Атомдық спектрлер.Спектрлік сызықтардың толқын ұзындықтарын
Атомдық спектрлер-еркін н/е өзара бірімен-бірі әлсіз әсерлесетін атомдардың электрондық энергия деңгейлері арасында кванттық ауысулар кезінде пайда болатын шығару ж/е жұтылу спектрлері; а.с .-сызықтық,яғни жеке сызықтардан тұрады.Атомдар электромагниттік сәулені шығарған ж/е жұтқан жағдайда сәуле жұтқан н/е шығарған әрбір атомның ішкі энергиясы өзгереді.Атомның ішкі энергиясы оның ядросының энергиясы мен электрондарының энергиясынан құралады.Егер атомға сырттан әсер етілмесе, онда оның ядросы мен электрондары атомның ішкі энергиясы ең аз болатындай энергетикалық күйлерге жайғасады, яғни атом қозбаған болады.Бір элементтің барлық атомдарының ішкі энергиялары бірдей болады.Атомды оған сырттан қосымша энергия беру арқылы ғана қоздыруға болады.Ядроны қоздыру үшін 〖10〗^5 эВ шамасындағы үлкен энергия қажет,бұл γ-сәулесі кванттарына сәйкес келеді.Оптикалық ж/е рентген спектрлері алынатын жағдайларда атом ядроларының энергиясы өзгермейді де,атомдардың ішкі энергиясы тек электрондардың энергетикалық күйлеріне тәуелді болады.Ядромен берік байланысқан толған ішкі электрондық қабықтағы электронды қоздыру н/е жқлып шығару үшін едәуір жоғары мөлшерде энергия қажет.Ішкі электрондық қабықтар өзгеріске ұшырағанда атомдар рентген сәулесі кванттарын жұтып н/е шығаратын болады,бұлар элементтің рентгендік спектрін береді.Атомның сыртқы ж/е толмаған ішкі электрондық қабықтарының электрондары ядромен едәуір әлсіз байланысқан.Бұларды қоздыру үшін,тіпті жұлып шығару үшін бар болғаны бірнеше эВ энергия жеткілікті.Көрінетін,ультракүлгін,инфрақызыл сәуле фотондарының энергиясы осы шамалас болады және де осындай энергияны атомдар доғалық,ұшқындық разряд сияқты жарық көздерінде қабылдай алады.Спектрлік сызықтардың толқын ұзындықтарын анықтау дәл физикалық өлшеулерге жатады.Спектрлік сызықтардың толқын ұзындықтарын 〖10〗^(-4) нм-ге дейңнгң дәлдікпен есептеуге мүмкіндік беретін көптеген әртүрлі тәсілдер бар.1.Спектрлік прибордың дисперсиялық қисығы б/ша немесе прибордың толқын ұзындықтар шкаласын тікелей пайдаланып толқын ұзындықты шамалап анықтауға болады.Осы жағдайда компоратор көмегімен белгісіз сызықтардың ең жақын белгілі сызықтарға дейінгі қашықтықтары өлшенеді.Бұдан кейін дисперсиялық қисықты пайдаланып белгісіз толқын ұзындықтары анықталады.Анықтау нәтижелері жеткілікті дәлдікпен алынуы үшін спектрдің берілген аймағында белгілі салыстыру сызықтары көп болуы керек.Бұларды өлшеу нәтижелері б/ша дисперсиялық қисық үлкен масштабта тұрғызылады.Осы тәсілмен толқын ұзындығын 0,1– 0,05 нм дәлдікпен есептеуге болады.