iPhone 6 ең көп сатылымға шығуы мүмкін.

Apple-дың ұялы телефондарына құмар жандар жаңа iPhone 6-ның сатылымға шығатын күнін тағатсыздана күтіп жүр. Кей деректер бойынша, ол 19 қыркүйектен кейін жарыққа шағады.
Жаңа ұялы телефонның нарыққа бірден екі түрі шығарылмақ. Біріншісінің дисплейі 5,5 дюймді, жады 128 Гб құрайды. Екіншісінің дисплейі 4,7 дюймге шақталып, жады 64 Гб шамасында болмақ. Соңғысының бір ерекшелігі ол жаңа Gorilla Glass 3 қорғаушы қабатымен жабдықталады.
Екі нұсқаға да тұнықтығы 8 мегапиксель камера және А8 процессоры қондырылады және олар алдыңғы нұсқаларына қарағанда әлдеқайда жұқа болады. Алайда Тайвань сарапшылары техникалық қуаты жоғары болса да үлкен модель кішісіне қарағанда аз сатылады деп жорамалдап отыр.
Алдын ала болжам бойынша, 2014 жылдың аяғына дейін 80 млн. жаңа iPhone шығарылмақ.