Атқылаған Этна жанартауы жұрт назарын аудартпай қоймады

Италияда соңғы 2 жылдан бері Этна жанартауы атқылауда. Осының салдарынан Сицилия аралының әуе кеңістігі жабылып, әуежай жұмысы уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ Этнаға жақын орналасқан қалалар аспанға атылған күлдің астында қалды. Бірақ, ғаламтор желісін пайдаланушылар бұл жағдайға ешбір қынжылмайды. Керісінше, олар сейсмикалық белсенділік аймағындағы көріністі суретке түсіріп, онымен әлеуметтік желіде қуана-қуана бөлісті.