жоғары бөлігінен алынған ұштарын бұйралауға да болады.



Ал біз жоғарғы шаш бөлігін айқастырып, естік.




Сарқырама аталған шаш үлгіміз дайын.