Қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың пайда болуы
Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысанына, бағыттары мен ұғымдарына алғаш рет көңіл бөлген шетелдік ғалымдар болатын. Дж. Миллер когнитивтік лингвистиканы «ХХ ғасырдың 50 жылдарында дүниеге келген ақпараттар теориясының симпозиумы» деп бағалаған. 1960 жылы Гавгард университетінде американдық профессор Дж. Бруннер Дж. Миллермен берге когнитивтік зерттеу орталығын ашады.Аталған орталық когнитивтік лингвистика ғылымының негізін қалауға айтарлықтай үлес қосады. ХХ ғасырдың ортасында когнитивтік лингвистика қазіргі антропоөзектік парадигмадағы базалық ілім деңгейінде қарастырылады. Осы бағытта біршама зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Осының нәтижесінде Еуропада ХХ ғ. соңына қарай когнитивтік лингвистиканың теориялық бағыттары жетіліп, терең зерттеліп, қанатын кеңге жая түсті.Когнитивтік лингвистика ғылымының өзектілігі ресейлік ғалымдардың да назарынан тыс қалған емес. Орыс тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселелері Ю.А.Сорокин, Е.С.Яковлева, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия, А.Вежбицкая, А.П.Бабушкин, Э.Д.Папова, Ю.Н.Караулов, В.А.Маслова сияқты зерттеушілердің еңбектерінен көрініс табады.
Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру болып табылады. Ол сан ғасырлық тілдік білімді адам миының жемісі ретінде бағалап, күрделі құрылым, жүйе ретінде кешенді сипаттауға бағытталған. Г.Харман: «Тілдің танымдық ғылымдардың ішіндегі ең маңыздылығы – тілдің ойды жеткізудегі басты құралы болып табылуымен байланысты...