Тежеулік рентген сәулесі спектрінің қысқа толқындық шекарасы

Рентген сәулесін 1895 ж.неміс физигі В.К.Рентген ашқан.рентген сәулелері толқын ұзындығы 〖10〗^(-12)нм-ден 〖10〗^(-9)нм-ге дейінгі аралықта жататын электромагниттік сәулелер екендігін кейіннен жүргізілген зерртеулер анықтап берді.Егер катод пен анод арасына Uкернеу берілген болса,онда электрондар еU энергияға дейңн үдетіледі.Анодқа соғылған электрондар кенеттен тежеледі; осыдан олар электромагниттік толқындар көзіне айналады. Осылай электрондардың тежелуінен пайда болатын электромагниттік сәулелер тежеуіш рентген сәулелері д.а.Электрондардың жылдамдығы жеткілікті үлкен болған жағдайда тежеуіш рентген сәулелерінен басқа,сипаттауыш рентген сәулесі де қоздырылады.Осы жағдайда рентген сәулесі спектрінің құрамы күрделі ж/е ол электрондар энергиясына да,анод затына да тәуелді болатыны эксперименттік зерттеулерден белгілі.Рентген спектрі тұтас спектр үстіне сызықтық спектр қабаттаса түскен спектр болып табылады.Тұтас спектр қысқа толқындар жақтан тұтас спектр шекарасы деп аталатын қайсыбір λ_min шекарамен шектелген болады.(1,12-сурет).Тұтас рентген спектрінің сипаты анодты атқылайтын электрондар энергиясымен анықталады,ал анод затына тіпті тәуелді болмайды.