Атомдық спектрлерді заттың химиялық құрамын анықтау үшін қол

Сапалық спектрлік талдау негізіне химиялық элемент атомдары қоздырылған кезде осы элементке тән сызықтық спектр шығару қабілеті алынған.Сондықтан зат үлгісінің шығару спектрінде элементтің көрінген кезкелген спектрлік сызығы осы элементтің зат үлгісінде бар екендігінің дәлелі ретінде қабылдауға болады. Басқа талдау әдістерімен салыстырғанда спектрлік талдау ең қарапайым,тез әрі сезгіштігі жоғары әдіс болып табылады.Спектрлік талдау,әдетте,талданатын материалды жіктеуді қажет етпейді.Фотографиялық тіркеу әдісін қолданғанда бірнене мг болатын зат үлгісіндегі көптеген элементті бірден анықтауға болады.Сапалық талдауды жүргізу бірнеше іс-әрекеттен тұрады:1.талданатын зат үлгісі буға айналдырып ж/е спектрін қоздыру;2.Спектрді көзбен қарау н/е суретке түсіру.3.Спектрден тиісті элементтердің бұларға тән сызықтарын табу.Зерттелетін зат үлгісінде берілген элементтің бар екндігін анықтау үшін спектрден бір-екі тиісті сызықтың сенімді табылуы жеткілікті болады. Әрбір элемент спектрінде интенсивтілігі әртүрлі көп сызық болады.Ал сапалық талдау жүргізу үшін эленмент сызықтарының бәрін түгел анықтап шығу тиімсіз болар еді.Сондықтан берілген элементті сипаттайтын-сипаттауыш сыззықтары сайланып алынады.Әрбір элемент үшін «соңғы» сызықтар деп аталатын бірнеше ең сезгіш сызықтар тағайындалған;бұлар берілген элемент концентрациясын төмендеткенде спектрдегі сызықтар саны бірте-бірте азайып спектрден ең соңында жойылатын сызықтар.Әртүрлі элемент үшін «соңғы» сызықтар жойылатын концентарция да әр түрлң болады.Элементтердің көпшілігін бұлардың концентрациясы 0,01-0,001% болғанда, кейде <0,001 болғанда анықтауға болады. «Соңғы» сызықтардың,әдетте,қоздыру потенциалы жоғары болмайды.Көбінесе бұл сызықтар атомның төменгі негізгі деңгейге ауысуларына сәйкес келеді де резонанстық сызықтар болып табылады.талдау сенімділігін арттыру үшін әрбір элементті анықтау жалғыз сызық б/ша емес,көбіне оның бірнеше «соңғы» сызығы бойынша жүргізіледі.Барлық элементтер үшін бұлардың «соңғы» сызықтары жақсы белгілі.Бұлардың тізбесі спетрлік сызықтар кестелерінде,спектрлік сызықтар атластарында келтірілген.Спектрлік таладу тәсілі зат құрамына 0,01-0,001% ж/е бұдан да төмен мөлшерде енетін 80-нен астам химиялық элементті анықтауға мүмкіндік береді.Алайда элементтердің ең сезімтал сызықтары инфрақызыл аймақтан бастап вакуумдық ультракүлгін аймаққа дейңн озылып жатқан өте кең спектрлік алқапты аралықта орналасқан.Сондықтан бұлардың бәрін тіркеу үшін әртүрлі сәуле қабылдағыштар мен спетрлік аспаптарды қолдану қажет болады. «Соңғы» сызықтары көрінетін ж/е УК аймақтарға келетін қоздыру энергиясы онша үлкен емес элементтерді анықтау үшін спетрлік әдістер кеңінен қолданылады.Сапалық талдау үшін көбінесе спектр фотографиялық тіркеледі.Фотографиялық сапалы спектрлік талдау зерттелетін заттағы мөлшері 〖10〗^(-3)- 〖10〗^(-4)% көптеген металдар мен көптеген металл емес қоспалардың зат құрамында болуы жайында қорытынды жасауға мүмкіндік береді.Жұмыс талдауға алынған заттың спектрін суретке түсіру,фотопластинканы өңдеу,спектрдің мағынасын ашудан тұрады.Осы жағдайдағы фотопластинканың артықшылығы бір мезгілде спектрдің кеі аймағы тіркеледі ж/е пластинканы ұзақ мерзімге сақтауға болады.Бұл талдау нәтижелерін қайта тексеруге мүмкіндік береді.сапалық спектрлік талдау жүргізгенде спектрді талдау ж/е сызықтарды тез теңдестіру үшін спектрлік атластар пайдаланылады.Спектрлік сызықтар атласы-толқын ұзындықтар шкаласымен жабдықталған темір спектрінің үлкейтілген суреттері.