Автокөліктің қала экологиясына әсері

1 Автокөліктің қала экологиясына әсері
Табиғат – көптеген теңескен байланыстардың тұтас жүйесі. Бұл байланыстардың бұзылуы табиғаттағы орныққан зат пен энергия алмасуының өзгеруіне алып келеді, биогендер концентрациясындағы ығысу бір популяцияның құрамы. Қазіргі заманда өндіріс пен тұтынушыға адамның биологиялық қажеттілігінен 100есе артық зат мөлшерімен энергия жұмсалады, осы себеп қазіргі заманғы экологиялық кризис болып табылады (жоғары деңгей және қоршаған табиғи ортаға антропогенді жүктеменің тез артуы). Бүгінгі күнде адамзаттың өндірістік іс - әрекеті көптеген химиялық элементтерді қамтитын әр түрлі табиғи ресурстарды қолданумен байланысты. Табиғи ортаға техногенді әсердің күшеюі бірқатар экологиялық мәселелерді тудырады.
2 Автомобильден шыққан газбен ауаның ластануы
Ауаның ластануының негізгі себебі жанармайдың толық және біркелкі жанбауында. Оның 15%-і ғана автомобиль қозғалысына шығындалады, ал 85%-і ауаға ұшып шығады.
Сонымен қатар автомобиль двигателінің жану камерасы – бұл улы заттарды синтездеп және оны атмосфераға шығаратын өзінше бір химиялық реактор. Тіпті атмосферадағы азот жану камерасына түсіп улы азот қышқылына айналып шығады.
Ішкі жану двигателінен шыққан газ 170 – тен аса зиянды компоненттерден тұрады, оның ішінде 160 – қа жуығы двигательдегі жанармайдың толық жанбауына басты себепкер болатын көмірсутек туындылары. Шыққан газда зиянды заттардың болуы ақыр соңында жанармайдың түрі мен жағдайына негізделеді.
Шыққан газ автомобильдің механикалық бөліктерінен шыққан өнім, ал жол бетін антропогендік түзілістегі атмосфера шығындыларының жартысы құрайды. Автомобиль двигателі мен картер шығындылары көбірек зерттелген. Бұл шығындының құрамына азот, оттегі, көмірқышқыл газы және судан басқа көміртек оксиді, көмірсутегі, азот және күкірт қышқылдары, қатты бөлшектер сияқты зиянды компоненттер кіреді.
Жанып шыққан газдың құрамы қолданылған жанармайдың түріне, майға, двигательдің жұмыс режиміне, оның техникалық күйіне және т.б байланысты.