Қостанайды қалың қар басты
Кеше Қостанайда күн еріп, жаңбыр себелеп, соған сәйкес көктайғақ күтілді. Құзырлы орындардың араласуымен облыс орталығынан шығатын қалааралық жолдар жабылып, оқушылар сабақтан босатылған болатын. Қостанайда түнімен қалың қар жауды. Бұл көліктерге ғана емес, жаяу жүргіншілердің өзіне қиындық тудыруда. Тұрғындар коммуналдық қызмет өкілдерінің шабандығына наразы. 3 қараша күні хабарласқан тілшімізге Қостанай қалалық әкімдігінің бас инспекторы төтенше жағдайға байланысты 20 бірлік техника, 120 адам дайын тұрғанын, жағдай қиындаса оны еселеп көбейтуге мүмкіндігі бар екенін айтқан болатын. Әзірге қалың жауған қар жол қозғалысын қиындатып тұр.