Song Hye Kyo / Соң Хе Кё
Кореяның халық сүйіктісі Сон Хе Кё біздің елімізде де жақсы танымал. Әсіресе «Ыстық ұя» сериалынан кейін бұл актрисаның суретін көрген - айнытпай танитын күйге түсті. Бұл бекер емес, өйткені осы актрисамен бізде 4 дораманың көрсетілімі болған.
Кәрстердің жыл санағы бойынша Сон Хе Кё 1981 жылы 22 қарашада дүниеге келген. Жалпы кәрістер көбіне екі туылған күнді тойлайды. Бірін ай жыл санағымен санаса, бірін ортақ жыл санағымен санайды. Сол себептен, бір жас қосып айта ма, сондай ерекшеліктері бар. Сонымен, жалпы жыл санақ бойынша оның туылған күнін 26 ақпан 1982 жыл.
Ең алғаш Сон Хе Кё телеарнаға 1996 жылы «Бақытты күн» дорамасында ойнап шығады. Және де сол жылы, мектеп оқушыларына арналған киімдердің көрсетілімін ұйымдастыратын компанияның ең үздік моделі деген гран-приді ұтып алады. Кейін бірнеше жарнамаларда, теле-шоуларда көрініп жүреді. Ең үлкен танымалдылыққа ол «Жүрегімде қалған күз» сериалынан кейін ие болды. Сонымен қатар, Кореяда ғана емес Азияның көптеген елдерінде көрсетілген «Нар тәуекел» («All In») дорамасындағы Мин Су Енның рөлі оның актрисалық өміріне үлкен жол ашты. Бұл сериалда ол танымал актер Lee Byeong Heon-мен ойнайды. Сериал барысында бұл жұп өмірде де кездесе бастайды, алайда қарым-қатынастары ұзаққа созылмайды.
Меніңше, Сон Хе Кёнің үздік рөлдерінің бірі ол «Ыстық ұя» («Full House») дорамасындағы Хан Чжи Юнның образы. Бұл сериалдағы да жұбы болған Rain Кореяда танымал әнші, актер, жалпы халық сүйіктісі.
Сон Хе Кё тек дорамаларда ғана емес, сонымен қатар кино-фильмдерге де көп түседі. Голливудтық туындылардан режиссер Джон Вудің «1949», және американдық индо-триллер жанрындағы «Фетиш» фильмінде ойнаған.
«Мир, в котором они живут» («The World That They Live In») дорамасынан кейін актер Hyun Bin-мен махаббат құрады. Алайда бұл жолы да жұптары жазылып, қарым-қатынастары 2 жылға ғана созылады.
Сон Хе Кё көптеген қоғамдық істерге белсене араласып тұрады, қоршаған ортаны қорғау және сақтау бағдарламаларымен Азиялық пандаларды қорғау бірлестігінің елшісі.
Сон Хе Гёның сұлулығына көптеген көрермендер күмәнмен қарайды екен. Тіпті пластикаға “дейін” және “кейін” деген сияқты салыстырма суреттер де жасаған. Алайда бір сайт Сон Хе Гёнің кішкентай кезіндегі суреттерін шығарып, оның табиғи сұлулығына күмән келтірмеулерін жазған екен.
2011 жылы Independent Critics атты Американдық кинопортал “Әлемнің танымал 100 сұлу”-ын анықтап, Сон Хе Гё 18-ші орынға ие болған екен. Ең алдыңғы орындарда Камилла Бель, Эмма Уотсон болса, Эмили Блант, Сиенна Миллер мен Монника Белуччи Хе Гёнің айналасынан орын алған.
бесінші суретте сәтсіз сурет кен, расында анау өз қолы болса қиын ғо
бесінші суретте сәтсіз сурет кен, расында анау өз қолы болса қиын ғо
Сенің де көрмейтінің жоқ екен. Сериал, фильмге түсерде арықтайды ғой )))