Когнитивтік лингвистика деген не?
Когнитивтік лингвистика - әр алуан ғылым салаларында қолданылатын тілдік бірлік семантикасын танытып, қолданылу аясын кеңейту, тілдік қатынастардың орны мен қызметін жүйелеу, санадағы ойды жеткізуде тіл арқылы ұтымды әрі нақты таңбалау, ой мен тіл аралығында қалыптасатын ұғымды тудыруда адамзаттың білімі, ғылыми, мәдени, танымдық тәжірибесін орынды, жүйелі қолдана білу. Когнитивтік лингвистика адамзат тілінің әр түрлі бағыттағы өзіндік ерекшеліктерін қоғамдық, әлеуметтік тұрғыдан қамти отырып, тіл мен таным сабақтастығын басты назарда ұстайды.
Осы саладағы іргелі еңбектердің бірі ретінде Қ.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері» атты монографиясын атауға б. Бұл еңбекте тілдік сананың құрылымы анықталып, гештальд теориясы түсіндіріледі.Профессор Ж.Манкеева «Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері» атты ғылыми мақаласында когнитивтік лингвистикадағы тілдің бейнелеуіштік қызметі айқындалады.А.Ислам өз мақаласындағы когнитивтік лингвистикағы «тілдік тұлға» мәселесін көтерсе, А.Әмірбекова көркем мәтінге концептуалдық талдау жасаудың үлгілерін ұсынады